Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ОБЛЫС ӘКІМІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

На изображении может находиться: 2 человека, в том числе Дамир Даулетұлы, люди стоят и в помещении

Күні кеше Қазақ КСР-нің Халық ақыны, Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлығының тұңғыш лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, Отырар ауданының Құрметті азаматы Әселхан Қалыбекова 70 жасқа толды.
Осы орайда, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің құттықтауын Қоғамдық даму басқармасының басшысы Дамир Жүнісов жеткізіп, ақын шаңырағына арнайы барып қайтты.
Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты ақын 70 жылдық мерейтойын тек өз отбасы мен жақындарының жанында өткізді.
«Қазақ руханиятының қос қанаты болып саналатын айтыс пен поэзияны қатар алып, әдебиетке қосқан үлесіңіз ұшан-теңіз. Сіздің қазақ әдебиетіндегі теңдессіз туындыларыңыз әлі де бірнеше буынның жастана оқитын жырларына айналарына сенімім мол!» делінген облыс әкімінің құттықтау хатында.
Ел анасы атанған ақын облыс басшысына рахметін жеткізіп, індет кезінде сақтық шараларын сақтау өте орынды шешім екенін айтты.

Нет описания фото.
Қазақ айтыскер ақындарының абыз анасына айналған Әселхан Әлішерқызы поэзияда да өзінің орнын айшықтап, оқырманын қалыптастырған қаламгер. Оның әр жылдары жарық көрген «Отырар аспаны», «Басыңды тікпей бақ қайда», «Сырттан кеткен тырналар» атты жыр жинақтары қалың көпшіліктің жастана оқитын сүйікті кітаптарына айналды.

Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасы

Пікір жазу