Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » Қала тұрғындарына арналған кезекті қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды

Қала тұрғындарына арналған кезекті қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігі азаматтық қоғамды мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылауға тарту жөніндегі жұмысты күшейтті.

Осыған орай, Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша Департаментімен мемлекеттік органдардың ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және қоғам өкілдерімен бірлесіп, Шымкент қаласы бойынша филиалының Әл-Фараби ауданы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы бөлімінде, Нұрсәт ауданы, Бәйтереков 89 үй мекен-жайында қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды, деп хабарлайды агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаментіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.

Қоғамдық қабылдауды Департаменттің жанындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелері және Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы М.Әлиев, Мемлекеттік қызметті өткеру мәселелері бойынша Департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы А. Қансейіт, Департамент қызметкерлері жүргізді.

Іс-шара барысында қызмет алушылардың сұрағы тыңдалып, мәселелері Департамент құзіретінің шегінде бақылауға алынды.

Аталған іс-шара алдағы уақытта да арнайы бекітілген кестеге сәйкес әр апта Шымкент қаласының басқада аудандарында орналасқан халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүргізілетін болады.

Осыған сәйкес, арнайы бекітілген кесте алдын ала Департаменттің және Корпорацияның әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланатын болады. Қосымша сұрақтар бойынша 87252537459 телефонына хабарласуға болады.

 

 

 

Пікір жазу