Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АТАКЕНТТІК ЕРІКТІ ЖАСТАР ТҮСКІ АС ТАРАТТЫ

АТАКЕНТТІК ЕРІКТІ ЖАСТАР ТҮСКІ АС ТАРАТТЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес әлем халықтарының үрейін туғызып отырған covid19 індетіне қарсы күрес жұмыстары жер-жерлерде қатаң қолға алынған.
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында бүгінде 8 блок-бекет тұрақты түрде жұмыс істеуде. Онда жолаушыларды әлемде орын алған қауіпті дерттен сақтандыру, алдын алу мақсатында тексеріп, жұмыс жасап жатқан ішкі істер органдары мен денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен Атакент кентінің еріктілері түскі ас ұйымдастырып, таратты.


Ел басына түскен сын сағатында бір кісідей ауызбіршілікте әрекет етіп, жұмыс жасап жатқан ақ халатты абзал жандар мен ішкі істер саласының мамандарына барынша жағдай жасалып, ауданға шеттен келген әрбір азаматқа індетке қарсы күрес, алдын алу жолдары мен қауіпсіздік ережелері жайлы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
«Бүгінде ауданда індеттің алдын алу, қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында барлық блок-посттар мен кедендік бекеттерде қатаң тәртіптік режим орнатылған. Әрбір азаматтың толық мәліметі алынып, тіркелуде. Елімізде карантиндік тәртіп енгізілгелі тәртіпке бағынбай заң бұзғандар жоқ» дейді аудан басшылығы.


Елдегі қауіпсіздік шараларының күшейтіліп, короновирусқа қарсы күресте көпшілікке үлгі боларлық бұл бастамада тек ауданның ерікті жастары ғана емес түрлі деңгейдегі кәсіпкерлер де атсалысуда. Біреулері бетперделерді тігіп, арзан бағада халыққа жеткізіп отырса, енді бірі блок-посттағы қызметкерлердің жаңбыр мен желден қорғанулары үшін арнайы палаткаларын, ас-суларын жеткізіп беруде.
Елдің елдігі мен бірлігі сынға түсетін жауапты сәтте жауапкершілік жүктелген дәрігерлер мен полиция қызметкерлеріне қолдау көрсеткен жастардың ісіне блок-пост қызметкерлері өз алғыстарын білдірді.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу