Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ – ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ҚОҒАМНЫҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ – ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ҚОҒАМНЫҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі Қожабекова Наталья Сұңғатқызы Қазығұрт ауданына арнайы іс-сапармен келді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 7 человек
Жұмыс сапары барысында аудан әкімдігінің мәжіліс залында мемлекеттік қызметшілермен, үкіметтік емес ұйым мүшелерімен, әлеуметтік қызметкерлермен, қоғамдық ұйым мүшелері және аудан тұрғындарымен кездесу өткізді. Аудан әкімінің орынбасары Серік Тұрсынқұловтың төрағалық етуімен өткен кездесудің күн тәртібінде адам құқықтары мен бостандығы тақырыбы көтерілді.
Возможно, это изображение 1 человек, отдел новостей и текст
Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі Наталья Сұңғатқызы жиында көтерілген тақырып бойынша заңнамаларды мысалға келтіре отырып, қоғамдағы азаматтардың құқықтарын айтып өтті.
Возможно, это изображение 12 человек и люди учатся
Жиынға қатысушы бірнеше қоғамдық ұйым өкілдері жарыссөздерге шығып, қазіргі уақытта орын алып жатқан бірнеше құқық бұзушылықтарды мысалға келтіре отырып өз пікірлерін білдірді. Ал, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға Қожабекова Наталья Сұңғатқызы жан-жақты жауап қатып, алдағы уақытта да мұндай жиындар көптеп өтетінін тілге тиек етті.
© Didarbek.kz

Пікір жазу