Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ (страница 393)

Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ

КАРАНТИН ЖӘНЕ ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ҰЗАРТЫЛДЫ

Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Тулебаев Абдиманап Кошкарович, Қазақстан Республикасы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 7-1 бабы 1 тармағының 13 тармақшасының негізінде, 2020 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №37 БМСДҚ «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» (әрі қарай-№37 ҚР БМСДҚ) қаулысына, 2020 ...

Толығырақ »

ОРТАЛЫҚТЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің штаттан тыс кеңесшісі Айжани Нұрланова стационарлық типтегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, Шымкент қаласы әкімдігінің № 6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында болып, уақытша тұрушылардың өмір сүру жағдайларымен танысып және оларды оңалту бойынша ұсыныстар берді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады. Бұл мекеме 1,5 жастан 18 ...

Толығырақ »

БЕЙНЕРОЛИККЕ БАЙЛАНЫСТЫ БРИФИНГ ӨТТІ

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Қазнетте қызу талқыланып жатқан қысқа метражды бейнероликке байланысты брифинг өтті. Баспасөз мәжілісіне Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Алмасбек Мамытбеков, Шымкент қаласы Отбасы, балалар және жастар ісі жөніндегі басқармасының басшысы Жандос Қалтаев және «TALAS FILM» киностудиясының директоры, режиссер Серік Таласов қатысты. Қала әкімінің орынбасары А.Мамытбековтың айтуынша, қалалық Отбасы, балалар және жастар ісі жөніндегі басқармаға бейнероликтер жасау бойынша 8 млн. ...

Толығырақ »

ҚАЖЕТТІ ШАРАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРДЫ

Маусым айының 3 күні Арыс қаласының тұрғыны тонау жайты бойынша Арыс АПБ-не арызданады. Жәбірленушінің айтуынша, ол орталық базардағы дүкенін ашып, ішін тазалап жатқанында белгісіз азамат дүкен сыртында тұрған 7 дана әмияны мен 1 үлкен қол сөмкесін көзінше тонап кеткен. Аталған жайт Арыс АПБ-нің СДТТБТ-не ҚР ҚК-нің 191-бабы «Тонау» бабымен тіркеуге алынды. Қылмысты ашу үшін полиция бөлімінен жедел-тергеу тобы құрылып, оқиға ...

Толығырақ »

СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ

Облыс орталығындағы барлық басқарма қызметкерлері бір кісідей ат салысқан сенбілік — Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай ұйымдастырылған. Мемлекеттік қызметкерлер қала көшелерін күл-қоқыстан тазалап, ағаш түптерін әктеді. Демалыс аймақтарының айналасында  абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Игі шараға ұйытқы болған Түркістан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мен «Жасыл аймақ» мекемесі және Түркістан облысы бойынша Экология департаменті. Жыл сайын қоршаған ортаны ...

Толығырақ »

БІРНЕШЕ ҮЙ ШАТЫРСЫЗ ҚАЛДЫ

Түркістан облысы Арыс қаласында 5 маусым күні екпіні қатты жел болып, тұрғындарға қауіп төндірді. Секундына 20 метр жылдамдықпен соққан желдің салдарынан Байтоғай ауылындағы жалпы ауданы 653 шаршы метрді құрайтын 14 ғимарат шатырсыз қалды. Олардың қатарында жеке тұрғын үй мен кәсіпкерлік нысандары да бар. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті оқиғадан зардап шеккендер мен адам шығыны болмағанын ресми түрде мәлімдеді. Сала мамандары осыған ...

Толығырақ »

ЗАҢСЫЗ МИТИНГІЛЕРГЕ ҚАТЫСУШЫЛАР ҚАТАҢ ЖАЗАЛАНАДЫ

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласындағы COVID-19 инфекциясының 2020 жылдың 5 маусым күні болған эпидемиологиялық жағдайы бойынша брифинг өтті. Брифингке Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Әбдіманап Төлебаев және департамент басшысының орынбасары Ғалымжан Әбішев қатысты. Брифинг барысында бас санитарлық дәрігер Шымкентте індеттің таралуы азайып жатқан жоқ, ал жаппай шаралар қайтадан инфекцияға әкелуі мүмкін деп атап өтті. Оның ...

Толығырақ »

АБАЙЛАЙЫҚ, АРАНДАП ҚАЛМАЙЫҚ!

Әлеуметтік желілерде бүлік шығарып, бос шеруге митингке айдап салып, жан-жақтан жалған ақпараттар ұрандатылып жатқаны заңға қайшы орынсыз әрекеттер. Ел тыныштығына сына қаққысы келетіндердің қақпанына түсіп қалмаңыздар. Елімізде 6 маусымынан яғни ертеңнен бастап «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» жаңа Заң қолданысқа енгізіледі. Бір ескерерлігі, Денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылғы 4 маусымда үндеу таратып, онда карантин кезеңінде елде ...

Толығырақ »

ТІРКЕЛГЕН ОҚИҒАЛАР ӘЛІ ЖАЛҒАСУДА

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласындағы COVID-19 инфекциясының 2020 жылдың 5 маусым күні болған эпидемиологиялық жағдайы бойынша брифинг өтті. Брифингке Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Әбдіманап Төлебаев және департамент басшысының орынбасары Ғалымжан Әбішев қатысты. Департамент басшысының айтуынша, Шымкент қаласында 2020 жылдың 24 наурызы мен 4 маусымы аралығында 962 COVID-19 жағдайы тіркелген. Яғни, сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың ...

Толығырақ »

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ЖАҢАРТЫЛЫП, ЖАҢА АЯЛДАМАЛАР САЛЫНАДЫ

Шымкентте қоғамдық көлік жаңа автобустармен толығып, аялдамалар салынады. Бұл туралы БАҚ өкілдерімен өткізген баспасөз турында мәлім болды. Жуырда Шымкентте қоғамдық көлік сапасын жақсарту мақсатында жаңа жүйе қабылданды. Соның нәтижесінде көлік саласындағы түйткілді мәселелер рет-ретімен шешімін таппақ. – Төлем карталары тамыз айынан бастап, 500 теңгеден сауда орталықтары мен дүкендерде сатыла бастайды. Қаламызға жыл аяғына дейін 590 автобус әкелінеді деп жоспарланып отыр. ...

Толығырақ »

ТЕҢДЕСІ ЖОҚ МҰНАЙ ӨНІМДЕРІ ӨНДІРІЛЕДІ

Түркістан облысында Евро-5 стандартына сай отандық өнім, АИ-92 маркалы бензин, дизель жанармайы мен бензол, толуол, ксилол және үлгілі мазут өнімдері шығарылады. Бірегей жобаның ерекшелігі — бұл өнімдер көмірден өндіріледі. Әлемде теңдесі жоқ жобамен облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев арнайы танысып қайтты. Ордабасы ауданы, Бадам ауыл округіндегі «Стандарт Ресурсис» ЖШС көмір-химиялық комбинаты жылына 30 мың тоннаға дейін шикізат өндіруге қауқарлы. 1,5 млрд. ...

Толығырақ »

ГАЗДАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

Қазығұрт ауданында елді мекендерді табиғи газбен қамту жұмыстары қарқын алуда. «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының бекітілген жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 17 ақпанында облыс көлемінде табиғи газбен қамтылу бағытында атқарылып отырған жұмыстар бойынша мәжіліс өткізіліп, тиісті қаулы қабылданған болатын. Осы орайда Қазығұрт ауданының «Қақпақ» АГТС-не қарасты барлық елді мекендерді ҚР Энергетика министрлігімен бекітілген жол картаға сәйкес ...

Толығырақ »

«АБАЙ ӘЛЕМІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯ

  С. Пушкин атындағы Түркістан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен Ә. Науаи атындағы Өзбекстан Ұлттық кітапханасы бірлесіп Халықаралық конференция ұйымдастырды. «Абай әлемі» деп аталатын шараның өтуіне еліміздің Өзбекстан Республикасындағы Елшілігі және өңірлік Мәдениет басқармасы қолдау білдірді. Екі ел арасындағы достықты нығайтуға арналған бастама Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналды, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Ә.Дәулетбекқызының материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Ұлы ...

Толығырақ »

ЖОҒАЛҒАН БАЛАЛАР ТАБЫЛДЫ

Шардара АПБ-не жергілікті тұрғын өзінің кәмелетке толмаған баласы үйден шығып кетіп, қайта оралмағаны туралы хабарлайды. Үйінен ойнауға кеткен 11 жасар ұлын таппаған ана полицейлерден көмек сұрайды. Бұл жайтты полицейлер полиция бөлімінде тіркеп, жоғалып кеткен жасөспірімді іздеуге кірісті. Тәртіп сақшылары полиция аға лейтенанты Айдана Наханшақызы мен жедел уәкіл Бақберген Оңалбай барлық көшелер мен аулаларды мұқият қарап шығып, куәгерлер мен өтіп бара ...

Толығырақ »

СЕЛ ШАЙҒАН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бір топ депутаттармен бірге Төлеби ауданы, Леңгір қаласының тұрғындарымен кездесіп, жаңадан салынып жатқан баспаналарды бақылап қайтты. Мұнда көктемгі сел салдарынан апатты күйге түскен үйлер толық жаңадан салынып жатыр. Қираған 9 үй жаңа жерге көшіріледі. Қалғандары бұзылып, қайта тұрғызылуда. Өңір басшысы «Алатау» мөлтек ауданында бой көтерген осы үйлердің құрылыс жұмыстарымен танысты. «Жылдар бойы көктемде күпті көңілмен ...

Толығырақ »

МИТИНГІЛЕРГЕ ҚАТЫСУШЫЛАР ҚАТАҢ ЖАЗАЛАНАДЫ

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласындағы COVID-19 инфекциясының 2020 жылдың 5 маусым күні болған эпидемиологиялық жағдайы бойынша брифинг өтті. Брифингке Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Әбдіманап Төлебаев және департамент басшысының орынбасары Ғалымжан Әбішев қатысты. Департамент басшысының айтуынша, Шымкент қаласында 2020 жылдың 24 наурызы мен 4 маусымы аралығында 962 COVID-19 жағдайы тіркелген. Яғни, сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың ...

Толығырақ »

ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ ЖЕТКІЛІКТІ

Су басқан ауылдардың жаңа мекенінде 200-ге жуық үйдің іргетасы құйылып, 80-інің қабырғасы көтерілді. Екі үйдің сырты сыланып, шатыры жабылуда. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев халық қалаулылары мен Қоғамдық кеңес мүшелерімен бірге Мақтаарал ауданы, Мырзакент маңында бой көтеріп жатқан жаңа мөлтек аудандағы құрылыс жұмыстарымен танысты, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Айта кетейік, бүгінде мұнда 383 үйдің ...

Толығырақ »

ХАЛЫҚПЕН ТЫҒЫЗ ЖҰМЫС ЖАСАУҒА ТЫРЫСАМЫН

Бүгінде Кентау қаласындағы қазақ-неміс политехникалық колледжінің директоры, мемлекеттік қызмет саласында бірнеше жыл жемісті қызмет атқарған, қаламыздың дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген Кривенцов Виктор Александровичтің тілшілерге берген сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз. Виктор Александрович, интернационалды отбасында өмір сүріп келесіз, қайынатаңыз қазақ, енеңіз, күйеу балаңыз неміс ұлтынан. Бір емес бірнеше этностар ұйысып отырған жанұяның ерекше салт-дәстүрлеріңіз атап өтсеңіз? Қандай ұлттық мерекелеріңізді айтар едіңіз? – ...

Толығырақ »

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ

5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні. Осы ретте,«Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күні» жер шарының әрбір тұрғынын бей-жай қалдырмауы қажет. Табиғатты аялау, оны қорғау — әрбір адамзаттың парызы десек артық етпейді. Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан үлкен қолдау көрсетілетін бұл мерекенің мақсаты – қоршаған ортаның айтулы проблемаларына әлемдік қауымдастықтың назарын аудару және адамзат баласының қоршаған ортаға деген жанашырлық сезімін ояту ...

Толығырақ »

КЕҢСЕ ЖАҚЫН КҮНДЕРІ ЖҰМЫСЫН БАСТАЙДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жақын күндері жұмысын бастайтын «Бизнеске арналған Үкімет- Shymkent INVEST» кеңсесінің дайындық жұмысымен танысты, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі. Инвесторлар мен кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің бірыңғай орталығы жобасын әкімдік пен Кәсіпкерлер палатасы бірлесе жүзеге асырып отыр. Мұнда қала кәсіпкерлері мен инвесторларға «бір терезе» негізінде мемлекеттік қолдау және мемлекеттік қызмет көрсетілетін болады. Бұл жоба- кәсіпкерлерді қолдау мақсатында ...

Толығырақ »

КӘСІБІНЕН НӘСІП КӨРГЕН КӘСІПКЕР

Кентау қаласы Иассы ауылдық округінің тұрғыны Үміт Жүсіпбаев бірнеше кәсіптің түрін игеріп, бүгінде ісі өрге домалаған кәсіпкер. 8 жылдан бері жылыжай шаруашылығын қолға алып, онда көгөністің бір емес, бірнеше түрін егуде. Қияр, қызанақтың сапалы сорттарынан өнім алып, жан-жаққа тасмалдауда, деп жазады Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz  ақпараттық агенттігі. Сондай-ақ шаруа иесі өңірде сирек егілетін үш гектарға жылыжайға ...

Толығырақ »

АҒЫН СУ КЕДЕРГІСІЗ ЖЕТКІЗІЛУДЕ

Келес өзенінен бастау алатын – Шошым каналынан бүгінгі таңда Келес ауданы аумағындағы 1100 га егінді жер суғарылады. Аталған каналдың басы көрші Сарыағаш ауданында орналасып 15,5 шақырымы сол ауданның аумағыннан өтіп, Келес ауданы еншісіне 11,5 шақырымы өткен. Аталған каналдың жалпы ұзындығы – 27 шақырымды құрайды. Осы кезеңге дейін Шошым каналынан су алатын шаруалар ағын судың толық келмейтіндігін алға тартып, аудан әкіміне уәждерін ...

Толығырақ »

БІРНЕШЕ ӨНІМ ТҮРІН ӨНДІРЕДІ

Кентау қаласына қарасты Қарашық ауылдық округінде «Тұран» ШҚ халыққа қызмет жасайды. Меншік иесі Хабибулла Азимов. Аталмыш шаруақожалық 1984 жылы құрылған. Бүгінде кәсіпкер өнімнің бір емес, бірнеше түрін өндіреді, деп жазады Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Нысанның жалпы жер аумағы – 413 га. Шаруа қожалықтың негізгі кәсібі мақта өңдеу, сүт өнімдерін өндіру, мақта сорттарының тұқымын өсіру. Мақта шитін ...

Толығырақ »

АРНАЙЫ МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСЫ

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің жанынан құрылған Түлкібас аудандық Арнайы мониторингтік топ және ПБК мүшелері азық-түлік сапасына қоғамдық бақылау жүргізді. Қазақстан Республикасы еңбек және әлеуметті қорғау министрлігінің тапсырмасына сәйкес, 01.06.2020 жылдан бастап, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан Төтенше жағдай кезініндегі халықтың жекелеген санаттарына берілетін ең аз азық-түлік тұрмыстық жиынтығының құрамын таратуда. ...

Толығырақ »

ЕҢБЕК ДАУЫН ШЕШУДІҢ ЕҢ ТИІМДІ ӘДІСІ

Бүгінгі таңда еңбек адамы мен жұмыс берушінің арасында еңбек даулары туындаған кезде тікелей сотқа жүгінетініне көзіміз жетіп отыр. Алайда, жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы, ұжым ішінде туындайтын келіспеушіліктер: келіссөздер ықтималдылығы мен жалдау, жұмыскерлерді кадрлық тағайындау және жұмыстан шығару, жұмыс уақыты, шарттар мен олардың еңбегін төлеу секілді мәселер сотқа жеткізбей медиация тәртібі арқылы шешімін табуға болады. 2019 жылдың сәуір айында Шымкент қалалық ...

Толығырақ »