Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Түркістан » САЛЫҚ-ҚАЗЫНА,ТӨЛЕУ-ПАРЫЗ

САЛЫҚ-ҚАЗЫНА,ТӨЛЕУ-ПАРЫЗ

Қала әкімдігінде Түркістан қаласының 2022 жылға арналған жергілікті бюджет түсімдерінің орындалуы және қосымша кіріс көздерін анықтау мақсатында мәжіліс өтті.
Қала әкімінің орынбасары Талғат Байжанұлы төрағалық жасаған мәжілісте, қалалық Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Шәкен Жаңбырбаев баяндама жасады.
Қазіргі таңда мемлекеттік кірістер басқармасының тарапынан қаламыздағы кірістер органдарына тіркелмей, кәсіпкерлікпен айналысып жатқан жеке тұлғаларды анықтау бойынша бірлескен жұмысшы топ рейдтік іс-шаралар мен жеке кәсіпкерлерге түсіндіру шаралары талқыланды.
Сонымен қатар, мақсатсыз пайдаланудағы жер телімдеріне , коммерциялық мақсаттағы нысандарға түгендеу жұмыстарын жүргізу келісілді.
Және салық берешектерін өндіру мақсатында сот орындаушылар палатасына жолданған салық берешектерін өндіруге қатысты салықтық бұйрықтардың орындалуына баса мән беру керектігі айтылды.
Жиын соңында Талғат Байжанұлы бұл бағыттағы жұмыстарды тиісті органдармен бірлесе отырып ширату қажеттігін жеткізді. Сонымен қатар,сала мамандарына жиын қорытындысымен тапсырмалар жүктеді.

Пікір жазу