Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАНДА ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖҰМЫСТАР ҚАРҚЫНДЫ  ЖҮРУДЕ

ТҮРКІСТАНДА ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖҰМЫСТАР ҚАРҚЫНДЫ  ЖҮРУДЕ

2022 жылға «Ұлттық жоба» аясында көрсетілетін жұмыспен қамту шараларын іске асыру бойынша қаламызда еңбек индикаторына талдау жұмыстары жүргізіліп, биылғы жылы алға қойған міндеттерді орындау мақсатында  қала әкімінің бастамасымен ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспары бекітілді. Нәтижелі жұмыспен қамтудың 2022 жылға арналған кешенді жоспарына сәйкес, биылғы жылы 5355 азаматты жұмыспен қамтудың  белсенді іс-шараларымен қамтамасыз ету көзделген. Жылдың 10 айында атқарған жұмыстарға талдау жүргізсек, жыл басынан бері жұмыспен қамту шараларына жүгінген  8165 азамат бағдарламаға қатысып, жоспар көрсеткіші артығымен орындалды.

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету, оларды нәтижелі жұмыспен қамту басты назарда. Осы мақсатта ұйымдастырылған жүйелі жұмыстар нәтижесінде  ұлттық жобаға  жүгінген жастар санатындағы 3589 азамат жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысып, нәтижелі жұмыспен қамтылғандардың қатарына енді. Атап айтқанда: 561 жас түлек  жастар практикасына, 44 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына, 35  жас алғашқы жұмыс орындарына 398 азамат қоғамдық жұмыс орындарына, 1170 азамат тұрақты бос жұмыс орындарымен қамтылса, 29 жасқа дейінгі 177 азаматтың бизнес идеяларына мемлекеттік грант қаражаттары  ұсынылды.1174 жас бастау бизнес жобасын аяқтаса, 30 жас қысқа мерзімді кәсіптік оқу курстарына жолданды.  

Жоспар көрсеткіштеріне сәйкес,биылғы жылы кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың жұмыс берушілердің сұраныстары бойынша жұмыс орнында дуальді оқыту туріне 23 азаматты, ал кәсіптік оқытудың жұмыс берушілердің өтінімдері негізінде оқу ұйымында оқыту түріне 54 азаматты оқыту жоспарланған.  Бүгінгі таңда жоспар көрсеткіші толығымен орындалып, 77 азамат оқу курстарына жолданды. Жұмыс берушілермен түзілген келісімшарт негізінде аталған азаматтар оқуын аяқтағаннан кейін тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.

Кешенді жоспардың Тұрақты және жаңа жұмыс орындары бойынша орындалу деңгейіне тоқталса, биылғы жылы 3155 азаматты тұрақты бос жұмыс орындарымен, ал 2200 азаматты жаңа жұмыс орындарымен қамту міндеттелді. 10 ай ағымында 3639 азамат тұрақты жұмыс орындарына жолданса, 2150 азамат салалық бағдарламалар аясында құрылған жаңа жұмыс орындарына  жолданды.

Қаламыздың осал топтағы тұрғындарын әлеуметтік қолдау шаралары назардан тыс қалған емес. Жылдың 10 айында мүмкіндігі шектеулі 164 азамат белсенді шараларға тартылды.

Ал, жалақылары мемлекет тарапынан субсидияланатын  жұмыс орындарына тоқталсақ, биылғы жылы қаламыздың экономикалық белсенді 125 тұрғынына әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру көзделіп, жыл басынан бері жұмыссыз 125 азамат аталған жұмыс орындарына жолданды.

Кешенді жоспардың жастарды жұмыспен қамту бойынша көрсеткіштеріне сәйкес, есепті жылы 500 азаматқа жастар практикасын ұйымдастыру көделсе, жылдың 10 ай ағымында 561 түлек аталған практикаға жолданды. Әлеуметтік белсенділігі төмен NEET санатындағы жастарды жұмыспен қамту мақсатында, 30 азаматқа алғашқы жұмыс орындарын ұйымдастыру міндеттеліп, жылдың 10 айында жоспар көрсеткіші толығымен орындалды.

Қала аумағын көріктендіру және көгалдандыру үшін 650 азаматқа ақылы қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыру жоспарланды. Есепті айда  бағдарламаның бұл бағытына жүгінген жұмыссыз 875  азамат қоғамдық жұмыстар орындарымен қамтылды.

Ұлттық жобаның жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағыты бойынша қаламызда жүйелі жұмыстар ұйымдастырылуда. Жоспарлы көрсеткіштерге сәйкес, 2022 жылға 273 азаматтың жаңа бизнес идеяларына қайтарымсыз мемлекеттік грант қаражаттарын ұсыну көзделіп отыр. Бүгінгі таңда 273 азаматтың бизнес идеялары комиссия шешімімен мақұлданып,  жоспар толығымен орындалды.

Әлеуметтік қаржылай қолдау мәселесі бойынша қаламызда жүйелі жұмыстар атқарылуда. Биылғы жылы 3608 отбасына немесе 20500 адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсету жоспарланып отыр. Жоспарға сәйкес, жылдың 10 айында 3915 отбасына немесе 21609 адамға әлеуметтік көмек қаражаты тағайындалды.

 

 

Пікір жазу