15 тамыз – Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай «Шымкент концерт» концерттік ұйымының әншілері қала тұрғындарына ерекше көңіл-күй сыйлады! Өнерпаздарымыз жолаушылар пойызы мен автобустарда халықпен бірге Ұлы сазгердің әндерін шырқап, заңғар тұлғаның мұрасын дәріптеді. Жолаушылар мен қала тұрғындары ұлы композитордың әндерін қосыла шырқап қоғамдық көліктердің іші бір сәтке думанды мерекеге айналды. Ел жүрегін тербеген әуезді әндеріміз әрқашан ашық аспанымызда қалықтай берсін! ...
Толығырақ »Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ САДАҚ АТУШЫЛАРДЫ МАРАПАТТАДЫ
Шымкент қаласының садақ атушылары халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетіп, ел мерейін үстем етті. Биыл наурыз айында Таиландтың Бангкок қаласында өткен Азия кубогында қала спортшылары бірнеше жүлдеге қол жеткізді. Командалық сайыста Роксана Юнусова мен Диана Юнусова алтын медаль иеленсе, классикалық садақ атудан Дастан Кәрімов пен Диана Тұрсынбек те командалық есепте жеңімпаз атанды. Ал, 31 наурыз – 4 сәуір аралығында Бангкок қаласында ...
Толығырақ »НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ НАЗАРДА
Шымкентте есірткі қылмысының алдын алумен қатар, нашақорлыққа қарсы профилактикалық жұмыстар да жүйелі жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифинг барысында айтылды. Жыл басынан бері мемлекеттік органдармен бірлесіп, есірткі мен нашақорлықтың алдын алуға бағытталған 788 іс-шара өткізіліп, оған 114 мыңнан астам адам қатысты. Қала аумағында есірткі заттары мен интернеттегі заңсыз ресурстарды жарнамалайтын мыңнан астам граффити-сурет жойылды. Сонымен қатар, ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ
Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифинг барысында Шымкент қаласында есірткі қылмысының алдын алу және оның заңсыз айналымына тосқауыл қою бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтылды. Шымкент қаласының Полиция департаменті «Заң мен тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету мақсатында есірткі қылмыстарын анықтау, олардың жолын кесу және заңсыз таралуына жол бермеу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Биылғы жылдың жеті айында қала аумағында есірткіге қатысты ...
Толығырақ »КЕЗЕКТЕ ТҰРҒАНДАРҒА БАСПАНА: ШЫМКЕНТТЕ 40 ОТБАСЫ ПӘТЕРЛІ БОЛДЫ
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков кезекті қаланы аралау барысында тұрғын үй кезегінде тұрған 40 отбасыға жаңа пәтер кілтін табыстау рәсіміне қатысты. «Отбасы банк» АҚ-ның «2-10-20» және «5-10-20» жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламалары аясында берілген баспаналар Бозарық шағынауданында орналасқан. Жаңа қоныс иелерінің қатарында көпбалалы және толық емес отбасылар, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған жанұялар, сондай-ақ бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері бар. Аралау барысында ...
Толығырақ »ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТТАРЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ 17 ТАМЫЗДАН БАСТАЛАДЫ
Құрметті Шымкент тұрғындары! Тұрғын үй сертификаттарына өтінім қабылдау 2026 жылдың 17 тамызынан басталады. Бұл – мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары аясында несиеге үй сатып алу кезінде ипотеканың бастапқы жарнасының бір бөлігін жабу үшін азаматтарға берілетін жергілікті атқарушы органның ақшалай міндеттемесінің нысаны. Тұрғын үй сертификаты қарыз сомасының 10%-нан, бірақ 1 000 000 (бір миллион) теңгеден аспайтын мөлшерде беріледі. Сертификат өтініш берушіде және ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС XXXVIII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
Жиынға Шымкент қаласының әкімі, мәслихат депутаттары, аудан әкімдері, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Отырыc ашық форматта өтіп, онлайн-трансляция ұйымдастырылды. Сессия барысында қаланың одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызды алты мәселе қаралып, тиісті шешімдер қабылданды. Негізгі шешімдердің бірі – Шымкент қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін нақтылау болды. Нәтижесінде қала бюджетінің көлемі 868 млрд теңгеден 893 ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТІҢ АВТОБУСТАР ПАРКІН 17 ЖАҢА АВТОБУС ТОЛЫҚТЫРДЫ
Жұмыс сапары барысында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «Bozjorga Bus» ЖШС-нің жаңа автобустарымен танысты. Қала ішіндегі бағыттарға қызмет көрсететін тасымалдаушының автопаркі бүгін 17 заманауи автобуспен толығып отыр. Қала әкімі қоғамдық көліктің құрамын жүйелі түрде жаңарту – саланы дамытудың негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті. Заманауи автобустар қауіпсіздік, жайлылық және қолжетімділік талаптарына сай болып, тұрғындарға сапалы көлік қызметін көрсетуі тиіс. 14 тамыздан ...
Толығырақ »ҚАЛА ӘКІМІ 180-НЕН АСТАМ ТҰРҒЫНДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков әріптестерімен бірге қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға 180-нен астам азамат қатысып, өздерін толғандырған мәселелер мен ұсыныстарын жеткізді. Тұрғындардың өтініштері негізінен тұрғын үймен қамтамасыз ету, қоғамдық көлік, білім беру, энергетика және кәсіпкерлікті қолдау мәселелеріне қатысты болды. Әрбір өтініш жеке тәртіппен қаралып, қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірмелер берілді. Қосымша зерделеуді қажет ететін мәселелер бойынша жауапты ...
Толығырақ »БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНЫҢ ТИІМДІ ЖҰМСАЛУЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына жол бермеу және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар айтылды. Бүгінде басты назар құқық бұзушылықты анықтауға ғана емес, оның алдын алуға және тәуекелдерді ерте кезеңде анықтауға бағытталған. Осы мақсатта мемлекеттік органдардың қызметіне талдау жүргізіліп, бюджет шығыстары зерделенеді, мемлекеттік сатып алуларға мониторинг ...
Толығырақ »ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ НЫҒАЙТУДА АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ
Шымкент қаласында мемлекеттік қаражаттың заңды әрі тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету және экономикалық құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифинг барысында айтылды. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде негізгі басымдық – құқық бұзушылық орын алғаннан кейін оның салдарын жою емес, ықтимал тәуекелдерді алдын ала анықтап, бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына жол бермеу. Осыған ...
Толығырақ »ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРҒЫН ҮЙ, БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков кезекті қаланы аралау барысында 40 отбасыға арендалық пәтер кілтін табыстау рәсіміне қатысты. Бозарық шағынауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлер қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. Пәтерлерді кейіннен сатып алу мүмкіндігі қарастырылған. Жаңа баспана көпбалалы және толық емес отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға берілді. Аралау барысында ...
Толығырақ »ТҰРАН АУДАНЫНДА КӘРІЗ ЖЕЛІСІНІҢ ЖОБАСЫ ӘЗІРЛЕНУДЕ
Шымкент қаласының Тұран ауданындағы Қазыбек би, Лихачев, Байзақұлы, Жандосов, Верещагин, Шолохов және Уәлиханов көшелеріндегі нысандарды орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосу мақсатында тиісті жұмыс жобасы әзірленуде. Жобаның негізгі мақсаты – осы көшелердегі үйлерді орталықтандырылған кәріз жүйесімен қамтамасыз етіп, аумақтың инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымын дамыту. Жоба аясында 395 үйді орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосу көзделіп отыр. Нәтижесінде 1 305 тұрғын сапалы инженерлік-коммуналдық қызметпен қамтамасыз етіледі. Жобаны ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАЛҒАСУДА
Шымкентте 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жалғасуда. Негізгі мақсат – жылумен жабдықтау жүйесінің сенімді жұмысын қамтамасыз етіп, күзгі-қысқы кезеңде ақауларға жол бермеу. Дайындық аясында магистральды және орамішілік жылу желілеріне гидравликалық сынақтар жүргізілді. Соның барысында 135 ақау анықталып, оның 90-ы жойылды. Қалған учаскелерде бекітілген кестеге сәйкес жөндеу-қалпына келтіру жұмысы жүргізілуде. Сонымен қатар, 31 автономды қазандық пен 17 сорғы станциясын жылыту ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДІҢ ЖАҢА ТЕТІКТЕРІ ЕНГІЗІЛДІ
Шымкентте білім алушылар мен тәрбиеленушілерге көрсетілетін қаржылық және материалдық көмекті тағайындау тәртібі жетілдірілді. Жаңа тәсілдің негізгі мақсаты – әлеуметтік қолдауды нақты көмекке мұқтаж балаларға бағыттап, өтініштерді қарау кезінде бірыңғай әрі автоматтандырылған тетікті қалыптастыру. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес қаржылық және материалдық көмек әлеуметтік жағдайы белгілі бір талаптарға сай келетін балаларға беріледі. Олардың қатарында атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балалар, табысы ең ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТ: ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУ ЖҮЙЕСІ ЦИФРЛАНДЫРЫЛДЫ
Шымкент қаласында білім алушылар мен тәрбиеленушілерге көрсетілетін қаржылық және материалдық көмекті тағайындау жүйесі жаңғыртылып, өтініш беру процесі толық цифрландырылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Қуаныш Ғалымжанұлы мәлімдеді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысына сәйкес әлеуметтік санаттарға жататын балаларға жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржылық және материалдық көмек көрсетіледі. 2026 ...
Толығырақ »АППАРАТНОЕ СОВЕЩАНИЕ: РАССМОТРЕНЫ АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ
Под председательством акима города Габита Сыздыкбекова состоялось аппаратное совещание, на котором рассмотрены вопросы подготовки энергетических объектов к предстоящему отопительному сезону, готовности объектов образования к новому учебному году, а также обеспечения студентов вузов и колледжей местами в общежитиях. Руководитель Управления энергетики и инфраструктурного развития Рзабек Мендикулов доложил, что подготовка к отопительному сезону 2026–2027 годов ведётся в плановом режиме. Завершены гидравлические испытания ...
Толығырақ »“ШЫМҚАЛА КЕШІ” АБАЙ КҮНІНЕ АРНАЛДЫ
Шымкентте Абай күніне орай өтіп жатқан мәдени іс-шаралар “Шымқала” тарихи-мәдени кешенінде жалғасын тапты. Бұл жолғы “Шымқала кеші” ұлы ақын Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын ұлықтауға арналды. Кештің шымылдығы Жастар театры өнерпаздарының орындауындағы «Қалың елім, қазағым» поэтикалық толғауымен түрілді. Сахнада ақынның ел тағдыры, халықтың болмысы мен адамдық қасиеттері жайлы терең ойлары көркем сөз арқылы өріліп, көрерменге ерекше әсер сыйлады. Поэзиямен басталған кеш ...
Толығырақ »АБАЙ МҰРАСЫН ҰЛЫҚТАҒАН БАЙҚАУ
Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың рухани әлемін жаңа белеске көтерген Абай Құнанбайұлының әдеби мұрасын жас ұрпақ арасында кеңінен насихаттау, оның шығармаларын терең меңгеруге ынталандыру, көркем сөз оқу мәдениетін дамыту және дарынды жастарды қолдау мақсатында «10 тамыз – Абай күні» аясында қалалық «Абай әлемі» байқауы өтті. Тағылымды шараны Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар ...
Толығырақ »«Абай мұрасы – ұлт қазынасы»
7 тамыз күні Абай күніне орай Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Шымкент қаласының тоғызқұмалақ федерациясының ұйымдастыруымен ерлер арасында тоғызқұмалақтан «Абай мұрасы – ұлт қазынасы» атты Шымкент қаласының чемпионаты өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын дәріптеу, ұлттық құндылықтарды насихаттау және тоғызқұмалақ спортын дамыту. Жарысқа 20-дан астам спортшы қатысып, классика және блиц бағдарламалары бойынша ...
Толығырақ »ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ҚАУІПСІЗДІКТІ БАҚЫЛАЙТЫН ДРОНДАР ЖҮЙЕСІ КЕҢЕЙТІЛДІ
Мемлекет басшысының қалаларды цифрландыру және қоғамдық қауіпсіздікті күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында Шымкент қаласында ұшқышсыз ұшу аппараттарын (дрондарды) пайдалану жүйесі кезең-кезеңімен іске асырылып келеді. Жоба «Қазақтелеком» АҚ мен Шымкент қаласы әкімдігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында бастау алды. Өткен жылы пилоттық режимде 5 дрон орнатылып, олардың көмегімен 350-ден астам әуе мониторингі жүргізілді. Пилоттық жоба тиімділігін дәлелдеп, дрондар төтенше жағдайлардың алдын алу, ...
Толығырақ »«Мөлдір өлең» ұлттық жобасы өтіп келеді
Екі айдан бері елімізде поэзияны қолдауға бағытталған республикалық «Мөлдір өлең» ұлттық жобасы өтіп келеді. Осы жобаға Оңтүстіктің намысын қорғап қатысқан ақын қыздарымыз алғашқы кезеңнен сүрінбей өтіп, жартылай финалға жолдама алды. Жартылай финал 19 тамыз күні Шымкентте өтеді. Бұл жолы олар Ақтөбенің кіл мықты ақындарымен сынға түспек. Қазақ: «Жақсы қыз – жағадағы құндыз, жақсы жігіт – аспандағы жұлдыз» дейді. Ендеше, қарындастарымызды ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ САПАЛЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Шымкент қаласының тұрғындарын сапалы интернетпен қамту бағытындағы жұмыс жүйелі жалғасуда. Қазіргі таңда мегаполис аумағын интернетпен қамту деңгейі 97%-ға жетіп, байланыс қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бойынша нақты жобалар іске асырылуда. Осы бағыттағы маңызды жобаның бірі – «Кар-Тел» ЖШС-мен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан байланыс инфрақұрылымын дамыту жұмысы. Жоба аясында қала аумағында екі функциялы антенна-бағандық 22 құрылым орнату жоспарланған. Бұл тіректердің негізінде ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ КӘСІПКЕРЛІК ПЕН САУДА САЛАСЫНЫҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН БЕРІЛУДЕ
Шымкентте кәсіпкерлікті қолдау, сауда инфрақұрылымын жаңғырту және шағын өндірісті дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Қалада бүгінде 133 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Бұл сектор өңір экономикасының маңызды бөлігін құрап, халықты жұмыспен қамтуға және өндіріс көлемін ұлғайтуға елеулі үлес қосуда. Өткен жылдың қорытындысы бойынша салада жұмыспен қамтылғандар саны 259 мың адамға жетіп, өндірілген өнім көлемі 4,6 трлн ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ ӨНЕРКӘСІП ПЕН ИНВЕСТИЦИЯ ҚАРҚЫНЫ КҮШЕЙДІ
Шымкентте 2026 жылдың қаңтар–маусым айларында өнеркәсіп пен инвестиция салаларында тұрақты өсім сақталып, өндіріс көлемі мен жаңа жобаларды іске асыру қарқыны артты. Есепті кезеңде қала кәсіпорындары 817,5 млрд теңгенің өнімін өндіріп, өнеркәсіп өндірісінің көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11 пайызға ұлғайды. Өңдеу өнеркәсібінде 709,3 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, сала қала өнеркәсібінің негізгі қозғаушы күшіне айналды. Өңдеу өнеркәсібінің басым бағыттарында тұрақты ...
Толығырақ »