Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА АҒЫН СУ ТАПШЫЛЫҒЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА АҒЫН СУ ТАПШЫЛЫҒЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Жетісай ауданында ағын су тапшылығының алдын алу шаралары күшейтілді, деп хабарлайды Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Соңғы бір аптада Жетісай ауданында ағын су тапшылығы сезіле бастады. Қазіргі таңда көршілес Өзбекстан Республикасынан «Достық» каналына секундына небәрі 51,45 текше метр су жіберілуде.

Бұдан бөлек, «МАШ» каналға Сырдария өзенінен машиналық насостық станция көмегімен секундына 27,50 текше метр ағын су тартылуда. Бұл көлем мақташылардың ағын суға деген сұранысын толық қанағаттандыра алмайды. Осы түйткілдің түйінін тарқату мақсатында Жетісай ауданының әкімдігі Қарағанды облысынан арнайы канал тазалағыш «Драглайн» жылжымалы техникасын алдыртып, «МАШ» канал ұлтанын тазарту жұмыстарын бастап жіберді. Бүгін Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев тәулігіне 100-150 метр канал ұлтанын тазалауға мүмкіндігі бар техниканың жұмысымен танысып, насостық станцияның мамандарына нақты тапсырмалар жүктеді.


«Драглайн» жылжымалы техникасының жұмысқа кіріскеніне бүгін екінші күн. «МАШ» каналға ағын су тартатын каналдың ұлтанын тазарту жұмыстары енді ғана қарқын ала бастапты. Аудан әкімі арнайы техниканың тоқтаусыз жұмыс істеуіне барлық жағдайды жасау қажеттігін ескертті.
Мұнан соң аудан әкімі «МАШ» канал басында орналасқан №1,№2,№3 насостық станциялардың жұмысымен танысып, күтіп, баптап ұстауға тиісті тапсырмалар берді.

Пікір жазу