Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2022 (страница 2)

Годовые архивы: 2022

Түркістан – болашағы зор, заманауи, жаңа қала

Еліміздегі атымен де, затымен де елеулі Түркістан шаһары бір кезде тарихи қала ретінде әлемге белгілі болса, бүгінде Түркістан облысының орталығына айналып, заманауи даму жолына түскен кент ретінде өзге елдердің де назарына ілініп отыр. Демек, Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы қол жеткен табыстарының бірі де – жаңа Түркістан. ХАЛЫҚТЫҢ ӨСУІ Еліміздің оңтүстігінде жазық да­лаға орналасқан Түркістан қа­ласы қолайлы географиялық ай­ма­ғында бол­ғандықтын мұнда халық ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: БАЛАЛАРҒА КҮРДЕЛІ ОТАЛАР СӘТТІ ЖАСАЛДЫ

Түркістан қаласындағы «Түркістан қалалық балалар ауруханасы» базасында Түркия елінен келген профессорлар Эмрах Шенел және Жан Ихсан Озторун операциялар бойынша кеңес беріп, мастер — класс өткізді. Шеберлік сабағы барысында жалпы асқазан-ішек жолдарының хирургиялық аурулары (мегаколон, болезнь Гиршпрунга, өңеш атрезиясы-эзофагостома, гастростома) және урологиялық (гипоспадия, гидронефроз, қуық-несепағар рефлюксы, қуық дисфункциясы) ақаулары бар 12 балалар тексеріліп, кеңес жүргізілді. Жүргізілген кеңес нәтижесінде Түркістан қалалық балалар ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР ЖОҒАРЫ ДӘРЕЖЕДЕ ӨТТІ

Түркістан қаласы М.Шоқай атындағы №24 жалпы орта мектебінде Тәуелсіздік күні мерекесіне орай  қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді ағылшын тілі сабағында тиімді пайдалану» тақырыбында семинар өтті. Қалалық семинарға адами әлеуетті дамыту бөлімінің ағылшын тілі пәнінің әдіскері Жаннат Сералиева мен 30-дан астам білім ұяларының ағылшын тілі пәні мұғалімдері қатысты. Басты мақсат — жаңартылған түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА ОНКҮНДІКТІҢ ҚОРЫТЫНДЫ ШАРАСЫ ӨТТІ

Түркістан қаласында «Білім беруді дамыту орталығының» ұйымдастыруымен онкүндік жарияланып, жаңашылдықпен жұмыс жасауға бастамашы болып жүрген орталық директоры Бақытжан Нұрмаханбетұлының бастамасымен өткізілген онкүндік аясында биология, химия, математика, физика, география, тарих және эстетикалық пәндерден түрлі шараларда облыс педагогтары тәжірибе алмасумен қатар біліктіліктерін арттырып, пәндерді оқытудағы жаңалықтарымен бөлісті. Онкүндікті эстетикалық пәндердің педагогтары қорытындылап, Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында мерекелік шара ұйымдастырды. «Ұлы дала елі» ...

Толығырақ »

СЕКТОР ЖҰМЫСТАРЫ ТҮРКІСТАН ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІН ҚАНАҒАТТАНДЫРУДА

Түркістан қаласының әкімі Н.Тұрашбековтың тікелей бастамасымен қала көлемінде 6 сектор құрылып, олар қала аумағындағы өзекті мәселелерді бақылауға алып, жүйелі түрде шешуге ықпал етіп келеді. Атап айтсақ, олар «Яссы», «Сауран», «Шавгар», «Бекзат», «Отырар», «Бірлік» секторлары. Халықпен жұмыс жүргізу секторларында 30-дан аса азамат тұрақты жұмыспен қамтылып, тұрғындармен тығыз байланыс орнатуға күш салып келеді. Сектор қызметкерлері халықпен коммуналдық мәселелер, тұрғын үй, атаулы әлеуметтік ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА ЦИФРЛАНДЫРУ ЖҮЙЕЛІ ЖАЛҒАСАДЫ

Шаһарда бүгінде аталған жоба аясында 200-ге жуық бейнебақылау камерасы орнатылған. Олар: «Жеңіс» саябағы, «Алтын Орда» автобекеті, «Керуен сарай» сауда кешені, «Қуаныш» базар бағыты бойынша, Тәуке хан даңғылы, С.Ерубаев, М.Тынышқұлов, Төле би, Нышанов көшелері, Түркістан теміржол станциясында іске қосылған. Камералар 24/7 қағидасы бойынша жұмыс істейді. Бейненің сақталу уақыты – 30 күн. Жоба мақсаты қала тұрғындары мен қонақтарының өмір сүру сапасын арттыру, ...

Толығырақ »

Түркістанда “Достық үйі” салынады

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласында түркі халықтарына ортақ сәулет нысанын салу туралы айтқан болатын. Аталған жобаны іске асыру мақсатында биыл 26 қыркүйек күні «Түркі әлемі орталығы» нысанының концепциялық тұжырымдамасына республикалық байқау өткізілді. Алдағы уақытта түбі бір түркітілдес мемлекеттердің басын қосатын ортақ нысан жаңа технологиялармен қамтылып, талапқа сай салынады. Аталған байқаудың қорытындысы бойынша, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, ғимараттың салынатын ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: БАСТЫ МАҚСАТ — САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

Өкіметке алақан жаймай, өзін өзі жұмыспен қамтып, іс бастаған адамдар бүгінгі күннің мотиваторлары деуге болады. Мемлекет те, айналадағы жұртшылық та кәсібінен нәсібін айырып отырған адамдарға құрметпен қарайды, қолдайды. Солардың бірі де бірегейі түркістандық кәсіпкер Салтанат Шаукенова жайында аз-кем әңгіме. Әдетте, кейіпкерлеріміз кәсіпке отбасылық кәсіптен не жұмыссыздықтың салдарынан келдік деуші еді. «Қазіргі заманда жұмыс жоқ деп айта алмаймыз. Жұмыс бар. Оны ...

Толығырақ »

Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!

Бүкіл түркі әлемінің тарихи тұлғасына айналған қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай «Ұлттық рухсыз ұлт тәуелсіздігі болуы мүмкін бе? Тарих ондайды көрген жоқ, білмейді де» деген екен. Қазақстанның бүгінде егеменді тәуелсіз ел ретінде төрткүл дүниеге танылып, зайырлы мемлекет ретінде қалыптасуы — осы ұлттық рухтың, ата-баба аманатына адалдықтың жемісі. Қазақ елінің тәуелсіздігі – асқақ арман мен қайсар рухтың нәтижесі. Ежелден қазақтың рухы, ар ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАР МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТТІ ТАМАШАЛАДЫ

Түркістан қаласындағы “Белсенді ұзақ өмір сүру” орталығында Тәуелсіздіктің 31 жылдығына арналған “Еліміздің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік” атты іс-шарасы өтті. Айтулы күнде орталық басшысы Гүлжамал Даханова қазыналы қарияларды мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Мерекелік шарада орталық қызметкерлері көпшілік назарына концерттік бағдарлама ұсынды. Сахна төрінде өнер көрсеткен мекеме қызметкерлеріне абыз қариялар өз алғысын білдірді. Түркістан қаласында ерекше қажеттілігі бар жандарды әлеуметтік қолдау ...

Толығырақ »

Түркістанда аяқжолға арналған тас төсеуіштер өндіру дамып келеді

Түркістан қалалық мәслихат депутаттары соңғы уақытта отандық өнім шығаратын кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жасалатын жеңілдіктерді насихаттап, қолдау көрсету мақсатында шаһардағы шағын және орта бизнес өкілдерінің жұмысымен танысып жүр. Атап айтсақ, апта басынан бері жалғасып жатқан кездесулердің келесі күнінде қалалық мәслихат хатшысы М.Таңғатаров, қалалық мәслихат депутаты С.Ханділлаев бастаған депутаттар және «Түркістан» қалалық газетінің директоры М.Дәулетов шаһардағы өндіріс орындарын аралап, шеберліктен айтулы кәсіп ...

Толығырақ »

Тіл мерекесіне арналған іс-шара өтті.

Түркістан қаласының С.Сейфуллин атындағы №4 мектеп-лицейінде «Қазақстан Халықтарының тілдері» мерекесіне орай қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі бірлестігінің ұйымдастырылуымен тіл мерекесіне арналған іс-шара өтті. Кенің бай, келімің мол туған тілім, Дыбыстың теріп сөз етіп буған гүлін. Қайырған қайдағыны жүйрік ең сен. Мен қосып, құтыла алсам, қусам білем,- деп ұлттың ұлы ұстазы, ақын, зерттеуші , ғалым, публицист, аудармашы Ахмет Байтұрсынұлы атамыз ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА «ҮЗДІК ЖАСТАР ПРЕМИЯСЫ» ТАБЫС ЕТІЛДІ

Түркістан қаласында ел Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай «Тәуелсіздік ұрпағы – Жыл көшбасшылары» атты іс-шара өтті. Шара аясында облыстағы әр саланың жыл үздіктері анықталып, «Түркістан жастар премиясы» байқауының марапаттау кеші өтті. Аталған байқау облыстағы жастар саясатын жүзеге асыру және мемлекеттік жастар саясатының дамуына, елдің саяси және қоғамдық өміріне белсене араласып, белсенділігімен топ жарған жастарды анықтау және марапаттау мақсатында ұйымдастырылды. Салтанатты шарада ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА ШЕРХАН МҰРТАЗАНЫҢ 90 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМ ӨТТІ

Бүгін Түркістан қаласындағы «Farab» кітапханасында қазақ әдебиеті мен баспасөзіне өлшеусіз үлес қосқан заңғар жазушы, қайраткер тұлға Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына арналған «Көркемсөздің көшбасшысы, көсемсөздің қолбасшысы» атты халықаралық симпозиум өтті. Келелі басқосуға республикамыздың өңірлерінен, Қырғызстан, Өзбекстаннан келген ғалымдар, қаламгерлер және Шымкент қаласы мен Түркістан, Жамбыл облыстарының зиялы қауым өкілдері қатысты. Халықаралық симпозиумға келушілер алдымен «Шерхан Мұртаза-90» экспозициясын тамашалады. Басқосудың ашылуында сөз ...

Толығырақ »

Түркістан оқушылар сарайының өнерпаздары Тәуелсіздік күніне тарту жасады

Бүгін Түркістан Оқушылар сарайында «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне» орай «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мерекелік концерт өтті. Аталған, іс-шараға қала тұрғындары мен қонақтары, ата-аналар мен балалар қатысты. «Сіздерді еліміздің ұлық мерекесімен құттықтаймын! Қоғамдағы тұрақтылық пен әділеттілік сақталып, әрбір шаңырақта бақ-береке орнасын. Бүгінгі балалар — ертеңгі елдің тұтқасын ұстар азаматтарымыздың шығармашылығы шыңдала берсін. Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай!», — деді іс-шарада сөз алған ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР ЖОҒАРЫ ДӘРЕЖЕДЕ ӨТТІ

Түркістан қаласындағы М.Шоқай атындағы №24 жалпы орта мектебінде Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді ағылшын тілі сабағында тиімді пайдалану» тақырыбында семинар өтті. Қалалық семинарға адами әлеуетті дамыту бөлімінің ағылшын тілі пәнінің әдіскері Жаннат Сералиева мен 30-дан астам білім ұяларының ағылшын тілі пәні мұғалімдері қатысты. Басты мақсат — жаңартылған түрлі әдіс-тәсілдердін пайдалана отырып тәжірибе алмасу. ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ТӘУЕЛСІЗДІК ҚАРСАҢЫНДА 600 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Бүгін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі қарсаңында пайдалануға берілген жаңа мектептің салтанатты түрде лентасы қиылды. Шараға Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков, Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Қолдасова бастаған зиялы қауым өкілдері қатысты. «Арман – M School» мектебінде оқушылар үшін жайлы сыныптар мен асхана, спорт залы, мәжіліс залы, медицина бөлмесі сынды маңызды бөлмелермен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, жеке пәндерге арналған арнайы ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: КӘСІПОДАҚ БЕЛСЕНДІЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін, «16 желтоқсан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай бірқатар кәсіподақ белсенділерін марапаттау мақсатында «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Айдар Бахтыбаевтың қатысуымен салтанатты іс-шара өтті. Кәсіподақтың өкілдері бас қосқан мерекелік шарада өз кезегінде сөз алған Айдар Файзуллаұлы қатысушыларға мерекеге орай жылы лебізін білдіріп, әрі қарай мерекеге орай кәсіподақ белсенділеріне алғыс хаттар мен медалдарды табыстады. Атап айтқанда, ...

Толығырақ »

МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ ТЕАТР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Бүгін еліміздің ұлық мерекесі «16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жандос Шайдулланың қатысуымен Түркістан облыстық мәдениет басқармасының «Түркістан музыкалық — драма театры» МКҚК-ның бастауыш кәсіподақ ұйымында мерекелік шара өтті. Түркістан музыкалық — драма театры 2021 жылы ашылған. Ашылғанына көп уақыт болмаса да театрдың ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖҰМЫСТАР ҚАРҚЫНДЫ  ЖҮРУДЕ

2022 жылға «Ұлттық жоба» аясында көрсетілетін жұмыспен қамту шараларын іске асыру бойынша қаламызда еңбек индикаторына талдау жұмыстары жүргізіліп, биылғы жылы алға қойған міндеттерді орындау мақсатында  қала әкімінің бастамасымен ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспары бекітілді. Нәтижелі жұмыспен қамтудың 2022 жылға арналған кешенді жоспарына сәйкес, биылғы жылы 5355 азаматты жұмыспен қамтудың  белсенді іс-шараларымен қамтамасыз ету көзделген. Жылдың 10 айында атқарған жұмыстарға талдау жүргізсек, жыл басынан бері жұмыспен ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНА 9 АЙДА 192,1 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

Түркістан қаласы әкімінің мәлімдеуінше, 2021 жылы өнеркәсіп саласы бойынша өнім көлемі 14,8 млрд.теңге көрсеткішке ие болса, биыл 9 айдағы нәтиже 15,4 млрд.теңгеге жетті, яғни өткен жылғы көрсеткіштен 3,8% артқан. — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында халықтың әл-ауқатын арттыру — алдымызда тұрған аса маңызды міндет екенін айтты. Президент тапсырмасы қазіргі таңда киелі шаһарымызда жүйелі іске асып, өз нәтижесін беруде. Биыл ...

Толығырақ »

БАШҚҰРСТАНДЫҚ ПРОФЕССОР ТҮРКІСТАНДА КӨЗ КЛИНИКАСЫН АШПАҚ

Түркістанға арнайы сапармен келген Уфа қаласында орналасқан «OPTIMED» лазерлік көруді қалпына келтіру орталығының профессоры Булат Азнабаев облыстың инвестициялық әлеуетімен танысты. Жоғары дәрежелі офтальмохирург-дәрігерге облыстық инвестиция және экспорт басқармасы басшысының орынбасары Қанат Шонбасов пен «Turkistan invest» агентігінің өкілдері облыс орталығындағы арнайы экономикалық және индустриалдық аймақ территориясын көрсетті. Кездесу барысында сала мамандары инвесторларға берілетін жеңілдіктермен таныстырды. Көз дәрігері Булат Маратұлының айтуынша, бүгінде ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлының төрағалығымен Түркістан қаласы сауда орындарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізілді. Облыс әкімінің орынбасары дүкен сөрелерінде бар тауарлар ассортиментімен мұқият танысты. Ең бастысы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы бақылауға алынды. Мониторинг барысында бірқатар дүкендерде сүт және тауық өнімдеріне бағаның шамалы өсуі тіркелді. Бұл мониторингке облыстық басқармалар, департаменттер және қала әкімдігі қатысты. ...

Толығырақ »

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

Түркістандағы құрылысы жүріп жатқан нысандар өз уақытында ел игілігіне берілуі тиіс. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Түркістан қаласындағы бірқатар құрылыс нысанын аралап, жұмыс барысын көрді. Жай-күйін бағдарлады. Кейбір мердігерлерге сын-ескертпесін айтса, жауапты басшыларға әрбір жобаға мұқият болуды тапсырды. Өңір басшысы Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығынан кәріз тазарту құрылғысына дейінгі магистралдық кәріз коллекторының құрылыс алаңында болды. Құрылыста ерекше технология пайдалануда. Заманауи орталықтың құрылыс ...

Толығырақ »

«КҮЛТӨБЕ ҚАЛАШЫҒЫ» АТТЫ АШЫҚ АСПАН АСТЫНДАҒЫ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ПАРКТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

Күлтөбе қалашығы – Түркістанның бастауы. Түркістан қаласында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи — мәдени қорық-мұражайының маңызды объектісі — «Күлтөбе қалашығы» заманауи археологиялық паркін құру жұмыстары жүріп жатыр. Ашық аспан астындағы мұражайдың жалпы аумағы 27 га құрайды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс барысымен танысып, жауапты басшылармен кездесті. Құрылыстың сапасына басты назар аударуды тапсырды. Қалашықтың барлық жағынан Ясауи кесенесі көрінеді. Қазір мұнда ...

Толығырақ »