Унифайттан әлем чемпионы Ислам Аңламас өзінің туған жері Отырар ауылындағы тазалық шарасына қатысты, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Отырар Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Таза Қазақстан» экоакциясы аясында өткен сенбілікте тұрғындармен бірге елді мекендегі жасыл аймақта шөптерді отап, қоқыс қалдықтарын жинады.
Жалпы ауыл округіндегі тазалық жұмыстарына елді мекендегі 100-ге жуық тұрғын қатысып, көшелер мен аяқжолдардың бойын күл-қоқыстардан тазартты.
Жастайынан спортты жанына серік еткен Ислам жастарды еліміздегі тазалық шарасына белсене қатысуға шақырып, ауылдың таза болуы үшін тазалықты әркім өз ауласынан бастау керектігін айтып өтті.
Қарғалы ауыл округіндегі 2,5 гектар аумақты құрайтын жасыл аймақ қоршалып, елді мекенді көгалдандыру мақсатында жалпы 3000 түп көшет егілген. Егілген көшеттерді суғару, күтіп-қарау жұмыстары тұрақты ұйымдастырылып, сенбіліктер өткізіліп келеді.
© Didarbek.kz