СӘРЕСІ МЕН АУЫЗАШАРДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ Сәресіге тұрып, тамақ жеу – мұстахаб. Пайғамбарымыз (с.а.у.): “Сәресінде тамақ жеңдер, өйткені сәресі тамағында береке бар” деген. Сәресі ораза ұстауға күш береді. Дұғалар қабыл болатын уақыттардың бірі – сәресі уақыты. Сәресіге тұрған адам тілектерін айтып, дұға етіп, Алла Тағаладан күнәларының кешірілуін сұрауы керек. Оразасын ұстап, ауызашар уақытына жеткен адам үлкен бақытқа және қуанышқа кенеледі. Қиямет күні ...
Толығырақ »Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ
ОРАЗА КЕСТЕСІ: МЕГАПОЛИСТЕР
ОРАЗАНЫҢ МАҢЫЗЫ Исламның бес шартының үшіншісі – Рамазан айында ораза ұстау. Ораза ұстау, хижреттің екінші жылында парыз болды. Ораза – ниет етіп таң ағара бастағаннан кешке күн батқанша тамақ жемеу, ішпеу және ерлі-зайыптылардың жыныстық қатынаста болмауы дегенді білдіреді. Рамазан айы кей жылдары 29 күн, ал кейбір жылдары 30 күн болады. Рамазан айы 29 күн болған кезде де ораза толық болып есептеледі. ...
Толығырақ »ЖЕТІСАЙДА МАЛ БАСЫ КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ
Жетісай ауданы тек аграрлық өңір ғана емес. Мұнда мал басы саны да жыл санап артып келеді, деп жазады Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz . Айталық, бүгінде Жетісай ауданы бойынша ірі қара мал басы 60 мыңға жуықтаған. Былтыр бұл көрсеткіш 58424-ке жетсе, билы оның саны 59968 болып отыр. Яғни, өңірде ірі қара мал басы 1544 басқа көбейген. Оның ...
Толығырақ »БИЫЛ 200-ДЕН АСТАМ КӨШЕ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ
Биылғы жылы Жетісай ауданының ішкі көшелеріне жалпы құны 1 млрд 217 млн 869 мың теңге бағытталған. Бұл қаржыға 200 көшеге орта (асфальт) және ағымдағы (тас төсеу) жөндеуден өтетін болады, деп жазады Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz . Енді жөндеуден өтетін 200 көше жайында айтатын болсақ. Жетісай ауданында 113 елді мекен ,1 қала, 1 кент бар. Аудан бойынша ...
Толығырақ »ANTIKOR.LIVE: СЫЙЛЫҚТАРДЫ ҚАБЫЛДАУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАТЫНЫ ТУРАЛЫ
«ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаевтың, Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің қалалық департаменті басшысының орынбасары А.Шілмановтың қатысуымен онлайн брифинг өтті. Тікелей эфир барысында Талғар Серікбаев мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес сыйлықтарды қабылдау мемлекеттік қызметке кір келтіретін әрекет болып бағаланатындығын жеткізді. Мемлекеттік қызметші білмей келiп түскен, сондай-ақ ол тиiстi функцияларын атқаруына байланысты ...
Толығырақ »МӘ! МЫНАҒАН НЕ АЙТАЙЫН?..
Менің әріптесім Зәуре Мирзаходжаева күні кеше imho.com.kz ақпараттық порталына «Имамы қандай болса, жамағаты да сондай» («Каков поп, таков и приход») атты мақаласын жариялап, ол туралы Facebook-тағы өз парақшасында біраз көсіліпті. Бұған көңіл аудармай-ақ айналып өтіп кете салуға да болар еді, дегенмен әңгімені менің атымды атап тұрып бастаған соң, жауапсыз қалдыруға дәтім шыдамады. МЕН НЕ ДЕЙМІН, ЗӘУРЕ ДЕГЕН «ДОМБЫРАМ» НЕ ДЕЙДІ? ...
Толығырақ »ОБЛЫСТА ҚЫЛМЫС САНЫ ЕДӘУІР ТӨМЕНДЕДІ
Елімізде төтенше жағдай жарияланғалы бері Түркістан облысында қылмыс саны айтарлықтай төмендеген. Облыстық полиция департаментінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру және алдын алу іс-шараларының нәтижесінде ағымдағы жылдың 3 айында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жасалған қылмыстар саны 18,2 %-ға азайған, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz . Қоғамдық орындарда жасалған қылмыс саны 25,7 пайызға, көшелерде жасалған қылмыстар 26,2 пайызға ...
Толығырақ »ӘСКЕРИЛЕР ЖАСАҒЫНА ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ҚОСЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов пен Түркістан қаласы әкімі аппаратының басшысы ерікті сарбаздар қатарында сапқа тұрды. Төтенше жағдайға байланысты әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру жөніндегі Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Түркістан облысында аумақтық әскер жасақталды. Негізгі мақсат — халықтың қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау және қамтамасыз ету. Әскери жасақ қатарына ең үздіктер таңдалды. Олар бұрынғы десантшылар, мотоатқышлар, жауынгерлік және саяси дайықтық ...
Толығырақ »ЕГІН НАУҚАНЫ БІР СӘТКЕ ДЕ ТОҚТАҒАН ЖОҚ
Түркістан облысында еліміздегі төтенше жағдайға қарамастан егін егу науқаны бір сәтке де тоқтаған жоқ. Әсіресе оңтүстік аудан саналатын Жетісай ауданының диқандары бір жерге екінші дақыл егу ісіне кірісіп кетті, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz . Солардың бірі- Ш.Ділдәбеков ауыл округінде тұратын Рамазан Ходжанов өз иелігіндегі 5 гектар егістік жерінің 2 гектарына ақпан айында ерте пісетін ...
Толығырақ »ҰСТАЗДАР АЛЛЕЯСЫ ПАЙДА БОЛМАҚ
Түркістан облысы, Кентау қаласында ұстаздар аллеясы пайда болмақ, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Кентау қаласы күннен — күнге ажарланып, көркейіп келеді. Көктем шығысымен шағын шаһардың шырайы кіріп, көше бойларында көркі көз тартар бірнеше гүлзарлар орналастырылған. Орталық көше күрделі жөндеуден өтіп, ішкі орам жолдар да қалыпқа келтірілуде. Алдағы уақытта қала тағы бір нысанмен толықпақ. ...
Толығырақ »ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛАТЫНДАР ЖАҢА САНАТПЕН ТОЛЫҚТЫ
Коронавирус пандемиясына байланысты төтенше жағдай кезінде ҚР Үкіметі тарапынан халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтармен қамтамасыз ету үшін арнайы заң жобасы қабылданды. Аса мұқтаж азаматтар қатарына көп балалы отбасылар, жұмыссыздар, мүгедектер, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар кіреді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру ...
Толығырақ »РУХАНИЯТ: ИҚАН ҚАЛАШЫҒЫ
Түркістан қаласы, Иқан ауылының орталығында орналасқан. Х-ХҮ ғғ. қамтиды. Төбеге айналып кеткен Иқанның негізі қашан қаланғаны жөнінде нақты дерек жоқ. Хафиз Тыныш өзінің «Абдулланама» атты еңбегінде Бұхар ханы Абдулла 1582 ж. Ташкент билеушісі Баба сұлтанға қарсы жорық жасаған кезде Иқанға тоқтап өткенін жазады. ХҮІІІ ғ. өмір сүрген белгілі тарихшы П.И. Рычков «Орынбор губерниясының топографиясы» деген еңбегінде Иқанда 300-ге жуық үй ...
Толығырақ »САЙРАМ-ӨГЕМ
Сайрам-Өгем МҰТП-і Батыс Тянь-Шанның солтүстік — шығыс бөлігіндегі Өгем, Қаржантау, Қазығұрт және Боралдай тау жоталарында орналасқан. Парк Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 қаңтардағы №52 қаулысына сәйкес Түлкібас, Төлеби, Өгем орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелердің қосылу жолымен ұйымдастырылған. Парктің жалпы көлемі 149 037,1 гектар. Соның ішінде: — Өгем филиалында — 76 573 га; — Төлеби филиалында – ...
Толығырақ »МАҚТААРАЛДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ
Мақтаарал ауданы, Атакент кентіндегі N14 колледжінде бастау алған “Жаһандану әлеміндегі жастардың психологиялық денсаулығы” тақырыбындағы семинар-тренинг Мырзакент кентіндегі “С.Рахымов” атындағы жалпы орта мектебінде жалғасты. Облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен Мақтаарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі секторының, аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың алдын алу, жастарға психологиялық ...
Толығырақ »КЕЛЕС АУДАНЫНДА ӘСКЕРИЛЕР ЖАСАҒЫ ҚҰРЫЛДЫ
Төтенше жағдайға байланысты әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру жөніндегі Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Келес ауданында аумақтық әскер жасақталды. Негізгі мақсат — халықтың қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау және қамтамасыз ету. Әскери жасақ қатарына ең үздіктер таңдалды. Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев ел басына сындарлы күн туғанда арнайы жиынға шақырылған азаматтарға сәттілік тіледі. Бұл туралы Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ...
Толығырақ »КЕЛЕСТЕ 9 БАҚЫЛАУ БЕКЕТІ ЖҰМЫС ЖАСАУДА
Келес ауданынла 9 бақылау бекеті жұмыс жасауда, деп жазады Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz . Түркістан облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 50-ден асты. Азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау, халық арасында коронавирустық инфекцияның кеңінен таралуының алдын алу мақсатында, 2020 жылғы 18-ші сәуір күні түнгі сағат 24.00-ден бастап, облыс аумағында карантин режимі енгізілді. Бұл ретте Келес ауданының аумағынан жалпы ...
Толығырақ »ЖАҢБЫРЛАТЫП СУАРУ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Түркістан облысында жаңбырлатып суару жүйесі іске қосылды. Жаңа өндірістік кәсіпорын Ауыл шаруашылығы дақылдарын ирригациялық жүйелерді қолдана отырып өсіруге арналған, деп жазады Түркістан облысының АӨК сілтеме жасаған DIDARBEK.kz . Түркістан облысы үшін басым бағыттардың бірі – облыс орталығын толық көлемде және тиісті сапада азық-түлікпен қамтамасыз ету болып табылады. Осыған байланысты Түркістанды азық-түлікпен қамтамасыз етуге ықпал ететін бірқатар ірі жобаларды қамтитын қала ...
Толығырақ »ОРДАБАСЫДА САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ
Ордабасы ауданында сақтық шаралары күшейтілді, деп жазады Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz . Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Нышанов Нұрбек Садықбекұлы, «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығы, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-1 бабы 1-тармағының 13) тармақшасы, 148-бабы, 150-бабы негізінде, Түркістан ...
Толығырақ »ПОЛИЦЕЙЛЕР ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН САҚТАУҒА ШАҚЫРДЫ
Түркістан қаласының полицейлері азаматтарды бетперде тағып, төтенше жағдай режимі кезінде бекітілген барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz . Төтенше жағдайдың алдын алуға байланысты Түркістан облысының полицейлері қала тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың Жарлығына сәйкес елімізде ТЖ режимі ағымдағы жылдың сәуір ...
Толығырақ »ЖЕТІСАЙЛЫҚ ШАРУАЛАР МАҚТА ЕГУДІ БАСТАП КЕТТІ
Түркістан облысы Жетісай ауданы үшін көктем нағыз қарбалас шақ. Күн ысып жер қыза салысымен дихандар мақта және өзге дәнді дақылдарды егуді бастайды. Күн райы жылынғаны сол еді Шаблан Ділдәбеков ауылдық округінің дихандары ауданда алғаш болып мақта егуді бастады, деп жазады Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Ауыл диханы Аппазов Оңалхан өзінің иелігіндегі 4.5 га аумаққа жоғары ...
Толығырақ »КӘСІПКЕР ЖЕРЛЕСТЕРІНЕ 200 ҚАП ҰН ТАРАТТЫ
Түркістан облысы Жетісай ауданында жеке кәсіпкер жерлестеріне 200 қап ұн таратты, деп жазады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Жетісай ауданында «BizBirgemiz» акциясы аясында жеке кәсіпкер аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасыларға 200 қап ұн таратып берді. Жетісай ауданы Қазыбек би ауылдық округіне қарасты Ә. Оспанов ауылының тумасы карантин мезгілінде қиындыққа тап болған ...
Толығырақ »ЖОЛ – КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫНЫҢ СЕБЕПТЕРІ
Ағымдағы жылдың үш айында Түлкібас ауданныда орын алған жол-көлік оқиғаларына талдау жасар болсақ, жол қозғалысы қауіпсіздігін қадағалау мен сақтауда айтарлықтай олқылықтардың орын алып отырғанын көреміз. Өткен үш айда 22 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 3 адам қайтыс болды. 40 адам әртүрлі дене жарақаттарын алды. Республикалық маңызы бар күре жолда 15 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 2 адам қайтыс болса, 26 адам әртүрлі дене жарақаттарын ...
Толығырақ »ЖЕТІСАЙЛЫҚ ӘЖЕЛЕР ЕЛГЕ ҚОЛ ҰШЫН БЕРУДЕ
Түркістан облысы Жетісай ауданындық әжелер алқасы елде болып жатқан жағдайға өз үлестерін қосу мақсатында Жетісай ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 700 дана бетпердені тегін табыс етті. Бетперделердің барлығын аудандағы ауылдық округтердегі әжелер тіккен. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. «Біздің бұл әрекетімізді өзге жас аналар мен ару қыздарымыз қолдауы керек. Кесте ...
Толығырақ »ӨНЕР БАЙҚАУЛАРЫ ОНЛАЙН ТҮРДЕ ӨТУДЕ
«Наурыз, Наурыз – күн игі» көркемсөз оқу бейне-байқауына Түркістан облысы мен Шымкент қаласынан 70-ке жуық үміткер қатысты. Қатысушылар шығармаларын әлеуметтік желіге жүктеп, ақтық мәреге жолдама алған.Жастар жарысы жинаған лүпіл санымен қорытындыланды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Барлық байқаулар Turkistan_jastary парақшасына жарияланады. Сайыста Байдібек ауданы мен Түркістан қаласының жастары топ жарды. Жүлделі орындарды ...
Толығырақ »ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ӨТКЕН «ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ
Онлайн режимде, тікелей эфир арқылы жалғасқан «Жолда қабылдау» акциясы өтті, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Басталғанына тура 1 жыл болған «Жолда қабылдау» республикалық акциясы бұл жолы ерекше форматта өткізілуде. Елімізде енгізілген төтенше жағдайға байланысты азаматтарды қабылдау онлайн режимде яғни, Түркістан облысы Полиция департаментінің ресми «Фейсбук» парақшасы арқылы тікелей эфирде ұйымдастырылуда. Осы бойынша алдын ала тұрғындарға әлеуметтік ...
Толығырақ »