2024 жылғы жаңа оқу жылына дайындық аясында аудан аумағында мектептерде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары аудан әкімі Арман Абдуллаевтың қатаң бақылауында және қадағалауды салаға жауапты әкім орынбасары А.Қозыбаевқа тапсырған болатын,– деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жөндеу жұмыстары сапалы әрі мерзімінде аяқталғанға дейін аудан әкімінің орынбасары А.Қозыбаев жұмыс кестесіне сәйкес мектептерде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының сапасын бақылап, мерзімінде әрі сапалы аяқталуы бойынша тиісті тапсырмалар мен ескертулер беруде.
Кезекті аралап көру үшін аудан әкімінің орынбасары А.Қозыбаев Жарты төбе ауылдық округіндегі №35 Б.Гафуров, Құркелес ауылдық округіндегі №39 Т.Айбергенов, №19 А. Оразбаев және Тегісшіл ауылдық округіндегі №30 С.Торайғыров мектептеріндегі жөндеу жұмыстарымен танысты.
Айта кетсек, бүгінгі таңда мектептердің ғимараттарында мердігер мекемелер тарапынан мектеп ғимаратының ішкі сынып бөлмелерін әрлеу, сырлау, жылу жүйесін жаңарту, мектептің сыртқы келбетін жаңарту, ішкі әжетханаларды орнату, мектеп ауласына асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Аудан басшысының орынбасары жөндеу жұмыстарын бақылап, аудандық білім бөліміне және мердігер мекемеге балалар білім алатын ғимараттағы жөндеу жұмыстары барысында тек қана сапалы материалдарды пайдалануды және жөндеу жұмыстарын оқу жылы басталғанға дейін аяқтауды жүктеді.
© Didarbek.kz