Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2024 » Июнь (страница 3)

Месячные архивы: Июнь 2024

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

Унифайттан әлем чемпионы Ислам Аңламас өзінің туған жері Отырар ауылындағы тазалық шарасына қатысты, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Отырар Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында өткен сенбілікте тұрғындармен бірге елді мекендегі жасыл аймақта шөптерді отап, қоқыс қалдықтарын жинады. Жалпы ауыл округіндегі тазалық жұмыстарына елді мекендегі 100-ге жуық тұрғын қатысып, көшелер мен аяқжолдардың бойын күл-қоқыстардан тазартты. Жастайынан спортты ...

Толығырақ »

ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫ 68%-ҒА ӨСКЕН

Түркістан облысы көлемінде жыл басынан бері тіркелген жол-көлік оқиғалары өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 68%-ға өскен, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ЖКО-да қаза болғандардың саны 16%-ға төмендеген. Жол апаттары Арыс, Бәйдібек, Мақтаарал, Жетісай, Отырар аудандарында өсіп отыр. Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысында 2024 жылдың 5 айында орын алған ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҚЫТАЙҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жұмыс сапарымен Қытай Халық Республикасы Сиань қаласына барды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сиань — әлемдегі ең көне қалалардың бірі, Қытайдың рухани және мәдени астанасы, сондай-ақ Шымкент қаласының бауырлас қаласы. Өткен жылғы сапар аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Шымкент пен Сиань арасында бауырластық байланыс ...

Толығырақ »

ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫНА НҰҚСАН КЕЛТІРГЕН 6 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТ АЙЫППҰЛ АРҚАЛАДЫ

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков кезекті аппараттық мәжілісте қала тазалығы мен сәулетін сақтау бойынша атқарылған жұмыстардың есебін тыңдады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сәулет және қала құрылысы бөлімі тарапынан қала аумағындағы сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарын зерделеу нәтижесінде 290 заңсыз орнатылған жарнама нысаны анықталған. Заң талаптарына сәйкес 39 нысан тіркеуге алынды, талапқа сәйкес келмейтін өзге жарнамалық ...

Толығырақ »

БИЫЛ ТҮЛКІБАСТА ҚАРҚЫНДЫ АЛМА БАУ КӨЛЕМІ 55 ГЕКТАРҒА АРТТЫ

Жалпы Түлкібас ауданында алма бау көлемі 3 мың гектарды құраса, соның ішінде 7 жүз гектардан астамын қарқынды бау алқабы алып жатыр, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түлкібас Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Соңғы жылдары Президентіміз Қ.Ж.Тоқаевтың су үнемдеу технологияларын барынша пайдаланып, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін арттыру тапсырмасына сәйкес, биыл Түлкібас ауданында 55 гектар жерге тамшылатып суғару технологиясы енгізілген қарқынды алма ...

Толығырақ »

АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ – ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ҚОҒАМНЫҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі Қожабекова Наталья Сұңғатқызы Қазығұрт ауданына арнайы іс-сапармен келді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жұмыс сапары барысында аудан әкімдігінің мәжіліс залында мемлекеттік қызметшілермен, үкіметтік емес ұйым мүшелерімен, әлеуметтік қызметкерлермен, қоғамдық ұйым мүшелері және аудан тұрғындарымен кездесу өткізді. Аудан әкімінің орынбасары Серік Тұрсынқұловтың төрағалық етуімен өткен ...

Толығырақ »

ЭКОАКЦИЯ АЯСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Төлеби ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық науқаны аясында тазалық шаралары жалғасын табуда, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Зертас ауылдық округінде егілген көшеттерге арық тарту, суғару жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп, Ленгір қаласы көпқабатты тұрғын үйлер аулаларындағы шөптер орылып, күл-қоқыстардан тазалануда. Тасарық ауылдық округінде шөп ору жұмыстары жалғасын табуда. © Didarbek.kz

Толығырақ »

ҚОҒАМДА ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ИММУНИТЕТ ҚАЛЫПТАСУЫ ҚАЖЕТ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сы­байлас жемқорлыққа қар­сы күрес мәселелері жөнін­де кеңес өткізіп, сыбай­лас жемқорлық жағдай­лары­ның саны әлі де азаймай тұрғанын атап көрсеткен болатын. Сондай-ақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сыбайлас жемқорлықпен толық жойылғанша күресуді тапсырды. “Жемқорлықтың барлық түрімен ымырасыз күрес – мемлекетіміздің одан әрі дамуының басымдығы. Парақорлық, тамыр-таныстық, қоңырау шалу арқылы мәселе шешу және тағы басқа келеңсіздіктер жылдар ...

Толығырақ »

ЖУРНАЛИСТЕРДІ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

28 маусым — Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай аудандық мәдениет үйінде іс-шара өтіп, аудан әкімі Азат Оралбаев аудандық «Ордабасы оттары» газетінің ұжымын кәсіби мерекемен құттықтап, марапат жасады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. — 89 жылдан бері оқырман қауымның айнымас серігі, рухани азығына айналған «Ордабасы оттары» газетін жаңалық пен жақсылықтың жаршысы деп санаймын. Сіздер ...

Толығырақ »

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ТУРАЛЫ ЗАҢҒА ЕНГЕН ӨЗГЕРІСТЕР БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан облысы полиция департаментінің тапсырмасына сәйкес Отырар аудандық полиция бөлімінің және Төтенше жағдайлар қызмет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Отбасылық зорлық зомбылық жол жоқ» акциясы өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аудандық мәдениет сарайының кіші залында өткен бұл шараның мақсаты — “Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу,құқық бұзушылыққа жол бермеу. Жиын барысында сала мамандары жоғарыдағы аталған мәселелер ...

Толығырақ »

БИЫЛ ТҮЛКІБАСТА ҚАРҚЫНДЫ АЛМА БАУ КӨЛЕМІ 55 ГЕКТАРҒА АРТТЫ

Жалпы Түлкібас ауданында алма бау көлемі 3 мың гектарды құраса, соның ішінде 7 жүз гектардан астамын қарқынды бау алқабы алып жатыр. Соңғы жылдары Президентіміз Қ.Ж.Тоқаевтың су үнемдеу технологияларын барынша пайдаланып, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін арттыру тапсырмасына сәйкес, биыл Түлкібас ауданында 55 гектар жерге тамшылатып суғару технологиясы енгізілген қарқынды алма бау отырғызылды. Оның 25 гектарына көшет Жабағылы ауылдық округіне қарасты «Алмалы ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: ПОДДЕРЖАНИЕ КУЛЬТУРЫ ЧИСТОТЫ — ОБЯЗАННОСТЬ КАЖДОГО ЖИТЕЛЯ

Самым популярным местом летнего июля для жителей Шымкента является исток реки «Кошкар ата». Ежедневно здесь по утрам собираются тысячи горожан, чтобы спастись от жары и охладиться. Среди жителей, ищущих убежища в холодной воде, встречаются и жители, не соблюдающие культуру чистоты. Сегодня жители Шымкента и более 100 молодых людей трудового отряда «Жасыл ел» организовали специальную уборку на данной территории, призывали жителей ...

Толығырақ »

ЖИТЕЛИ МИКРОРАЙОНА НУРСАТ ПРОВЕЛИ УБОРКУ ТЕРРИТОРИИ В РАМКАХ ЭКОЛОГИЧЕСКОЙ АКЦИИ

На территории Каратауского района стартовала экологическая акция «Таза Қазақстан». В многоквартирных жилых домах №37-49 микрорайона «Нурсат» прошла очередная уборка с участием около 400 жителей. В ходе акции были проведены работы по очистке территории дворов домов от мусора, побелке деревьев, стрижке газонов, покраске скамеек и др. Особое значение имело участие местных детей и подростков, которые с энтузиазмом участвовали в очистке окружающей ...

Толығырақ »

«АСАРЛЫҚТАР» ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНДА БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ

Бүгін Шымкентте «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы ұйымдастырылуда. Оған қаланың солтүстік аумағында орналасқан Асар шағын ауданынының тұрғындары да белсенділік таныттып, Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» идеясын қолдайтындықтарын көрсетті. Асар шағын ауданы қаланың шеткі аумақтарының бірі. Мұнда тұрғындар үшін 2 демалыс аймағы және көшелерде сәндік ағаштар мен гүлзарлар арнайы мекеме қызметкерлерінің күнделікті қадағалауында. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен халықтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту ...

Толығырақ »

ӨЗЕН БАСТАУЫН РЕТКЕ КЕЛТІРДІ

Шымкентте «Таза Қазақстан» акциясы аясында Қошқар ата өзенінің бастау жағында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Бұл жер – қалада шомылуға рұқсат берілген үш аумақтың бірі. Сондықтан мұнда суға түсуге келетін халықтың қарасы мол. Күнделікті тазалық жұмыстары жүргізілгенмен, қоқыс тез жиналады. Қала тұрғындары, ардагерлер, еріктілер, жасөспірімдер және коммуналдық мекеме қызметкерлері осы аумақты қоқыстан тазартып, өзен бойындағы ағаштарды бұтап, шөбін орып, ретке келтірді. ...

Толығырақ »

ҚАЛАНЫҢ ТАЗА БОЛУЫ, ЖАСЫЛ ЖЕЛЕККЕ АЙНАЛУЫ – ӨЗ ҚОЛЫМЫЗДА

“Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында бүгін Шымкент қаласының аудан аумақтарында тазалық жұмыстары жүргізілуде. Қаратау ауданының Нұрсәт шағынауданындағы №37-39 үйлер маңайында өткен экологиялық акцияға аудан әкімі аппараты, «Қаратау» КММ және аудан аумағындағы кәсіпкерлер мен тұрғындар, ардагерлер – барлығы 300-ден аса адам қатысты. – Президентіміз Қ.Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясына Шымкент қаласы Қаратау ауданының ардагерлері қолдап-қуаттап келеміз. Ерте көктемнен бастап ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ РЕПРОДУКТИВТІ ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚОРҒАУ АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

24-30 маусым аралығында елде репродуктивті денсаулық апталығы өтеді. Оны Шымкентте қалай өткізетінін Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Сансызбайқызы қалалық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты. Репродуктивті денсаулық апталығы аясында барлық алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында, оқушылар лагерлері мен жастар орталығында Ашық есік күндері өтеді. Сондай-ақ, білікті мамандар жастардың репродуктивті денсаулығы, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу, отбасын жоспарлау, адам папилломавирустары, ерте ...

Толығырақ »

ЖАСӨСПІРІМДЕР ТӘРБИЕСІМЕН БІРЛЕСЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ КЕРЕК

Жасөспірімдерді ересек өмірге дайындауға бағытталған арнайы бағдарлама қажет. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысында айтылды. Өйткені елімізде кәмелетке толмағандар арасында ерте жүктілік көбейген. Қала әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Сәрсен Құранбектің жетекшілігімен өткен мәжіліске басқарма басшылары және жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Сәрсен Абайұлы комиссия мүшелерінің жаңа құрамымен таныстырып, алдағы уақытта ...

Толығырақ »

БИЗНЕСМЕНЫ ШЫМКЕНТА ПРОВЕЛИ B2B ПЕРЕГОВОРЫ С КИТАЙСКИМИ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЯМИ

В рамках визита официальной и деловой делегации города Шымкент, в китайском городе Сиань при поддержке Генерального консульства прошёл торгово-экономический форум с участием предпринимателей Сианя и Шымкента. Также состоялись B2B-встречи между представителями порядка 20 компаний Шымкента и более 30 предприятий Китая. В составе шымкентской бизнес-делегации города принимают участие представители бизнеса в сфере здравоохранения, IT, производства электрооборудования, строительных материалов, металлургии, производства продуктов ...

Толығырақ »

Қытайда сауда-экономикалық форум аясында B2B-кездесулер өтті

Шымкент қаласының ресми және іскерлік делегациясының сапары аясында Қытайдың Сиань қаласында Бас консулдықтың қолдауымен бауырлас қалалалардың кәсіпкерлерінің қатысуымен сауда-экономикалық форум өтті. Сондай-ақ, Шымкенттің 20-ға жуық компаниясы мен Қытайдың 30-дан астам кәсіпорын өкілдері арасында B2B-кездесулер өтті. Шымкент бизнес-делегациясының құрамына денсаулық сақтау, IT, электр жабдықтарын өндіру, құрылыс материалдары, металлургия, тамақ және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, білім беру, қоғамдық тамақтану және т. б. ...

Толығырақ »

АПТАП ЫСТЫҚТА ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТЕРДІ ЕСЕЛЕП СУҒАРУҒА ҚОСЫМША ТЕХНИКАЛАР ЖҰМЫЛДЫРЫЛДЫ

Бүгін түнгі суғару жұмысына 30-ға жуық техника шықты. Сонымен қатар қала аумағындағы ирригациялық жүйелер мен Арыс-Түркістан су арнасы арқылы да ағаштар суғарылуда. Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков әсіресе туристік аймақтардағы, мәдени-рухани орталықтағы жасыл алаңдарды шіліңгір ыстықтан сақтауға күш салу қажеттігін ескертіп, жауаптыларға өсімдіктерді қосымша тыңайтқыштармен баптауды тапсырды. Қаланың климаттық ерекшелігіне орай жасыл желектердің суғарылуы кешкі 19:00-дан таңғы 10:00-ға дейін жүзеге ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТАЗАЛЫҒЫНА НҰҚСАН КЕЛТІРГЕН 6 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТ АЙЫППҰЛ АРҚАЛАДЫ

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков кезекті аппараттық мәжілісте қала тазалығы мен сәулетін сақтау бойынша атқарылған жұмыстардың есебін тыңдады. Сәулет және қала құрылысы бөлімі тарапынан қала аумағындағы сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарын зерделеу нәтижесінде 290 заңсыз орнатылған жарнама нысаны анықталған. Заң талаптарына сәйкес 39 нысан тіркеуге алынды, талапқа сәйкес келмейтін өзге жарнамалық нысандар бөлшектеніп жойылды. Жалпы қала бойынша сәйкестендіріліп мемлекеттік кірістер басқармасының ...

Толығырақ »

Құрметті мемлекттік қызметшілер және полиция қызметкерлері!

Ел мүддесі жолында абыройлы қызмет етіп жүрген мемлекеттік қызметшілер мен елдің айбыны, қорғаны болған полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекеттік қызметші пен қоғамдағы тәртіп сақшысының міндеттері сабақтас. Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметкер мен полиция – мемлекеттік аппараттың жұмысын алға жылжытушы кадр және мемлекеттік биліктің оң имиджін қалыптастырушы бірден-бір тұлға. Дамыған мемлекет – тиімді, нәтижелі мемлекеттік қызметтің және қоғамдық тәртіпті, ...

Толығырақ »

“ӨҢІРДІҢ ТАЗАЛЫҒЫ ӨЗІМІЗДЕН”

Түркістандықтар бүгін сенбілікке шығып, 26 аумақты тазалады. “Таза Қазақстан” ұлттық жобасы аясында жалғасын тапқан тазалық шарасына шаһар тұрғындары мен еріктілер белсене атсалысты. 1000-ға жуық адам көше бойларын тазартып, жиналған қоқысты, кесілген ағаштарды тасымалдауға коммуналдық мекемелердің қызметкерлері мен 20-дан астам техника жұмылдырылды. Қураған өскіндерді қырқуға 50 арнайы техника бөлінді. Сенбілікке қатысқан қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков тазалық жұмыстарын аралап тексерді. Шаһар басшысы ...

Толығырақ »

ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК — ЖАНҒА САЯ

Табиғаты тамылжыған Төлеби ауданын жасыл желекпен көмкеру, сол арқылы сәулетін арттыру күн тәртібіндегі жоспардың бірі. Осы мақсатта, аудандағы барлық елді мекендерде, көшелерге ағаш көшеттерін егу дәстүрге айналған. Аталған бағыттағы жұмыс барысын қадағалау мақсатында аудан әкімі Төлеген Телғараев «Төлеби» саябағына барып, оның жай-күйімен танысты. Аудан басшысы саябақ аумағындағы жасыл желектің өсу қарқынына көңіл бөліп, атқарылған жұмыстар барысына назар аударды. Көктем шығып, ...

Толығырақ »