«Күміс жас» жобасы зейнеткерлік жасқа дейінгі жұмыссыз адамдар үшін арнайы әзірленген.
Түлкібас ауданының экономикасы мен халықтың жағдайын жақсарту мақсатында ауданда жыл санап әртүрлі бағыттағы ірі әлеуметтік және кәсіптік нысандар бой көтеруде. Осы ретте, Майлыкент ауылдық округінің тұрғыны, Сатыбалдин Данислам Абенович 15.04.2024 жылы “Асанбаева Г.С.” жеке кәсіпкерлігіне күміс жас бағдарламасымен жұмысшы қызметіне жолданған. Қазіргі таңда тиісті жұмыстарын абыроймен атқаруда.
«Күміс жас» жобасына-2024 жылы ауданымызға 130 азаматқа ұйымдастыру жоспарланып. Осы жылдың басынан шілде айына дейін 130 адам жолданып, жылдық жоспар 100 пайызға орындалды. 50 жастан асқан жұмыссыз азаматтар қатыса алатындығын хабарлаймыз.
Былтыр 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде 15 148 адам «Күміс жас» жобасы бойынша жұмысқа орналастырылса, Түркістан облысы бойынша жасы 50-ден асқан 2000-нан аса адам осы жоба арқылы жұмыспен қамтылған. Жобаға қатысушылардың басым бөлігі Жетісай, Мақтаарал, Сайрам, Сарыағаш, Төлеби аудандары мен Түркістан қаласының тұрғындары.
Айта кетейік, аталған жоба өткен жылы зейнеткерлік жасқа дейінгі азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында қолға алынған еді. Зейнеткерлік жасқа толмаған адам кемінде 1 жыл мерзімге жұмыспен қамтылса, 58 жастан асқандарға зейнеткерлікке шыққанға дейін тұрақты жұмыс орындары ұсынылады. Жұмыскерге айлық мөлшерінің 30%-ын жұмыс беруші, ал, қалғанын мемлекет төлейді. 2023 жылы осы бағыт бойынша барлығы 14 295 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған болатын. Жобаға қатысу үшін мансап орталығына өтініш беру қажет.
Сондай ақ, «Күміс жас» жобасын қаржыландыруды еңбек мобильділігі орталығы жұмыс берушінің еңбекақы төлеуге жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеуге субсидиялар беру жолымен жүзеге асырады. Субсидиялардың мөлшері жұмыстың бірінші жылында жалақы мөлшерінің 70%-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын), екінші жылында 65%-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын), үшінші жылында 60%-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын) құрайды.
«Күміс жас» жобасына қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыс беруші зейнеткерлік жасқа толмаған адамды кемінде 1 жыл мерзімге, сондай-ақ, зейнеталды жастағы азаматты зейнеткерлікке шыққанға дейін тұрақты жұмыспен қамтуға міндетті.
«Күміс жас» жобасы 50 жастан асқан жұмыссыз адамдарды жұмысқа орналасуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартуға, әсіресе зейнетке дейінгі жастағы адамдарға арналған (зейнетақы жасына 2 жыл қалғанда).
2023 жылдың 1-ші қаңтарынан «Күміс жас» жобасына қатысу мерзімі бір жылдан үш жылға дейін ұзартылған.
Қолданыстағы ереже бойынша, жобаны жүзеге асыру мақсатында, зейнетке дейінгі жастағы адамдарды жұмысқа орналастыра отырып жалақысын субсидиялау арқылы, яғни жұмыспен қамту орталықтарының жолдамасы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған адамдардың еңбекақысын төлеу үшін қаражат шығынының бөлігін жұмыс берушіге өтеу арқылы, жұмыс берушімен жұмыс орындары ашылады.
50 жастан асқан жұмыссыз адамдардың жалақысын субсидиялау арқылы жұмысқа орналастыру үшін келесі тұлғаларға жұмыс орындарын ұйымдастыру көзделген:
— мүгедектігі бар адамдарға арналған жеке көмекшінің,
— әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, күтім бойынша әлеуметтік қызметкер.
Көп балалы немесе аз қамтылған еңбекке қабілетті мүшелер үшін, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған адамдар үшін үйде әлеуметтік жұмыс орындарын ашу қарастырылған.
«Күміс жас» жобасы бойынша жұмысқа орналасу үшін өтініш жұмыспен қамту орталығына беріледі және келесі құжаттар ұсынылады:
— жеке басын куәландыратын құжат;
— еңбек қызметін растайтын құжаттар (бар болса);
— білімі туралы құжат (бар болса).
Толық мәлімет алу үшін тұрғылықты мекен-жайы бойынша жұмыспен қамту орталығына хабарласу қажет.
“Күміс жас” жобасына қатысушылар үшін төленетін еңбекақы төлеуді жұмыс беруші еңбек шартында белгіленген мөлшерге сүйене отырып, нақты жұмыс істеген уақыты үшін ай сайын жүзеге асырады:
-Қатысудың алғашқы 12 айындағы жалақы мөлшері-70%, бірақ 30 АЕК-тен аспайды.
-13 айдан бастап 24 айға дейін жалақы мөлшерінен-65% бірақ 30 АЕК-тен аспайды.
-25 айдан бастап 36 айға дейін жалақы мөлшерінен-60% бірақ 30 АЕК-тен аспайды.
Міндетті шарт:бағдарлама аяқталғансоң тұрақты жұмыспен қамтылуы тиіс.
Толық ақпаратты: «Түлкібас аудандық мансап орталығы» филиалынан біле аласыз.
Мекен-жайымыз:Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов к-сі, 318
Тел: 8 (725 38) 52 864, 8 (725 38) 52 724