Шымкент қаласы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысында қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева қарттарды әлеуметтендіру бағытындағы атқарылған жұмыстарды баяндады, деп жазады didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Шымкентте қазір 93 407 зейнеткер бар. Оның 2-і ҰОС ардагері, 1767-і тыл еңбеккері. Зейнет жасындағы ардагерлердің санаторлық-курорттық сауықтырумен қамту үшін қалалық мәслихаттың шешімімен жыл сайын 5 000 ...
Толығырақ »Месячные архивы: Август 2024
ТҮРКІСТАНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
Түркістанның тазалығы – басты назарда. Осы ретте қаладағы 875 көше 3 кезекке бөлініп тазаланады. 1-кезектегі 112 көш күнделікті, 2-кезектегі 342 көше аптасына 2-3 рет, ал 3-кезектегі 421 көше аптасына 1 рет тазартылып отырады. Шаһардағы тазалық жұмыстары бойынша 2 мекеме қызмет атқарады. Олар «Түркістан – жарық тазалық» ЖШС және «Жасыл қала – green city» ЖШС. «Түркістан – жарық тазалық» мекемесі қаланың ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ЖАҢА САЯБАҚ АШЫЛДЫ
Түркістан қаласында Конституция күніне орай Бекзат тұрғын алабында қала тұрғындарының ұсынысына сай жаңа саябақ ашылды. Саябақтың ашылу салтанатына қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков, зиялы қауым өкілдері мен қалалық мәслихат депутаттары қатысып, Бекзат секторы тұрғындарының қуанышына ортақтасты. Салтанатты жиында сөз алған шаһар басшысы Нұрбол Әбдісаттарұлы мерейлі мереке Конституция күнімен жұртшылықты құттықтап, жылы лебізін білдірді. Мереке қарсаңында бірқатар азаматтар «Түркістан қаласына сіңірген еңбегі ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДА ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ҚАТЫСТЫ
Түркістан қаласында санитариялық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында мыңға жуық адамның қатысуымен ауқымды сенбілік өтті. Қала әкімінің бекітілген кестесіне сай ұйымдастырылған тазалық шарасына қала тұрғындары, эко-белсенділер, ерікті азаматтар қатысып, ортақ мекеннің көркеюіне үлестерін қосты. Тазарту жұмыстары шаһардағы І.Қожабаев, Кенесары, Шаяхметов, Ә.Рысбеков, Семей көшелері мен I-II мөлтек аудандарында жүргізілді. Нәтижесінде аталған аумақтар қураған шөптер мен күл-қоқыстардан тазартылды. 6 аумаққа бөлініп жиналған қоқыстарды ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ЖАҢА САЯБАҚ АШЫЛДЫ
Түркістан қаласында Конституция күніне орай Бекзат тұрғын алабында қала тұрғындарының ұсынысына сай жаңа саябақ ашылды,– деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Саябақтың ашылу салтанатына қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков, зиялы қауым өкілдері мен қалалық мәслихат депутаттары қатысып, Бекзат секторы тұрғындарының қуанышына ортақтасты. Жалпы аумағы 3 гектарды құрайтын саябақта тұрғындар мен қала қонақтарының тынығуына қолайлы жағдай жасалған. ...
Толығырақ »Қазығұртта «БОРЫШКЕР» профилактикалық іс-шарасы өтуде
Түркістан облысы Қазығұрт ауданы көлемінде «БОРЫШКЕР» профилактикалық іс-шаарасы өткізілуде. Іс-шаранның мақсаты аудан көлемінде анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша салынған әкімшілік айыппұлды ерікі түрде және мәжбүрлі түрде өндіру жұмысын жандандыру,борышкерлерге түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Шара барысында жеке сот орындаушылармен бірлескен жұмыстар атқарып, әкімшілік айыппұлды төлеуден жалтарып жүрген құқық бұзушыларды анықтап, олардан салынған әкімщілік айыппұлдарды толық өндіру жұмыстары жүргізілуде. Аудан тұрғындарының назарына , ...
Толығырақ »САЙРАМ: ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ БІЛІМ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНА БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗДІ
«АМАNAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қуаныш Адырбекұлының бастамасымен, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, фракция мүшесі Нұржан Жамалбеков, аудандық мәслихат депутаттары Сихимбай Сағындықов, Камолиддин Тажиев, Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Серік Ибадуллаев және Гуломжон Ирискельдиев, Қайнарбұлақ ауылдық округі, Әсіларық ауылына қарасты №49 Ш.Уалиханов атындағы ЖОМ күрделі жөндеу жұмыстарына бақылау жүргізді. №49 Ш.Уалиханов атындағы мектебі 2009 жылы мердігер «Югстройсервис» ЖШС пайдалануға берілген. ...
Толығырақ »Түркістан: 2025-жылы атқарылатын жұмыстар барысы сараланды
Бүгінгі лездемелік мәжіліс 2025-жылы атқарылатын жұмыстарға арналды. Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков секторлардағы өзекті мәселелерді саралап, даму жоспарына сәйкес, жоба құжаттарының дайындық сатысын тексерді. Келесі жылы облыс орталығында инфрақұрылым құрылысы толық аяқталған 77 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Жаңадан қоныстанған аумақтарда тұрғын үйлерді табиғи газбен қамтамасыз ету үшін 1 нысанға жобалау-сметалық құжат әзірленуде. Қазіргі таңда, халықты сапалы электр қуатымен ...
Толығырақ »БИЫЛ ТҮРКІСТАНДА 45 КӨШЕГЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛМЕК
Түркістан қаласында өткен жылдың қорытындысымен асфальт жолдардың үлесі 383,9 (45,4%) шақырымды құраған болатын. Сондай-ақ, соңғы 3 жылда шаһар аумағындағы топырақ жолдардың шешімі табылды. Жалпы қала аумағында 845 шақырымды құрайтын 875 көше бар. Биыл оның 50,8 шақырымды құрайтын 45 көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда 23,8 шақырымды құрайтын 20 көшенің орташа жөндеу жұмыстарына қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары бастау ...
Толығырақ »АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ҚАТЫСТЫ ҚОЙЫЛҒАН ТАЛАПТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Aудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің төрағалығымен жиын өтті,– деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аппарат мәжілісіне аудан әкімінің салалық орынбасарлары мен аудан әкімі аппаратының басшысы, ауылдық округтер мен кент әкімдері қатысты. Мәжілістің күн тәртібіндегі бірінші мәселе жылу беру маусымына дайындық шаралары талқыланды. Ол бойынша аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы ...
Толығырақ »АУДАН АУМАҒЫНДА МЕКТЕПТЕРДІҢ АҒЫМДАҒЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ САПАСЫ ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ БАҚЫЛАНУДА
2024 жылғы жаңа оқу жылына дайындық аясында аудан аумағында мектептерде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары аудан әкімі Арман Абдуллаевтың қатаң бақылауында және қадағалауды салаға жауапты әкім орынбасары А.Қозыбаевқа тапсырған болатын,– деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жөндеу жұмыстары сапалы әрі мерзімінде аяқталғанға дейін аудан әкімінің орынбасары А.Қозыбаев жұмыс кестесіне сәйкес мектептерде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының ...
Толығырақ »ФУТБОЛДАН АУДАН ЧЕМПИОНАТЫ ҚЫЗА ТҮСТІ
Ауданда футбол спортын дамыту мақсатында, биыл аудан әкімі Нұржан Ізтілеуовтың тапсырмасымен аудан чемпионаты бастау алған болатын,– деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түлкібас Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аталған турнирдің бірінші айналымы маусым айында аяқталып, ол жерде әр ауыл-аймақтардан құралған 12 команданың ішінен үздік шыққан 6 команда 2-ші айналымға өтіп, өзара мықтыны анықтауда. Олар: Арыс, Ақбиік, Келтемашат, Мичурин, Шақпақ және Рысқұлов ...
Толығырақ »ТЕМІР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ
2024 жылы 25 тамызда өткен Темір ауылдық округі әкімі сайлауының нәтижелеріне сәйкес, аудандық сайлау комиссиясының шешімімен Темір ауылдық округінің әкімі болып Ақарыс Жүсіпұлы сайланды,– деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Отырар Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Aудан әкімі Кайрат Жолдыбайұлы жаңадан сайланған лауазым иесін Темір ауылдық округі әкімдігінің активіне таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Кездесуде аудан басшысы ауылдың әлеуметтік — экономикалық ...
Толығырақ »ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
2024 жылдың 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Франция астанасы Парижде XXXIII жазғы Олимпиада ойындары өтті. Дүбірлі жарысқа 205 елден 10 мыңнан астам спортшы қатысып, 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығын сарапқа салды. Төрт жылдықтың басты додасында Қазақстан құрамасы сапынан 80 спортшы ел намысын қорғады,– деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Нәтижесінде, Төлеби ауданының тумасы ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАННЫҢ ДАМУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Oблыс әкімі Дархан Сатыбалды Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековті қабылдап, қаланың әлеуметтік экономикалық дамуы туралы есебін тыңдады,– деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыс орталығында жалпы өңірлік өнім көлемі биылғы 7 айда 196,4 млрд.теңгеге жетіп, өсім 9,5%-ды құрады. Инвестиция тарту мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда арнайы экономикалық аймағында 7 га жерге 200-ге тарта жаңа ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАР ДУБЛИНДЕГІ IGEO-2024 ОЛИМПИАДАСЫНДА ЖҮЛДЕЛІ БОЛДЫ
Биыл дәстүрлі халықаралық IGeO-2024 олимпиадасы Ирландия мемлекетінің Дублин қаласында өтті. Әлемнің 50 елінен келген 200-ге жуық қатысушының арасынан зияткерлер олжалы оралды,– деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Байқау нәтижесінде химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушылары Арсен Сыдыков пен Қанат Серікбай қола медаль иегерлері атанды. Айта кетейік, жақында Сербияның Капаоник қаласында өткен географиядан Х Еуропалық ...
Толығырақ »ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРҒА АЛЫНҒАН
Абай ауданы аумағындағы Қызылжар тұрғын алабының көпқабатты тұрғын үйлерінің тұрғындарымен кездесу өтті,– деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Абай Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары М.Ажедин, жауапты бөлім басшылары, тұрмыстық қалдықтарды тасымалдау қызметін көрсететін мекеме өкілі қатысып, тұрғындардың мәселелері бойынша атқарылатын жұмыстарды түсіндірді. Сондай-ақ, тұрғындардың көтеріп жүрген мәселесі бойынша 2024 жылдың қыркүйек айында Шардара, Ленин, Балқаш көшелеріне аяқ ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДА «ХАЛЫҚ БАНК» 500 БАЛАҒА МЕКТЕП СӨМКЕСІН ҮЛЕСТІРДІ
Түркістан өңірінде мектепке келетін 500 мыңға жуық балаларды мектеп формасы мен оқу құралдарын ата-аналар қолжетімді бағада алуы үшін және отандық өндірушілерді қолдау мақсатында барлық аудан, қалада «Мектеп жәрмеңкесі» ұйымдастырылып, өткізілуде. Аталған іс-шараға демеушілер де өз үлесін қосып, барынша атсалысып жатыр,– деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркістан қаласында «Мектепке жол» акциясына «Халық Банк» АҚ Түркістан ...
Толығырақ »2 ГЕКТАР СУАРМАЛЫ ЖЕР БЕРІЛІП, ЕГІН ЕГІП, АЛҒАШҚЫ ӨНІМІН АЛУДА
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Келес ауданының тұрғындарымен өткен кездесуінде Біртілек ауылдық округі, Аққорған елді мекенінің тұрғыны, көпбалалы ана Дилфуза Абдраимова атаулы әлеуметтік көмек алудан бас тартып, аймақ басшысынан 2 гектар суармалы жер сұраған болатын,– деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгінде көпбалалы анаға Келес ауданы аумағынан 2 гектар суармалы жер беріліп, егін егіп, алғашқы ...
Толығырақ »ПОЛИЦИЯ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АУДАНДАРЫНЫҢ БІРІНДЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ІС-ШАРАНЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Полиция құқық бұзушылықтарға қарсы «нөлдік төзімділік» қағидаты бойынша көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті сақтау мақсатында жоспарлы профилактикалық іс-шара өткізді,– деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Нәтижесінде, тәртіп сақшылары полиция бөліміне 27 адамды, оның ішінде 12 шетелдік азаматты жеткізді. Тұрғылықты жері бойынша 29 қару иесі және профилактикалық есепте тұрған 47 адам тексерілді. ...
Толығырақ »ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДА ІРІ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСПАҚ
Түркістан облысында әр ауданның өз брендін қалыптастыру бағытында жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, Түлкібас ауданында қарқынды бау көлемін көбейтуге ерекше мән берілуде. Аудандағы алма баулардың көлемі 3 мың гектарды құраса, соның 700 гектардан астамы – қарқынды бау. Биыл ауданда тағы 55 гектар жерге тамшылатып суару технологиясы енгізілген қарқынды алма бауы егілді. Бағбандармен кездескен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түлкібас ауданындағы Шақпақ ...
Толығырақ »RC СОLA СУСЫНДАРЫ ТҮЛКІБАСТА ШЫҒАРЫЛАДЫ
Әлемнің сүйікті алкогольсіз сусыны Түркістан облысында да шығарылады. Түлкібас ауданындағы RC Сola атауымен алуан түрлі ауыз су және хош иісі бар сусындар шығаратын «Beibarys Bottlers» ЖШС-і биыл іске қосылады деп жоспарлануда. Жаңа зауыт заманауи өндірісте қолданылатын көп сатылы су тазарту жүйесі судың мінсіз сапасына кепілдік береді. Су зауыт аумағында орналасқан тереңдігі 170 метр ұңғымалардан алынады. Итальяндық технологиямен тазартылады. Су сапасына ...
Толығырақ »ТҮЛКІБАСТА “КҮМІС ЖАС” БАҒДАРЛАМАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА
«Күміс жас» жобасы зейнеткерлік жасқа дейінгі жұмыссыз адамдар үшін арнайы әзірленген. Түлкібас ауданының экономикасы мен халықтың жағдайын жақсарту мақсатында ауданда жыл санап әртүрлі бағыттағы ірі әлеуметтік және кәсіптік нысандар бой көтеруде. Осы ретте, Майлыкент ауылдық округінің тұрғыны, Сатыбалдин Данислам Абенович 15.04.2024 жылы “Асанбаева Г.С.” жеке кәсіпкерлігіне күміс жас бағдарламасымен жұмысшы қызметіне жолданған. Қазіргі таңда тиісті жұмыстарын абыроймен атқаруда. «Күміс жас» ...
Толығырақ »ЛЕЗДЕМЕЛІК МӘЖІЛІСТЕ КӨКЕЙКЕСТІ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ
Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитовтің төрағалығымен лездемелік мәжіліс өтті. Күн тәртібінде көтерілген мәселелер бойынша Ақсукент ауыл округінің әкімі Мади Нұрлыбаев Ақсукент ауыл округінің әлеуметтік-экономикалық даму барысы туралы баяндады. Атап айтқанда, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың сандық көрсеткіштеріне тоқталды. Одан бөлек, Ақсу ауылы, Абылайхан көшесі бойында белгiленбеген орындарда сауда жасаушы азаматтармен жеке түсіндіру жұмыстары жүргізілгені жөнінде баяндады. Сондай-ақ, әлеуметтік-экономикалық саладан бөлек, ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН: 219 ТАПСЫРМАНЫҢ 190-Ы ОРЫНДАЛЫП, 27-І КЕЗЕГІН КҮТУДЕ
Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен өткен бүгінгі мәжілісте бұл жөнінде Құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Бексұлу Сүлейменова баяндады. Бұл тапсырмалар қала әкімінің шілде айында секторларда тұрғындармен өткен кездесуінде белгіленген болатын. Жауапты басшылар Инфрақұрылым және коммуникациялар бөліміне жүктелген 92 тапсырманың 11-нің, Құрылыс бөліміне жүктелген 24 тапсырманың 11-нің орындалу сатысына тоқталып, мерзімін қайта бекітуді сұрады. Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Олжас ...
Толығырақ »