Бүгін түнгі суғару жұмысына 30-ға жуық техника шықты. Сонымен қатар қала аумағындағы ирригациялық жүйелер мен Арыс-Түркістан су арнасы арқылы да ағаштар суғарылуда.
Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков әсіресе туристік аймақтардағы, мәдени-рухани орталықтағы жасыл алаңдарды шіліңгір ыстықтан сақтауға күш салу қажеттігін ескертіп, жауаптыларға өсімдіктерді қосымша тыңайтқыштармен баптауды тапсырды.
Қаланың климаттық ерекшелігіне орай жасыл желектердің суғарылуы кешкі 19:00-дан таңғы 10:00-ға дейін жүзеге асуда.
Жұмыстың үздіксіз атқарылуын арнайы құрылған жұмысшы топ аралап бақылауда.
Қаламызда жалпы 258 нысан 626 га аумағымен күтіп-баптау жұмыстарымен қамтамасыз етілген.