Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҚОҒАМДА ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ИММУНИТЕТ ҚАЛЫПТАСУЫ ҚАЖЕТ

ҚОҒАМДА ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ИММУНИТЕТ ҚАЛЫПТАСУЫ ҚАЖЕТ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сы­байлас жемқорлыққа қар­сы күрес мәселелері жөнін­де кеңес өткізіп, сыбай­лас жемқорлық жағдай­лары­ның саны әлі де азаймай тұрғанын атап көрсеткен болатын. Сондай-ақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сыбайлас жемқорлықпен толық жойылғанша күресуді тапсырды.
“Жемқорлықтың барлық түрімен ымырасыз күрес – мемлекетіміздің одан әрі дамуының басымдығы. Парақорлық, тамыр-таныстық, қоңырау шалу арқылы мәселе шешу және тағы басқа келеңсіздіктер жылдар бойы азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сеніміне селкеу түсіргенін білесіздер. Осы орайда халықтың әділдікке деген үміті азая бастады. Сондықтан менің сайлау алдында берген уәделерімнің бірі жемқорлықты түбірімен жойғанша ымырасыз күрес жүргізу болды. Бұл істе Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шешуші рөл атқарады. 2019 жылы маусымда құрылған сәттен бері аталған орган көптеген жұмыс атқарды. Оны мойындау керек. Жемқорлыққа қарсы күрес шараларының жүйесі белсенді дами бастады. Атап айтқанда, жаңа құқықтық институттар, өзіне бағынышты қызметкерлердің жемқорлық қылмысы үшін саяси және мемлекеттік тұлғалардың қызметтен кетуі, адалдыққа тексеріс, нормативтік-құқықтық актілерге жемқорлыққа қарсы жүргізілетін сараптама және тағы да басқа бастамалар осы санатқа кіреді. Олардың алғашқы нәтижелерін көріп отырмыз”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Осы бағытта  Тқлеби ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, оның тәуекелдерін жою жөніндегі мәжіліс өтті.

Төлеби ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы өтті. Мәжіліс басталмас бұрын аудан әкімі Төлеген Телғараев аудан активіне ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Төлеби ауданы бойынша бөлімшенің жаңа басшысы Жайлаубаев Сабит Нұралыұлы мен аудандық полиция бөлімінің басшысының бірінші орынбасары Сейдуалиев Мақсат Тойшыұлын таныстырды.

Жиынға аудан әкімі Төлеген Телғараев төрағалық етіп, күн тәртібінде қаралатын мәселелермен таныстырып, ҚР Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру іс -шаралар жоспарының орындалуы қаралды.
Басқосуда аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Асхат Раимбеков, Алатау ауылдық округінің әкімі Мадияр Құрбаналиев, Қасқасу ауылдық округі әкімінің орынбасары Мейіржан Дүйсебаев баяндама жасап, «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының орындалу барысын таныстырды.
Комиссия мүшелері тұжырымдама аясында атқарылған жұмыстарға баға беріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдерін ұстана отырып, қызмет етуге шақырды. Жиын барысында сала басшыларына қызмет барысында орын алған олқылықтарды түзетіп, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін күшейту, міндетін адал әрі нақты атқару қажеттілігі ескертілді. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес, ауданда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастырылып, құндылықтарды өзгерту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру жұмысын жандандыру тапсырылды.
Жиынды қорытындылаған комиссия төрағасы Төлеген Тұртайұлы қоғамда жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыруға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған әрбір істі нақты жүзеге асыруды тапсырды.

Пікір жазу