Түркістан қаласының С.Сейфуллин атындағы №4 мектеп-лицейінде «Қазақстан Халықтарының тілдері» мерекесіне орай қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі бірлестігінің ұйымдастырылуымен тіл мерекесіне арналған іс-шара өтті.
Кенің бай, келімің мол туған тілім,
Дыбыстың теріп сөз етіп буған гүлін.
Қайырған қайдағыны жүйрік ең сен.
Мен қосып, құтыла алсам, қусам білем,- деп ұлттың ұлы ұстазы, ақын, зерттеуші , ғалым, публицист, аудармашы Ахмет Байтұрсынұлы атамыз айтып өткендей, қазақ тілі — дүние жүзіндегі ең бай, ең көркем тілдердің бірі. Әр адамның азаматтық қасиеті мен мәдениеті өз халқын өзінің атамекенін қалай сүюмен, өз ана тілін қалай білуімен өлшенбек. Ананың сүтіне уызынан жарыған адам қашанда отаншыл, ұлтжанды болмақ. Демек, әркімнің өз тіліне деген құрметі өз анасына, өз ұлтына деген құрметі деп білу керек. Олай болса, дара да, дана тілімізді құрметтеп, қастерлеп, бағалауы әрбір перзенттің борышы екені сөзсіз.
— Апта бойында «Қазақстан Халықтарының тілдері» мерекесіне орай мектеп қабырғасында 1-11 сыныптар аралығында «Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
— Мақсаты: 1. Оқушыларға тілдің маңызын, қадір –қасиетін ұғындыра отырып, ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу; — 2.Оқушыларды туған тілін сүюге, оны қорғауға және қамқорлық жасауға тәрбиелеп, тіл мәдениетін сақтауға баулу.
«Ахмет Байтұрсынұлы — ұлттың ұлы ұстазы» тақырыбында бойынша 9-10 сыныптар аралығында эссе жазу байқауы ұйымдастырылды. Нәтижесінде 1- орынды Нармаханова Жанель, 2- орынды Жолдас Нұрила, 3- орынды Кәрібай Назым, Базатханова Раушан, Нұрмағанбет Ару иеленді.
Мектебіміздің тренер ұстазы Ж. Нұржанбаева ұлттың ұлы ұстазына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы адамдық пен білім диқаншысы» тақырыбында оқырмандар конференциясын өтті. Конференцияның мақсаты :Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру. Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу болды.
Мектебіміздің орыс тілі мамандары да өз үлестерін қосып, Внеклассное мероприятия по творчеству Ахмета Байтурсынова . Тема : «Великий сын казахской степи — Ахмет Байтурсынов» тақырыбы бойынша орыс тілі пән мұғалімі Ф.Абдугаппарова және Г. Тойгараева , қазақ тілі пән мұғалімі Г.Байжұман «Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы» тақырыбында баяндама жасады. Ахмет Байтұрсынов қазақ тілінің реформаторы, теоретигі әрі қазақ тіл білімінің атасы . Қазақ тіл білімінде терминдер қалыптастырғанын дәлелдемелермен баяндады.
Сондай – ақ, мектебіміздің кітапханашысы С.Мырзабекова «Дәуірдің жарық жұлдызы – Ахмет Байтұрсынұлы» тақырыбында кітап көрмесін жасады. Оқырмандар кітап көрмесімен танысып, ұлт ұстазы туралы ой бөлісті. «Ұлт ұстазын ұлықтайды ұрпағы» тақырыбында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған бұрыш ұйымдастырып, оқушылармен ашық сұхбат болып, тіл тарихы туралы поэзия минутына ұласты.
Мектебіміздің қазақ тілі пән мұғалімі Ж.Орынбасарова «Ахмет Байтұрсынұлы қазақ халқының ұлы ақыны» тақырыбында 8 — сыныптармен ұстазға арнап көрініс қойды. Көрермендерді тамсандырып, ақын өмірінің қиын кезеңдерін көз алдымызға бейнелей көрсете отырып, рухы биік қазақтың нағыз ұстазы екенін дәріптеді.
Сондықтан да қазақ тілінің бай да , шұрайлы тілін меңгеруден және меңгертуден жалықпай, талмай еңбек ете беріңіздер!