Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ТАҒЫ ДА БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАНДЫ

ТАҒЫ ДА БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАНДЫ

Дәл қазіргі сәт — баршамыздың бірлігіміз сыналатын кезең. Әлем бойынша ауыр індетпен ел болып бірге күресіп келеміз. Елімізде жарияланған төтенше жағдай режиміне байланысты барлығымыз үйден шықпауға тиіспіз. Көрінбейтін вирусты көрінбей ғана жеңе алатынымызды түсіндік.
Барлығымыз ауылда туып, шаңына аунап өстік. Бүгінде #Үйдебол челленджі аясында туған жерге деген патриоттық сезімді ояту мен өңіріміздің табиғатын насихаттау мақсатында Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы тарапынан #Ауылым_алтын_тұғырым атты байқау ұйымдастырылып отыр.
Байқауға облысымыздың кез-келген азаматы қатыса алады. Ол үшін өз ауылының әсем табиғаты мен тамаша көрінісін суретке немесе видеоға түсіріп, ауылы туралы суреттеме жазба жазуы тиіс. Жазбаның мазмұнында ауыл табиғаты, тіршілігі мен өмірін суреттеуге басымдық болуы керек. Материал әлеуметтік желіде (фейсбук, инстаграм) #Ауылым_алтын_тұғырым#Түркістаноблысы_Қоғамдық_даму_басқармасы#Biz_birgemiz
хэштегтерімен жариялануы тиіс.
Қазылар алқасы арнайы мамандар мен әлеуметтік желі белсенділерінен құралады.
Байқау мерзімі: Ағымдағы жылдың 24 сәуір – 14 мамыр аралығы.

© Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасы

Пікір жазу