Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ЖӨНІНДЕ БРИФИНГ ӨТТІ

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ЖӨНІНДЕ БРИФИНГ ӨТТІ

Аудан аумағында 672 көпқабатты тұрғын үй, 2244 кіреберіс алаңдары және 400 ойын алаңдары бар. Оларды дезинфекциялау жұмыстары 14 сервистік кызмет көрсетуші мекемелер тарапынан атқарылуда. Бұл туралы Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов коронавирус пандемиясына қарсы атқарылып жатқан жұмыстар және сақтық шаралары жөнінде брифингте айтып өтті.

Брифингте белгілі болғандай, Шымкент қаласы Бас санитариялық дәрігері Ә.Төлебаевтың №20 Қаулысына сәйкес 4 ірі сауда орталықтары («Shymkent Plaza» СҮ, ЦУМ СҮ, «Mega Planet» СҮ, «Береке» СҮ) уақыт шектеу енгізу арқылы өз жұмыстарын қайта жандандырған. Одан бөлек, 16 сауда орталықтары мен 575 шағын кәсіпкерлік нысандар жұмыс істеп тұр.

Тағы айта кетерлігі, бүгінде жылу түсіргіш (тепловизор) құралдарымен 12 кәсіпкерлік нысан жабдықталған. Осы ретте Әл-Фараби ауданы бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Талғат Құттыбайұлы 11 мамырға дейін 25 кәсіпкерлік нысандарға санитарлық режимді бұзғаны үшін хаттама толтырылғанын айтып, одан кейін тек түсіндіру және ескерту жұмыстары жүргізілгенін жеткізді.

– Бүгінге дейін санитарлық нормаларды бұзып жатқан кәсіпкерлік нысандарға ескерту айтумен шектелдік. Ендігі кезекте хаттама толтырып, жаза қолданамыз. Қажет болса, жабуға көшеміз, – деді Т.Серманиязов.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу