Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Құқық » АСА ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН АТҚАРУДА

АСА ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН АТҚАРУДА

Полиция қызметкері болу кез-келген адамның қолына келе бермейтін іс. Ұқыптылықпен, сабырлықты, аса үлкен жауапкершілікті талап ететін маман иесінің кез келген кезде өміріне қауіп төнуі мүмкін. Аса ауыр қылмыскерлерді құрықтау, қоғам тыныштығын сақтау әрине қиын. Бұл істе батылдығымен бірге, білімі мен біліктілігі де жоғары болуы қажет.
Отырар ауданының тұрғыны Нұрсұлтан Төреханов полиция болуды жастайынан армандаған. Бүгінде шен тағып, қызметке кіріскен ол, әрбір жұмысты үлкен жауапкершілікпен атқарып жүр. Еңбек жолын Алматы қаласындағы күзет агенттіктерінің бірінен бастаған жас маман, 2017 жылы туған жері Отырар ауданына оралады. Аудандық полиция бөлімінің айдауылдау бөлімшесінің полицейі болып қызметке орналасады. Бүгінде аға сержантқа қызмет бабында ешқандай босаңсуға болмайды. Себебі, әрбір сәт қырағылық танытып, сақ болуды талап етеді.
— Сот шешімі шыққан қылмыскерлерді түзету мекемелеріне жеткіземіз. Жол бойына көз алмай, қарап отырамыз. Себебі біз оларға жауаптымыз. Соттың шешіміне дейін де күдікті немесе қылмыскер адамды тасымалдаймыз. Әрі сотта да күзетеміз. Сондай-ақ сот үкімі шықпағандарды уақытша ұстау изоляторларына жеткіземіз. Изолятордан сотқа, прокуратураға, түзеу мекемелеріне, экспертизаға тасымалдаймыз – дейді аға сержант.
Нұрсұлтан Мұратханұлы 1994 жылы Отырар ауданында дүниеге келген. Аудандағы орта мектепті бітірген соң, Шымкентегі жоғары білім алады. Бос уақытында спортпен шығылдануды жанына серік еткен жас маман, қолы босағанда спорт залға асығады.
Аға Сержанттың арманы асқақ. Ойына көбіне «бірінші жар таңдауда, екінші мамандық таңдауда қателеспеу керек» деген халық даналығын жиі алады.
— Мамандық таңдаудан қателеспедім. Енді жар таңдаудан шатаспауым қажет. Болашақ қалыңдығым менің қызметімді дұрыс түсініп, қолдау білдіріп отыруы керек. Себебі менің жұмысым уақыт талғамайды –дейді ол.
Осылайша Нұрсұлтан Төреханов айдауыл қызметін аса жоғары жауапкершілікпен атқарып жүр.


©Қайрат ЗАЙНИШЕВ

Пікір жазу