Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті (страница 45)

Көкейтесті

САЙРАМ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Сайрам  ауданының активіне  ҚР Президенті Әкімшілігі  мен аудандық мәслихаттың келісімімен  тағайындалған жаңа əкімді таныстырды. Оңтүстік Қазақстан облысы əкімінің өкімімен Сайрам ауданының әкімі болып Бақтияр Сапарәліұлы Мамаев тағайындалды. Жаңа басшыны таныстыру сәтінде өңір басшысы лауазым иесінің жұмысына табыс тілеп, Сайрам ауданындағы халықтың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын көтерудегі басшылықта Елбасы тапсырмаларын мерзімді әрі нәтижелі орындауды тапсырды. Сонымен бірге, ...

Толығырақ »

БАЗАР ҚАЛА СЫРТЫНА КӨШІРІЛЕДІ

Шымкент қаласындағы ретсіз сауда мен базарларды жойып, заман талабына сай сауда орындары мен алып дүкендердің құрылысын қолға алуымыз керек.  Осыған сәйкес қаланың бас жоспары бойынша ірі базарлардың бәрі қала сыртында орналасатын болады. Бүгін бұл туралы қаладағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралау барысында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті. Өңір басшысы күтпеген жерден Рысқұлов пен Дулати көшелерінің қиылысында орналасқан «Қазыбек» ...

Толығырақ »

БАСПАНА КЕЗЕГІН АЗАЙТУ КЕРЕК

Шымкент қаласының маңынан өндіріс орындарын көптеп ашу қажет. Бұл өз кезегінде халықты жұмыспен қамтып, шаһардағы сабылысты азайтуға сеп болады. Сондай-ақ қалада көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысын  жүргізіп, газбен қамтамасыз ету мәселесіне мән берілуі тиіс.  Бүгін бұл туралы Шымкенттегі бірнеше әлеуметтік нысандағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысқан Оңтүстік Қазақстан облысының  әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті. Аймақ басшысы ең алдымен Бозарық шағын ауданындағы 900 ...

Толығырақ »

ОРДАБАСЫДА ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» пилоттық жобасы аясында Ордабасы ауданында әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу орталығы ашылды. Бастаманы қолға алудағы мақсат — отбасы, ошаққасында болатын жанжалдарға тосқауыл қою, шаңырақ ынтымағын сақтау. Орталықта ерінен зәбір көріп, зорлық-зомбылық тауқыметін тартқандар мен ішімдік пен есірткіге салынып кеткендерге психологиялық қолдау көрсетілетін болады. Орталықтың салтанатты ашылуына аудан әкімі А.Мамытбеков, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының аға көмекшісі С.Тұрсынбекова, ...

Толығырақ »

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» ЖАЛПЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ

Оңтүстік Қазақстанда ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы басталды. Аталған шара биылғы оқу жылында «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету» ұранымен өтеді. Осы жылдың тамыз және қыркүйек айларында ұйымдастырылатын шараның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек ...

Толығырақ »

«ӨРЛЕУ» ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА

Оңтүстік Қазақстан облысында жарты жыл ішінде 75 мыңға жуық адам «Өрлеу» жобасы аясында мемлекет қолдауына ие болып, республикада көш бастады.  Енді 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазіргі ұсынылатын үш түрлі әлеуметтік төлемдердің орнына атаулы әлеуметтік көмектің жаңа сипаты енгізілетін болады. Ол үшін халықты «Өрлеу» жобасына жаппай жұмылдырып, жұмыспен қамтуды қолға алған жөн. Бүгін бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған сапары ...

Толығырақ »

ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ТАБЫСҚА БАСТАЙДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеновамен кездесті.  Басқосуда тараптар саладағы атқарылып жатқан жұмыстар жайына тоқталды. Атап айтқанда Тамара Қасымқызы өңірдегі «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы мен «Өрлеу» жобасы сынды маңызды бағдарламалардың орындалу барысына көңілі толатынын мәлімдеді. Министр ханым, сондай-ақ, облыстағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін ...

Толығырақ »

ЖАҢА СПОРТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫС

«Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасы аясында Төлебидегі «Тау самалы» оқу-сауықтыру лагерінде жасөспірімдер Street Workaut-тан сайысқа түсті. Іс-шара мақсаты – Street Workоut спорт түрін оқушылар арасында кеңінен насихаттап, басқа да жаман қылықтардан бойын аулақ ұстауға септігін тигізу болатын. Street Workout – бұл жаңа спорттық қозғалыс. Пайда болғанына көп уақыт өтпесе де, бүгінде спорттың бұл түрі елімізде қарқынды дамуда. Оның кең таралуына жаттығудың ...

Толығырақ »

100-ДЕН ЖОҒАРЫ БАЛ ЖИНАДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысында  ҰБТ-дан 100-ден  жоғары балл  жинаған оқушылар саны  4113-ке жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 675 оқушыға артық.  Ал, 100-ден 120 балға дейін жинағандар саны – 3004,  121 мен 140 бал аралығында жинағандар – 1109 оқушыны құрады.  Бұл туралы бүгін Ұлттық бірыңғай тестілеу мен қабылдау емтихандарының қорытындылары талқыланған ҚР Үкіметінің кезекті селекторлық отырысында белгілі болды. Жиынға облыс әкімі Ж.Түймебаев ...

Толығырақ »

ОТБАСЫНДАҒЫ ТАТУЛЫҚТЫ ТУ ЕТУ

Оңтүстік Қазақстанда ҚР Бас Прокуратурасының бастамасымен өткен «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» пилоттық жобасы іске асырылуына орай, қорытынды Гала-концерт өтті. Оған елімізде танымал эстрада жұлдыздары – Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева, Алтынай Жорабаева, Шахизада және Сәкен Майғазиев пен өзге де өнер майталмандары қатысып, Шымкент жұртшылығына көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру бағытында елімізде тұңғыш ...

Толығырақ »

18 КӨПІР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Оңтүстік Қазақстанда жыл соңына дейін 18 көпір тиісті жөндеуден өтіп, ел игілігіне беріледі. Атап айтқанда, бүгінгі таңда 13 жол өткелі күрделі жөндеу көріп жатса, 5 көпір орташа жөндеу жұмыстарынан өтуде. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мамандарының мәліметінше, аталған нысандар толығымен пайдалануға берілгенде бұл жағдай, өңірдегі жөндеуді қажет ететін көпірлер санының 101-ге дейін азаюына мүмкіндік береді. Сонымен бірге, жөндеуді ...

Толығырақ »

ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ 180,6 МЛРД. ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ

Биылғы жылдың алты айында Оңтүстік Қазақстан облысына тартылған инвестиция көлемі 180,6 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 33%-ке өскен. Сондай-ақ индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында облысымызда жалпы құны 208 млрд.теңгені құрайтын 162 жоба іске қосылып отыр. Бұл өз кезегінде 13,5 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Бұдан бөлек, өңірде биылғы жылы 37,1 млрд. теңгенi ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ АШЫЛҒАН ҮШ НЫСАН

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы – Шымкентте облыс әкімінің орынбасары Ербол Садырдың қатысуымен отбасындағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен азаматтарға «Көмек» оңалту орталығы мен медициналық-психологиялық оңалту және әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу орталықтары ашылды. ҚР Бас прокуратурасының «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» пилоттық жобасының мақсаты — отбасындағы жанжалдарға тосқауыл қойып, шаңырақ ынтымағын сақтау болып табылады. Ең алдымен, жұмысшы топ шаһарда бүгіннен бастап жұмысына кіріскен «Дағдарыс орталығының» ашылуын тамашалады. ...

Толығырақ »

ХІІ ҒАСЫРҒА ЖАТАТЫН БАЛБАЛТАС

Созақ ауданындағы Келіншектау етегінде орналасқан Абай елді мекенінде XII ғасырға тән екі балбал тас табылды. Көне тас ескерткішті жергілікті тұрғындар Қаратау жазығындағы Арпа өзені бойынан байқаған. Ер мен әйелдің сұлбасы қашалып бейнеленген тас, орта ғасырдағы тарихтан сыр шертеді. Абай елді мекенінен 3 шақырым қашықтықта орналасқан Арпа өзенен ерекше тасты байқаған ауыл азаматтары жерден қазып алған. Көне ескерткіш шығысқа қарап орнатылған. ...

Толығырақ »

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДА ҮЗДІК АТАНДЫ

Шілде айының соңында Ел ордасы – Астанада ХІІІ Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі аясында өткен «Бес құрлық»  балалар фильмдерінің фестивалінде «САҚ» киностудиясының «Қазақ Елі» толықметражды анимациялық фильмі «Ең үздік сценарий» номинациясын жеңіп алды. Аталған байқау Канн, Берлин, Венеция сынды «А» классты фестивальдермен  тең дәрежеде продюсерлік қауымдастықтың Халықаралық одағында (FIAPF)  тіркелген, Орта Азиядағы орасан зор  кинофорум болып табылады. Салтанатты шарада «Қазақ елі» анимациялық ...

Толығырақ »

СОҢҒЫ ҮШ ЖЫЛДАҒЫ ҮЗДІК ЖЕТІСТІК

«Шымкент» ӘКК» ҰҚ» Акционерлік Қоғамы 2017 жылғы жарты жылда атқарылған жұмыстардың нәтижесін шығарды. Атап айтқанда, осы жылдың 6 айында компанияның табысы 83,1 млн. теңге болған. Айта кету керек, осынау оңды нәтиже соңғы үш жылда алғаш рет тіркеліп отыр. Мұндай жетістіктерге жетуде бүгінгі таңда компания ішінде түбегейлі өзгерістердің орын алуы басты себептердің бірі болуда.Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасына сәйкес, корпорация бүгінгі таңда ...

Толығырақ »

ГРАНТ ҰТЫП АЛДЫ

Қазақстанда алғаш рет қолға алынған «Жастар корпусын дамыту» жобасына Кентау қаласынан 18 жоба іріктеліп алынып, 1 млн. теңге грант ұтып алды. Жас проект жобасының А және С тобына өткен жастар 9 болса,  В тобына өткен жастар 9 азаматты құрады. А тобының қатысушыларына өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту және жобаларды басқару бағдарламасына қатысу, сондай-ақ өзінің кіші жобасын грант есебінен іске асыру, ...

Толығырақ »

АЛТЫ АЙДА 147 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ САЛЫҚ ТҮСКЕН

Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Алтынсары Үмбетәлиев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлім етті. Осы жылдың І жарты жылдығында атқарылған жұмыстардың қорытындысын баяндаған департемент басшысы мемлекеттік бюджет жоспары 106 пайызға орындалғанын атап өтті. Яғни,  жоспар бойынша қазынаға 139 млрд. теңге түсуі тиіс болса, бюджетке нақты 147 млрд. теңге түскен. Осылайша, мемлекет қазынасына түскен салық ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТІҢ ОЙЫНШЫҚТАРЫ

Шымкент қаласындағы «Наурыз Пластик» сауда белгісінің өнімдері енді шетел нарығында саудаланбақ. Жергілікті нарықта бірнеше жыл бұрын пайда болған бұл кәсіпорын өнімдері соңғы уақытта кең сұранысқа ие болған. Бүгінде зауыт ойыншық көліктің 10 түрі мен құрастырғыштың 5 түрін шығарады. Өнімнің әр бөлшегі жеке-жеке дайындалып, соңынан құрастыруға жіберіледі. «Қазақстанда жасалған» тауар белгісі бар ойыншықтар Шымкент қаласының базарлары мен облысымыздың барлық аудандарында сатылуда. ...

Толығырақ »

928 МИЛЛИОН АҚШ ДОЛЛАРЫН ҚҰРАДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының  сыртқы тауар айналымы осы жылдың жарты жылында 928 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылдың 6 айымен салыстырғанда 169 млн. АҚШ долларына өсіп отыр. Бүгін бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі  орталығында өткен баспасөз мәслихатында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы  Алтынсары Үмбетәлиев мәлім етті. Сондай-ақ, тауарлардың экспорты 37 млн. АҚШ долларына көбейген. Экспорт бойынша облысымыздың ...

Толығырақ »

16 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖОБАНЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Ырыс» Микроқаржы ұйымы 2006-2017 жылдар аралығында жалпы соммасы  27,6 млрд. теңгені құрайтын 15731 жобаға қолдау көрсеткен. Қаржы ұйымынан қолдау тапқан жобалардың іске асуының нәтижесінде      13 383 жаңа жұмыс орны ашылған. Ал, 2017 жылдың  жарты жылдық көрсеткіші бойынша жалпы соммасы  4 513,9 млн. теңгені құрайтын 1885 жобаны қаржыландырды. Соның ішінде 939 жоба мал шаруашылығы бағытында болса, көктемгі егін ...

Толығырақ »

ОҚО-ДАҒЫ МИНИСТРЛІК КҮНДЕРІ

Оңтүстік Қазақстан облысында алғаш рет Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің күндері өтуде. 26 шілде мен 2 тамыз аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі басшыларынан тікелей кеңес ала алады. Осы күндер ішінде министрліктің басшылық құрамы облыстағы барлық аудан, қалаларда болып,  жергілікті тұрғындардың мәселесін шешу және еңбек заңнамасындағы қазақстандықтардың құқығы мен мемлекет тарапынан ...

Толығырақ »

КОДЕКСТЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР – 02

Үстіміздегі жылдың 11-шілдесінде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойылды. Заңнамалық түзетулер 25 шілдеден бастап заңды күшіне енеді. Азаматтық істер бойынша шығарылған сот шешімдеріне шағымдану тәртібіне бірқатар өзгерістер енгізілді. Азаматтық процестік кодекстің жаңа редакциясындағы 435-бабына сәйкес алдағы уақытта Бас Прокурор іске қатысушылардың өтініштері ...

Толығырақ »

КОДЕКСТЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР – 01

11 шілдеде Елбасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды. Заңнамаға көптеген өзгерістер енгізілген. Бұл өзгерістер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне де қатысты. Басты жаңалықтардың бірі – әкімшілік істер бойынша заңды күшіне енген сот актілерінің Жоғарғы Сотта қаралу тәртібі өзгерді. Енді соттың қаулылары ...

Толығырақ »

ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Оңтүстіктің жастарына солтүстік облыстарда тегін оқуға мүмкіндік беретін «Серпін» жобасына құжат қабылдау жұмыстары қызу жүріп жатыр. Биыл жоба аясында Солтүстік, Шығыс, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Атырау облыстарындағы жоғары және орнаулы орта оқу орындарына  4513 грант бөлінген.  Оның 3793-і жоғары оқу орындарына, қалғаны колледждерге бөлініп отыр. Айта кету керек, бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысынан 5627 жас осы жоба ...

Толығырақ »