Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ (страница 531)

Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ

БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МАҚАЛАНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ

Оңтүстік Қазақстан облысында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жүзеге асырылуы барысын талқылау мақсатында кеңейтілген мәжіліс өтті. Мәжіліске Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті ректорының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Дихан Қамзабекұлы, алаштанушы, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті «Отырар» кітапханасы ғылыми-зерттеу орталығының директоры, ф.ғ.д. профессор Тұрсын Жұртбай, ф.ғ.д. профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Амантай Шәріп, Алаш арысы Қошке Кемеңгерұлының ұрпағы Ризабек Кемеңгер, ақын, ...

Толығырақ »

ТӨРТ МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ТАБЫС ЕТТІ

Шымкент қаласында өткен «Денсаулық – 2017» фестивальі аясында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Германияның Гамбург қаласында өткен Әлем чемпионатының алтын жүлдегері Қайрат Ералиев пен қола медаль иегері Жомарт Ержанды жеңістерімен құттықтап, сый-құрмет көрсетті. Неміс жерінде өткен дүбірлі додада еліміздің қоржынына жалғыз алтынды алып беріп, көк туымызды көкке желбіреткен әлем чемпионы Қайрат Ералиевке облыс әкімі 4 миллион теңгенің сертификатын табыс етті. ...

Толығырақ »

«ЖАЙДАРМАН» ОЙЫНЫ ӨТТІ

Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевтың жүлдесіне арналған дәстүрлі республикалық «Жайдарман» ойыны өтті. Ондағы мақсат – Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жастар арасында кеңінен насихаттап, таланатты жастарға қолдау білдіру. Әдемі әзіл мен тапқырлықтың тың үлгісін көрсеткен ойынға Алматы, Талдықорған, Қызылорда, Арқалық қалалары мен Оңтүстік Қазақстан облысының үздік командалары қатысты. Көрмендерді күлкіге көміп, қазылар ...

Толығырақ »

ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕР БАЙҚАУЫ

«Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында облыстық күрд этномәдени бірлестігі жанындағы жастар қанатының ұйымдастыруымен «Жырым сенсің, туған жер» атты ән фестивалі өтті. Игі шараны ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары М.Қалмұратов ашып, елдегі берекелі бірлікті сақтап, нығайтудың маңызына тоқталды. Жас ұрпақтың санасына патриоттық сезімді, бірлікті, тәуелсіздігіміздің қадір-қасиетін өнер тілімен жеткізу мақсатында ұйымдастырылған шарада жас әншілер қазақ тілінде және өз ана тілдерінде ән ...

Толығырақ »

ЖАҢА ЦЕХ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

«Химфарм» АҚ-да қатты пероральды дәрі шығаратын жаңа цех іске қосылды. Жылына 200 миллион таблетка шығаруға қауқарлы жаңа цехтың жобасы Polpharma (польфарма)  тобы мамандарының қолдауымен жүзеге асырылып отыр. SANTO зауытының 135 жылдығы аясында іске қосылған цехтың ашылу салтанатына Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, ҚР ИДМ Инвестициялар комитетінің төрағасы болып Сапарбек Тұяқбаев, Польша мемлекетінің Экономикалық даму вице-министрі Тадеуш Костинский, ҚР Денсаулық ...

Толығырақ »

ИНВЕСТОРЛАРДЫ ТАРТУ БОЙЫНША

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың төрағалығымен өңірдегі инвестициялық жағдайды жақсарту мен инвесторларды тарту бойынша аймақтық кеңестің отырысы өтті. Облысқа инвестиция тарту және бүгінгі жағдайды талқылау мақсатында ұйымдастырылған басқосуға аймақтық кеңестің мүшелері, жұмыс істеп тұрған және әлеуетті инвесторлар мен өңірдің ірі кәсіпкерлері қатысты. Өңірге инвестиция жұмылдыру бойынша жыл басынан бері шетелдік инвесторлармен 40-тан аса іскерлік кездесу ұйымдастырылғанын айтқан аймақ басшысы жыл ...

Толығырақ »

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ДӘРІПТЕЛДІ

Елімізде қыркүйек айының екінші жексенбісі — Отбасы күні болып белгіленген. Мереке қарсаңында «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен отбасы құндылықтарын насихаттауға арналған фестиваль өтті. Мерекелік шараға өңіріміздегі этномәдени бірлестіктердің атынан 11 жас отбасы қатысып, қазақ халқының отбасылық дәстүрлерін қаншалықты меңгергенін жұртшылыққа көрсетті. Алғашқы айналымда әр жұп «ашамайға мінгізу», «тұсау кесу», «бесікке салу», «қыз ұзату», «келін түсіру» секілді халқымыздың ...

Толығырақ »

ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАУДЫ БАСТАДЫ

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы 2017 жылғы 7 қыркүйекте тегін медициналық кепілдердірілген көмектің берілетін көлемі тізбесі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорын қалыптастырудың басталғанын жариялады. Өтінімдерді қабылдау 7 қыркүйектен басталып, 13- қыркүйек күні сағат 18.00-ге дейін жалғасады. Дерекқорға қосу үшін өтінім, өтінімге қосымша денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерін ...

Толығырақ »

ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру жұмысы қарқынды түрде жүргізілуде. Осы мақсатта облыс әкімі Ж.Түймебаевтың тапсырмасымен жыл басынан бері ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары мен кооперативтердің артықшылықтары туралы облыстың барлық аудан-қалаларында мамандандырылған көшпелі семинар-кеңестер ұйымдастырылып келеді. Дәл осындай кезекті семинар Шымкент қаласында ұйымдастырылды. Бұл жолғы шара өңірдегі сүт кластерін дамытуға арналып отыр. Жиынға облысымыздың барлық аудандарынан ауыл шаруашылығы ...

Толығырақ »

КӨШ БАСТАП ТҰР

Елбасымыз Қазақстан халқына арналған Жолдауында мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту мәселесіне көңіл аудару қажеттілігін атап өткен болатын. Осыған орай Оңтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік-жекешелік әріптестігі аясында жалпы құны 9,3 млрд теіңгені құрайтын 13 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бүгін бұл туралы өңіріміздегі меллекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынып жатқан нысандарға ұйымдастырылған пресс тур барысында облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқарамасының басшысы Арман Сәбитов мәлім етті. ...

Толығырақ »

ӘК ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ САЛМАҚ

Түлкібас ауданында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев әрбір ауылға инвестиция тарту, кәсіпкерлік саласын дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Осы мақсатта аудан әкімі Н.Тұрашбеков Қытай елінен келген кәсіпкер Лоджы Дунг пен оның бизнестегі серіктесі Яци Мин мырзамен кездесті. Кездесу барысында әктас өндіруде тәжірибесі мол кәсіпорын Түлкібас ауданынан әлемдік стандартқа сай әк зауытын салуға ниетті екенін айтып, жобаға 10 млн АҚШ ...

Толығырақ »

МАҚТА ТЕРІМІ БАСТАЛДЫ

Еліміздегі ақ мақтаны өсіретін жалғыз өңір болып табылатын Оңтүстік Қазақстан облысында мақта терімі басталды. Қазіргі таңда ақ алтынды жинауды Мақтарал ауданындағы Атамакен, Ш.Ділдәбеков, Мақталы, Қызылқұм, Жамбыл және Қарақой ауылдарындағы ұсақ шаруа қожалықтары бастап кетті. Биыл облыста 134,6 мың гектар жерге мақта шиті себілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 25 мың гектарға артық. 2016 жылы шаруалар әр гектарына орташа есеппен 26,2 центнерден ...

Толығырақ »

ОҚО-НЫҢ ТАУЛЫ АЙМАҚТАРЫНДА

Оңтүстік Қазақстан облысындағы биік таулы аймақтарында 40 мұздақ көл анықталып отыр. Ал олардың еруінен құралатын Өгем өзенін үш ауданда тұратын 700 мың тұрғынды ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда. Осы ретте Өгем трансшекаралық өзенге жататындықтан Өзбекстанмен алдын ала келіссөздер жүргізіліп, суды бірігіп пайдалануға қол жеткізілген болатын. Ендігі мәселе –  ауыз су тартуға бағытталған жобаны іске асыруды ғылыми тұрғыдан дұрыс жоспарлау керек. ...

Толығырақ »

ЕЛІМІЗДЕГІ ҮЗДІК ОНДЫҚҚА ЕНДІ

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданындағы Жамбыл Қаппаров атындағы №5 мамандандырылған физика-математикалық мектеп интернаты өткен оқу жылының қорытындысы бойынша еліміздегі үздік 10 мектептің қатарына енді. Себебі, аталған білім ұясын бітіріп шыққан түлектердің 98 пайызы Ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары нәтижеге қол жеткізіп, мемлекеттік грант иелері атанып отыр. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып отырған 10 жыл ішінде озат мектептер ондығына ену — бұл білім ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА ЕКІ БІЛІМ ҰЯСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Түркістан қаласының орталығындағы «Сауран» ықшам ауданында 1933 жылы салынған бүгінде Н.Төреқұлов атымен аталатын мектеп жанынан типтік үлгідегі 200 орындық жаңа ғимарат пайдалануға берілді. Осы игілікті шараға қатысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев мектеп ұжымы мен барша оқушыларға сәттілік тілеп, жаңа оқу ғимаратынан заман талабына сай саналы ұрпақтың тәрбиеленуіне тілектестігін жеткізді. 2016 жылы құрылысы басталған оқу ғимаратында 10 сынып бөлмесі, асхана, спорт залы ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДЫҚ 480 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Түркістан қаласында «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында салынған 5 қабатты 8 үй ел игілігіне тапсырылды. Бұл күні баспана кезегінде тұрған әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасылар мен мүгедектер және жалғыз басты аналар сынды 480 отбасы баспаналы болды. Жаңадан бой көтерген «Отырар» шағын ауданындағы қоныс тойға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, тұрғындарға пәтер кілтін табыс етті. «Елбасының тапсырмасымен бүгінде еліміздің әрбір ...

Толығырақ »

ОҢТҮСТІК ТҰРҒЫНДАРЫН ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсеке қабілеттілік» атты Жолдауында еңбек нарығын жаңғыртуды өз еркімен жүзеге асыруды айтып, еңбек күші мол аймақтан жұмыс қолының тапшылығы сезілетін өңірге қоныстандырып еңбек нарығының тепе- теңдігін сақтауды міндеттеді. Бұл ретте ОҚО әкімдігі тарапынан өңірдің халқы тығыз орналасқан аудан, қалаларынан Ақмола облысына қоныс аудару жөнінде ынтымақтастық туралы меморондумға қол қойылған. Осы ретте Ақмола облысы, Көкшетау ...

Толығырақ »

30 ШАҒЫН СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың төрағалығымен облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясы отырысының кезекті мәжілісі өтті. Жиынға комиссия мүшелері, аудан, қала әкімдері мен жауапты баскарма басшылары қатысты. Күн тәртібінде су тасқыны қауіпін алдын алу және жою бойынша 2017-2020 жылдарға арналған «Жол картасы» жобасына енгізілген 1-кезеңдік іс-шаралардың жүзеге асыру барысы талқыланды. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқарма басшысының міндетін уақытша ...

Толығырақ »

КҮЗГІ-ҚЫСҚЫ МАУСЫМДАРҒА 100 ПАЙЫЗ ДАЙЫН

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданындағы білім ұяларының материалдық-техникалық базасы жылдан-жылға жақсарып келеді. Биыл облыстық бюджет есебінен Алғабас, Бірінші Мамыр, Әл-Фараби жалпы орта мектептерінде оқу блогы, асхана, еңбек шеберханасы, спорт, акт зал, кітапхана құрылыстарына қаржы бөлінген. Сондай-ақ жаңа оқу жылында алғабас орта мектебінің құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілді. Алдағы жылы ауданда Бірінші мамыр, Әл-Фараби жалпы орта мектептерінің құрылысын аяқтап, пайдалануға тапсыру ...

Толығырақ »

Нұрболат – «нұрлы жердің» директоры!

2016 жылдың 6-қыркүйегінен бері Оңтүстік Қазақстан облыстық Мәдениет басқармасының басшысы болып қызмет атқарып келген Нұрболат Ахметжанов «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Қорық-музейдің баспасөз қызметі мәлім еткендей, Нұрболат Қадырұлы Ахметжанов конкурстық рәсімдер аяқталғанға дейінгі мерзімге Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК директорының міндетін атқарушы қызметіне 2017 жылғы ...

Толығырақ »

ТАҒЫ ТАЗАЛЫҚ ТУРАЛЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен аудан, қала әкімдерімен және облыстық басқармалар басшыларының қатысуымен селекторлық мәжіліс өтті. Күн тәртібінде «Облыс аумағындағы елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық шаралары» туралы мәселе қаралды. Бұл ретте облыс әкімінің көршілес облыстар мен шетелдің оң тәжірибесін қолданысқа енгізу жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы сөз болды. Десек те, көшені тазалау, бей берекет күл-қоқыстарды жою және ...

Толығырақ »

ТИПТІ ҮЛГІДЕГІ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен аудан, қала әкімдерімен және облыстық басқармалар басшыларының қатысуымен селекторлық мәжіліс өтті. Күн тәртібінде «Облыста энергоүнемдеу және энерготиімділікті арттыру жұмыстарының барысы» туралы мәселе қаралды. Күн тәртібіндегі мәселеге көшпес бұрын өңір басшысы барша аудан, қала әкімдері мен басқарма басшыларына бүгінгі алтыншы шақырылған Парламенттің үшінші сессиясында сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баяндамасымен танысып, қойылған міндеттер бойынша нақты ...

Толығырақ »

БІРҚАТАР ЖОБАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРМАҚ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев халықаралық «Industry and Engineering Corporation» компаниясының Басқарушы директоры Н.Роузенгари мырзамен кездесті. Соның нәтижесінде халықаралық компаниясы мен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі арасында өңірде инфрақұрылым, жол және денсаулық сақтау сынды бірқатар инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін меморандумға қол қойылды. Алдағы уақытта құжаттар рәсімделіп, халықаралық компанияға бірлесе жүзеге асыратын бірқатар ірі жобалар ұсынылатын болады. Кездесу барысында ...

Толығырақ »

ЭКСПО – 2017: Жүлдегерлерді марапаттау

«ЭКСПО – 2017» Халықаралық көрмесіне кірген бойда алғашқы танысу нысаны Қазақстанның «Нұр әлем» павильоны болды. Ондағы озық технологиялар мен заманауи құрылғылар келушілерді таң тамаша етті. Мұнан кейін, автокеруен мүшелері Оңтүстік Қазақстан облысының Астана қаласындағы күндері аясында «Этноауылда» ұйымдастырылған шаралар мен «Қазанат» атшабарында ұлттық ат спорты түрлерінен ұйымдастырылған жарысты тамашалады. Атшабарға жиналған қауым аударыспақ, қыз қуу, жамбы ату, теңге ілу, құсбегілік ...

Толығырақ »

ЭКСПО – 2017: Астанаға жетті

«Астана ЭКСПО – 2017» Халықаралық көрмесі мен Елбасының «Туған жер – құтты мекенім!» жобасы аясындағы «Ұлы дала автокеруені» Отырар ауданына да аялдады. Еліміздегі киелі жерлерінің бірі Арыстан баб кесенесі – Алаш жұртының зиярат ететін қасиетті мекені. Сондықтан, Киелі мекендегі Арыстан баб кесенесіне арнайы барған автокеруен мүшелері кесене жанындағы емдік қасиеті бар құдықтан су ішіп, баба рухына құран бағыштады. Түркістан қаласындағы ...

Толығырақ »