Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК — ЖАНҒА САЯ

ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК — ЖАНҒА САЯ

Табиғаты тамылжыған Төлеби ауданын жасыл желекпен көмкеру, сол арқылы сәулетін арттыру күн тәртібіндегі жоспардың бірі. Осы мақсатта, аудандағы барлық елді мекендерде, көшелерге ағаш көшеттерін егу дәстүрге айналған. Аталған бағыттағы жұмыс барысын қадағалау мақсатында аудан әкімі Төлеген Телғараев «Төлеби» саябағына барып, оның жай-күйімен танысты. Аудан басшысы саябақ аумағындағы жасыл желектің өсу қарқынына көңіл бөліп, атқарылған жұмыстар барысына назар аударды.
Көктем шығып, күн жылынып, табиғат жаңарып, айнала шуаққа бөленіп, тіршілік өзгеше реңкке боялаған бастаған күннен саябақ аумағында ағаш көшеттерін егу, күтіп ұстау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, бүгінде саябаққа отырғызылған ағаштың 80 пайыздан астамы өніп, жасыл желекке айналған.
Аудан басшысы қаладағы ең үлкен саябақ территориясында абаттандыру, көркейту, көгалдандыру жұмыстарын тұрақты жүргізуді тапсырды. Жасыл желек саны көбейтіп, тұрғындардың демалып, тынығуына арналған саялы баққа айналуы қажеттігін ескертті.
Аудан орталығына Ленгір қаласына кіреберісте, дәлірек айтқанда, үлкен күре жолдың бойында орын тепкен аумағы бес гектарды алып жатқан саябаққа осы күнге дейін қарағаш, яссин, каштан, катальпа, шырша, сәндік ағаштардан 4 мыңға жуық көшет отырғызылып, олар бүгінде бой түзеп, өлкемізге ерекше көрік беріп тұр.
Соынмен бірге, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің бастамасымен іске асқан «Таза Қазақстан»акциясы елдің түкпір-түкпіріндежалғасын табуда. «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық науқаны аясында Төлеби ауданы аумағында тазалық шаралары жалғасын табуда.
Ауданға қарасты 1 қала, 12 ауылдық округіндегі елді мекендерде жол бойы, халық көп шоғырланатын орындарда сенбілік өткізілді. Сенбілік барысында аялдамалар сырланып, қураған шөптер орылды. Сондай-ақ, акция аясында егілген көшеттерге күтіп баптау жұмысын жалғасын тауып, жол бойы жабайы шөп, тікендерден тазаланды. Барлық елді мекен атаулары мен көше аншлагтарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Аудан аумағында тұрғындардың, еріктілердің қатысуымен аптаның кез келген күні тазалық шаралары ұйымдастырылып, барлық ауылдар, әрбір үйдің аулалары, көше бойлары, саябақтар мен гүлзарлар, өзен жағалаулары тазартылуда.
Тазалық шашылмаған жерде ғана сақталатынын ескерсек, ауданға келіп демалушылардан күл-қоқысты кез келген орынға тастамау қажеттігін ескертеміз. Тазалық — ортақ іс, баршамыз экологиялық мәдениетті қалыптастырып, қоршаған ортаның тазалығын сақтайық!

Пікір жазу