Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » 2 ГЕКТАР СУАРМАЛЫ ЖЕР БЕРІЛІП, ЕГІН ЕГІП, АЛҒАШҚЫ ӨНІМІН АЛУДА

2 ГЕКТАР СУАРМАЛЫ ЖЕР БЕРІЛІП, ЕГІН ЕГІП, АЛҒАШҚЫ ӨНІМІН АЛУДА

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Келес ауданының тұрғындарымен өткен кездесуінде Біртілек ауылдық округі, Аққорған елді мекенінің тұрғыны, көпбалалы ана Дилфуза Абдраимова атаулы әлеуметтік көмек алудан бас тартып, аймақ басшысынан 2 гектар суармалы жер сұраған болатын,– деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгінде көпбалалы анаға Келес ауданы аумағынан 2 гектар суармалы жер беріліп, егін егіп, алғашқы өнімін алуда.
– Облыс әкімінің кездесуінен кейін жергілікті әкімдік өкілдері сұранған жерімді рәсімдеуде қажетті сүйемелдеулерді көрсетті. Нәтижесінде 2 гектар суармалы жерге конкурс негізінде қол жеткізіп, бала-шағаммен бірге диханшылықпен айналысуды бастап кеттік. 1,5 гектарға қарбыз ектік. Қазіргі таңда 40 сотоктан 1000 штук қарбыз алып, саудаладық. Қалғанын алдағы уақытта сатылымға шығарамыз. Ал, қалған жарты гектар аумаққа картоп және пияз өнімдерін ектік, — дейді 11 баланың анасы.
Айта кетейік, Түркістан облысы тұрғындарына бүгінде түрлі бағытта қолдау көрсетіліп келеді. Өңір басшысы Дархан Сатыбалдының тікелей тапсырмасымен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасы түсіндіріліп, кәсіп бастағандар қатары көбеюде. Ал біразы жер алып, диқаншылықпен айналысуда.
© Didarbek.kz

Пікір жазу