Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТАЗАЛЫҒЫНА НҰҚСАН КЕЛТІРГЕН 6 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТ АЙЫППҰЛ АРҚАЛАДЫ

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТАЗАЛЫҒЫНА НҰҚСАН КЕЛТІРГЕН 6 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТ АЙЫППҰЛ АРҚАЛАДЫ

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков кезекті аппараттық мәжілісте қала тазалығы мен сәулетін сақтау бойынша атқарылған жұмыстардың есебін тыңдады.
Сәулет және қала құрылысы бөлімі тарапынан қала аумағындағы сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарын зерделеу нәтижесінде 290 заңсыз орнатылған жарнама нысаны анықталған. Заң талаптарына сәйкес 39 нысан тіркеуге алынды, талапқа сәйкес келмейтін өзге жарнамалық нысандар бөлшектеніп жойылды. Жалпы қала бойынша сәйкестендіріліп мемлекеттік кірістер басқармасының тізбесіне енген 331 жарнама нысаны бар.
Жобалау құжаттарынсыз салынғаны анықталған нысандар бойынша Облыстық бақылау жөніндегі басқармаға — 124 хат, Облыстық жер инспекциясына 19 хат жолданып, 37 нысанға әкімшілік айыппұл салынды.
«Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясында бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес 31-көшеде тұрақты түрде сенбілік ұйымдастырылып, әктеу, сырлау жұмыстары толығымен аяқталды. Қазіргі таңда қасбеті бүлінген нысандарда қайта әрлеу жұмыстары атқарылуда. Бүгінге дейін 1310 нысан ретке келтірілген. Көп қабатты үйлер алдына қоқыс салатын 300 контейнер және 50 (архитас) қоқыс салғыш орнатылды.
15-21 маусым аралығында қала аумағында ортақ пайдалану орындарын ластау дерегімен 155 құқық бұзушылық анықталып, жалпы 1.679.860 теңге айыппұл салынған. Абаттандыру қағидаларын бұзған 68 тұлғаның үшеуіне айыппұл рәсімделіп, бірқатарына ескерту шарасы қолданылған. Жолдарды және жол жабындыларын ластаған 2 жүк көлігі жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Қала төңірегіндегі төбелер мен соқыр аймақтарды қоқыс алаңына айналдырмау мақсатында Полиция басқармасы тарапынан рейдтік шаралар жүргізілген. Қабылданған шаралар нәтижесінде, 6 құқық бұзушылық анықталып, Әкімшілік кодекстің 505 бабында көзделген тәртіптік шара қолданылды.
Жыл басынан бері ортақ пайдалану орындарын ластау бойынша 4 530 құқық бұзушылық тіркелген. Салынған айыппұл көлемі 55.357.659 теңгеге жетті. Абаттандыру қағидаларын бұзу дерегімен 1059 құқық бұзушылық анықталып, 3.027.440 теңге айыппұл салынған. Жолдарды және жол жабындыларын ластаған, 505 жүк көлігі жүргізушілеріне жалпы 3.558.756 теңге көлемінде айыппұл рәсімделген.
Мәжіліс барысында Нұрбол Әбдісаттарұлы жұмысшы топтың анықтаған кемшіліктерін жауапты сала жетекшілерімен бірге саралады. Себеп-салдарын тізген мамандарға ескерту жасаған қала басшысы:
— Өздеріңіз айтқандай жұмыс кереметтей болса, құқық бұзушылық қатары неге кемімейді? Неге бүгін тазаланған жерде ертең тағы қоқыс жиналады? Демек, рейд шаралары тиісті деңгейде жүрмейді. Мен Полиция басқармасына өзекті аймақтар бекітілген учаскелік инспекторлардың жауапкершілігін қарауды ұсынамын. Тазалық мекемелері жинаған алаңдарда қайта қоқыс жиналса, өз аумақтарын ұқыпты ұстай алмайтын сектор жетекшілерімен де қоштасамыз. Бұл соңғы ескерту деп қабылдаңыздар, — деді.
Мәжіліс қорытындысымен тапсырма-жоспар қайта бекітіліп, жаңа тапсырмалар белгіленді.

Пікір жазу