«Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының (НЗМ тәжірибесі бойынша жаңартылған білім беру мазмұнына өткен мектептердің үлесі (2016 жылы – 1-сынып, 2017 жылы – 2, 5, 7-сыныптар…)) индикаторын орындау мақсатында 2017-2018 оқу жылында 2, 5, 7 сыныптардың оқушыларын барлық оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендерімен толығымен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 4,4 млрд. теңге қаралды.
Облыс бойынша «Бөбек», «Мектеп», «НЗМ/НИШ», «Арман-ПВ», «Атамұра», «Алматыкітап», «Келешек-2030», «Көкжиек-Горизонт», «Express Publishing», «Study INN (Кэмбридж)», «Жазушы», «Oxford (Inter Press)», «САТР», «Астана-Кітап», «ENGLISH BOOK (Maclimman)» яғни, 15 баспамен келісім-шарт жасалды.
Оқулықтарды жеткізу үдерісі келісім-шарттар бойынша бекітілген мерзім аралығында іске асырылуда. Яғни, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін білім беру ұйымдарына жеткізу жұмыстары ағымдағы жылдың 25 тамызына дейін тасымалданып бітеді.
Жаңа оқу жылында мектеп оқушылары оқулықтармен толық қамтылатын болады.
Министрліктің «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету қағидаларына» сәйкес білім беру ұйымдары арасында басқа да сыныптардың жетіспейтін оқулықтарымен кітап алмасу арқылы толықтырылу жоспарлануда.