Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Мемлекет Басшысы бекіткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қарсы саясат тұжырымдамасының маңыздылығы мен негізгі қағидаларын түсіндіру жұмыстары жалғасын табуда.
Аталған мақсатта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің мамандары Еңбекші ауданының тұрғындарымен кездесті.
Кездесуде Тұжырымдаманың негізгі бағыттары, ондағы қоғамның рөлі талқыланып, оны әзірлеу кезінде азаматтық қоғамның пікірі маңызды болғаны, сондықтан да жаңа стратегиялық құжаттың оң өзгерістерінің негізгі тапсырыс берушісі ретінде Қазақстан халқы айқындалғаны аталды.


Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болған кез-келген азамат 1424 Call-орталығына хабарласу қажеттігі айтылды. Тұрғындар назарына сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін тұлғалар үшін заңнамалық түрде біржолғы ақшалай сыйақылар белгіленгендігі жеткізілді.
Сонымен қатар, жиын барысында тұрғындардың сауалдарына жауаптар берілді.

 

© Didarbek.kz

Пікір жазу