Aудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің төрағалығымен жиын өтті,– деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аппарат мәжілісіне аудан әкімінің салалық орынбасарлары мен аудан әкімі аппаратының басшысы, ауылдық округтер мен кент әкімдері қатысты.
Мәжілістің күн тәртібіндегі бірінші мәселе жылу беру маусымына дайындық шаралары талқыланды. Ол бойынша аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Дәулет Құдайбергенов хабарлама жасап, жұмыс барысына жан-жақты тоқталды.
Сонымен қатар, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ерлан Райымқұлов бөлімнің атқарған жұмыстары мен алда тұрған міндеттері жөнінде баяндады.
Аудан басшысы күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді. Бұған дейін жылуға қатысты қойылған талаптарды егжей-тегжейлі талқылап, жүктелген тапсырмаға немқұрайлы қараған жауаптылардың мәселесі қаралатынын қатаң ескертті.
© Didarbek.kz