Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАН: КӘСІПОДАҚ БЕЛСЕНДІЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: КӘСІПОДАҚ БЕЛСЕНДІЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін, «16 желтоқсан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай бірқатар кәсіподақ белсенділерін марапаттау мақсатында «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Айдар Бахтыбаевтың қатысуымен салтанатты іс-шара өтті.
Кәсіподақтың өкілдері бас қосқан мерекелік шарада өз кезегінде сөз алған Айдар Файзуллаұлы қатысушыларға мерекеге орай жылы лебізін білдіріп, әрі қарай мерекеге орай кәсіподақ белсенділеріне алғыс хаттар мен медалдарды табыстады.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Құрмет грамотасы мен Түркістан облысынан мәдениет саласындағы елеулі еңбегі үшін «Еңбек даңқы» медалімен Болат Оразымбетов марапатталса, бірқатар кәсіподақ мүшелеріне Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Құрмет Грамоталары мен Алғыс хаттары табыс етілді.
Барша марапат иелерін марапаттарымен құттықтай отырып, ел үшін еткен еңбектеріңіз қашанда еленіп әрдайым осындай биік тұғырдан көріне беріңіздер дегіміз келеді.

Пікір жазу