Шымкентте Абай ауданы әкімі аппараты мен Абай атындағы орталық кітапханасының бірлесе ұйымдастыруымен халқымыздың озық ойлы білімдары, ақын Абай Құнанбайұлының туылғанына 173 жыл толуына орай «Абай ұлы даланың рухани өлшемі» атты әдеби әуенді кеш өткізілді.
Мерекелік іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Г.Ташимова, ақын, жазушы Сабырбек Нұрманұлы, ҚР еңбек сіңірген әртісі Сапар Өтемісұлы, «Тарихи мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі орталықтың» аға ғылыми қызметкері Көшербай Еділбай Шүкіртайұлы, опера және балет театрының әншісі О.Жақсыбек, ауыл билері және аудан тұрғындары қатысты. Іс-шара Абай атамыздың ескерткішіне гүл қою рәсімімен басталып, келген қонақтар «Хакім Абай» мұражайын аралады. Іс-шара барысында Абай Құнанбаевтың қара сөздері мен өлеңдері оқылып, мерекелік концертке жалғасты.
Ал «Жас Отан»-дықтар саябаққа келушілер арасында ақынның шығармаларынан сұрақтар жасырып, квест ойынын ойнады. Қазақтың Бас ақынын осылайша мегаполис тұрғындары өз дәрежесінде атап өтті.