Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » КӘСІПКЕР 75 ОТБАСЫҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ

КӘСІПКЕР 75 ОТБАСЫҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ

Түркістан облысы төлебилік кәсіпкер 75 отбасыға қайырымдылық жасады, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz .

Түркістан облысы Төлеби ауданында түрлі деңгейдегі қайырымдылық шаралары жиі ұйымдастырылып, аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасыларға көмек беріліп келеді. Соның жалғасы ретінде «Біз біргеміз» акциясы аясында жергілікті кәсіпкер Нуров Амангелді басшылық жасайтын «Бейбарс и К» ЖШС және Қуаныш Ешенқұл қоры 75 отбасыға 20 мың теңгеден қаржылай көмек беріп отыр.

Осындай шақта ауылдастарға қолдау көрсету — азаматтық парыз екендігін жеткізді кәсіпкерлер. Әлеуметтік көмекке ие болған отбасылар да қиын-қыстау кезеңде қол ұшын созған демеушілерге ізгі тілектерін айтып, алғыстарын білдірді.

Түркістан облысында жалпыхалықтық сипат алған «Біз біргеміз» жобасы өңірде дәстүрге айналып та үлгерді. Бүгінгі күнге дейін, еліміздегі төтенше жағдайға байланысты аз қамтамасыз етілген отбасыларға тек қана медициналық маска мен антисептикалық құралдармен қатар, азық-түлік қаржылай көмектер жеткізіліп, қолдау көрсетілуде.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу