Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «КҮЛТӨБЕ ҚАЛАШЫҒЫ» АТТЫ АШЫҚ АСПАН АСТЫНДАҒЫ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ПАРКТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

«КҮЛТӨБЕ ҚАЛАШЫҒЫ» АТТЫ АШЫҚ АСПАН АСТЫНДАҒЫ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ПАРКТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

Күлтөбе қалашығы – Түркістанның бастауы. Түркістан қаласында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи — мәдени қорық-мұражайының маңызды объектісі — «Күлтөбе қалашығы» заманауи археологиялық паркін құру жұмыстары жүріп жатыр.
Ашық аспан астындағы мұражайдың жалпы аумағы 27 га құрайды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс барысымен танысып, жауапты басшылармен кездесті. Құрылыстың сапасына басты назар аударуды тапсырды.
Қалашықтың барлық жағынан Ясауи кесенесі көрінеді. Қазір мұнда биіктігі 17 метр болатын шаңырақ іспеттес қондырғыларды орнату жұмыстары жүріп жатыр. Қондырғылар жергілікті климатқа төзімді. Болашақта археологиялық парктің қонақтары үшін сандық технологиялар арқылы ежелгі заманға саяхат жасау мүмкіндігі туады.
Күлтөбе қалашығы ежелгі Ясы қаласының бір бөлігі болған. Жоба мемлекетпен айрықша қорғалатын аумақта, ЮНЕСКО ұйымының Дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енгізілген Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің айналасында іске асырылатындықтан, қазіргі археологиялық зерттеулер ЮНЕСКО мен ИКОМОС ұйымдарының дүниежүзілік мұра саласындағы халықаралық сарапшылар қауымдастығымен ынтымақтастықта жүзеге асуда.
Түркістанда жергілікті ауа-райына қолайлы саналатын қарағаш пен терек егуге басымдық беріледі. Көктемгі ағаш егу науқанының барысын бақылаған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды облыс орталығындағы бірқатар нысандарды аралады. Қаланы көгалдандыру бағытында атқарылып жатқан іс-шараларды пысықтады.
Өңір басшысы «Парасат», «Астана» саябақтарын салу және реконструкциялау барысын, Түркістан қаласының аумағын көгалдандыру және абаттандыру аясында қолға алынған Майкотов көшесі бойындағы желілік саябақ құрылысы жұмыстарын көрді. Жұмыстар келер жылы толық аяқталмақ.
1615 шаршы метр асфальтбетонды жабын, 3153 шаршы метр веложол, 13 716 шаршы метр жаяу жүргіншілер жолы төселуде. 2 мың шаршы метрден астам жерге гүл егіледі. 2,5 мың ағаш отырғызылады. Қазіргі таңда саябақтың жер жұмыстары толығымен біткен. Сонымен қатар аяқ жол тақтайшалары, жаяу жүргіншілерге арналған жол және веложолдардың құрылыс жұмыстарының 80% аяқталып отыр.

Пікір жазу