Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Жетісай ауданында «Қауын Fest» шарасына дайындық жұмыстары талқыланды

Жетісай ауданында «Қауын Fest» шарасына дайындық жұмыстары талқыланды

«Қауын фест» фетивалінің басталуына санаулы ғана күндер қалды. Осыған орай бүгін Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев «Қауын фест» фестивалінің дайындық жұмыстарымен танысып, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді, деп хабарлайды Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Сансызбай Сейдалиев өңір басшысына орталық саябақтағы фестиваль өтетін орынның сәулеттік эскиздерімен таныстырды. Оның айтуынша, шара өтетін аумақ 10 гектар жерді қамтымақ. Мұнда көрме кешендері мен арнайы сахна, таныстыру алаңы, тамақтану орындары қамтылған.


Қазіргі таңда Жетісай қаласындағы орталық саябақты дайындау жұмыстары қарқын алыпты. Әсіресе тазалыққа аса мән беріліп отыр. Шара өтетін аймаққа асфальт төселіп, жаяу жүргіншілер жолақтары қайта қалыпқа келтірілуде. Сондай-ақ, көрме кешендері мен таныстырылым алаңшалары әзірленуде. Шараның маңыздылығына тоқталған аудан басшысы фестивальге қажетті кешендердің сәулеттік келбеті мен көркемдігіне аса мән беруді тапсырды.


Айта кетейік, фестивалдің өту күні белгілі себептерге байланысты өзгеруі мүмкін. Бұған дейін 24 тамыз күні өтеді деп мақала жариялаған болатынбыз. Десек те, бұл өзгерістер дайындық жұмыстарының қарқынын еш бәсеңдетпейді. Қазірдің өзінде Жетісай мен Мақтаарал аудандарына қарасты барлық ауыл округ әкімдіктеріне арнайы орын белгіленіп берілген. Олар енді бірнеше күннен кейін өздеріне бөлініп берілген аумақты әрлеу жұмыстарымен айналыса бастайтын болады. Фестиваль қорытындысымен өз мүмкіндіктерін толық паш етіп, көрермендерді таң-тамаша еткен үздік әкімдіктерге бағалы сыйлықтар табыс етілмек.

Пікір жазу