Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » МАҚТААРАЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

МАҚТААРАЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Түркістан облысының Мақтаарал ауданына ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин және Өзбекстан Республикасы Жизақ облысы кәсіподақтар кеңесінің төрағасы Нусуратулла Пардаев барды. Делегация құрамына Федерацияның мүшелік ұйымдары басшылары — Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері республикалық салалық кәсіподағының төрайымы Айгүл Мұқашева, Қазақстандық мұнай-газ кешенінің салалық кәсіптік одағы төрағасы Сұлтан Қалиев, Химия, мұнай-химия және өндірістің тектес салалары қызметкерлерінің салалық кәсіподағы төрағасы Керім Пірімқұлұлы, Шымкент қалалық кәсіподақтар орталығы басшысы Берік Бекжанов және қоғам қайраткері Көпен Әмірбек кірді.

Мырзакент кентінде ҚРКФ мен ӨКФ көшбасшыларының жергілікті тұрғындармен және су апатынан зардап шеккен елді мекендердегі Аманжолов атындағы, Мүсірепов атындағы, Фердоуси атындағы, «Нұрлы жол» жалпы орта мектептерінің басшыларымен кездесті.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Мақтаарал ауданының тұрғындарына арнаған сөзінде Сардоба су қоймасында болған апаттың алғашқы күнінен бастап барлық Қазақстан халқы су тасқынынан зардап шеккен елді мекен тұрғындарына қол ұшын созып, көмек бергендерін жеткізді.

«Мақтаарал – ұлылардың табаны тиіп, рухы жайқалған киелі жер. Мақтаарал ауданының тұрғындары берекені көктен емес, қажырлы еңбектен тілеген тынымсыз еңбекқор жандар екенін біз жақсы білеміз. Қазақ халқы адам өмірінде алты апат кездеседі дейді (жұт, қуаңшылық, зілзала, індет, тасқын су – сел, өрт). Соның бірі – сіздер зардап шегіп отырған су тасқыны екен. Осындай кезенде дүйім жұрт болып, барша Қазақстан халқы қолындағы барымен бөлісіп, көмек көрсетіп жатқаны – жылу дәстүрі деп аталады екен.
Мұқтаж жанмен өз жылуымен бөлісу дәстүрі қазақ халқының қанында бар. Сондықтан да, біз осындамыз. Кәсіподақтар елмен бірге, тағдыр тоңдырған мақтааралдықтарға жылумен келдік. Осындай қажетті іс-шараларды жедел түрде қарастырып, жүзеге асырған Президент пен Үкіметке өз ризашылығымды білдіргім келеді. Өз кезегінде, әріптесіміз — Өзбекстан Кәсіподақтар федерациясымен ортақ келісім бойынша Мақтаарал ауданы елді мекендері тұрғындарын қолдау мақсатында бірлесіп 66 миллион теңгенің көмегін көрсету туралы шешім қабылдадық. Біз төрт орта білім беретін мектептерге интерактивті компьютерлік сыныптардың толық жабдығын тапсырамыз», — деді С.Дәулеталин.

Өз тілшімізден

Пікір жазу