Түркістан қаласындағы “Белсенді ұзақ өмір сүру” орталығында Тәуелсіздіктің 31 жылдығына арналған “Еліміздің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік” атты іс-шарасы өтті. Айтулы күнде орталық басшысы Гүлжамал Даханова қазыналы қарияларды мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
Мерекелік шарада орталық қызметкерлері көпшілік назарына концерттік бағдарлама ұсынды. Сахна төрінде өнер көрсеткен мекеме қызметкерлеріне абыз қариялар өз алғысын білдірді.
Түркістан қаласында ерекше қажеттілігі бар жандарды әлеуметтік қолдау мақсатында «Тең қоғам» орталығы ашылғалы бері мұнда 350-ден аса зейнеткерге қызмет көрсетілген. Қазіргі таңда Түркістанда 14 915 зейнеткер бар. Орталықта күніне 60-70 адамға қызмет көрсету мүмкіндігі қарастырылған.
Зейнеткерлер үшін осы орталықтың мәні зор болып тұр. Орталықтың заманауи жабдықталуынан бөлек, қызметкерлерінің өз міндеттерін мінсіз атқарып жүргеніне риза боласың!