Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » БИЫЛ ТҮЛКІБАСТА ҚАРҚЫНДЫ АЛМА БАУ КӨЛЕМІ 55 ГЕКТАРҒА АРТТЫ

БИЫЛ ТҮЛКІБАСТА ҚАРҚЫНДЫ АЛМА БАУ КӨЛЕМІ 55 ГЕКТАРҒА АРТТЫ

Жалпы Түлкібас ауданында алма бау көлемі 3 мың гектарды құраса, соның ішінде 7 жүз гектардан астамын қарқынды бау алқабы алып жатыр, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түлкібас Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нет описания фото.
Соңғы жылдары Президентіміз Қ.Ж.Тоқаевтың су үнемдеу технологияларын барынша пайдаланып, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін арттыру тапсырмасына сәйкес, биыл Түлкібас ауданында 55 гектар жерге тамшылатып суғару технологиясы енгізілген қарқынды алма бау отырғызылды.
Оның 25 гектарына көшет Жабағылы ауылдық округіне қарасты «Алмалы сай» ЖШС ерте көктемде отырғызылса, қалған 30 гектары Шақпақ ауылдық округіне тиесілі «Кентау» ЖШС бүгінгі таңда отырғызылуда.
Возможно, это изображение 3 человека
Аталған жұмыстардың барысымен танысу мақсатында «Кентау» ЖШС аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Марат Жанесен, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Қуатбек Еркебаев, округ әкімі Сәбит Қозтаев жауапты мамандармен бірге арнайы барып, кәсіпкерге мемлекет тарапынан Заң талаптарына сай барлық қолдаулар көрсетілетіндігін жеткізіп, ісіне сәттілік тіледі.
Серіктестің директоры Қайрат Садықовтың айтуынша егіліп жатқан алма көшеттері Түркия елінен арнайы алынған. Ішінде «Голден және Ред дилишес», «Гала» деген ауданымыздың климатына қолайлы өсетін, тәтілігімен көпшіліктің көңілінен шыққан алма сұрттары бар.
Возможно, это изображение груша, яблоко и текст
Айта кетерлік, «Кентау» ЖШС бүгінгі таңда қарқынды алма бау көлемі 240 гектарға жетіп отыр. Қазіргі таңда, серіктестіктің 2 мың 2 жүз тонна алма сақтайтын қоймасы бар. Кәсіпкер қыс мезгілінде алмаға сұраныстың жыл санап артуына байланысты алдағы уақытта қосымша 2 мың 2 жүз тонналық салқындатқышы бар қойма салуды жоспарлап, сөйтіп, қыс мезгілінде 4 мың 4 жүз тоннаға дейін экологиялық тұрғыдағы таза Түлкібас алмасын сауда қатарларына жеткізуді көздеп отыр.
© Didarbek.kz

Пікір жазу