Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЛЕЗДЕМЕЛІК МӘЖІЛІСТЕ КӨКЕЙКЕСТІ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

ЛЕЗДЕМЕЛІК МӘЖІЛІСТЕ КӨКЕЙКЕСТІ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитовтің төрағалығымен лездемелік мәжіліс өтті. Күн тәртібінде көтерілген мәселелер бойынша Ақсукент ауыл округінің әкімі Мади Нұрлыбаев Ақсукент ауыл округінің әлеуметтік-экономикалық даму барысы туралы баяндады.
Атап айтқанда, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың сандық көрсеткіштеріне тоқталды. Одан бөлек, Ақсу ауылы, Абылайхан көшесі бойында белгiленбеген орындарда сауда жасаушы азаматтармен жеке түсіндіру жұмыстары жүргізілгені жөнінде баяндады. Сондай-ақ, әлеуметтік-экономикалық саладан бөлек, алдағы уақытта қай өңірлерде құрылыс жоспарланып жатқанын жеткізді.
Келесі кезекте аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Баймырза Бейсембаев аудан аумағындағы жол саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар мен өзекті мәселелерге тоқталды. Соның ішінде, облыстық маңызы бар КХ-3 Көксәйек-Ақсу, Шаян-Мыңбұлақ жөндеу жұмыстары жүріп жатқан жол бойындағы инфрақұрылым жүйелерін жылжыту қажеттігін айтты.
Жиынды қорытындылаған аудан басшысы қозғалған мәселелерге қатысты бөлім басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеп, жүйелі жұмыстар жүргізу қажеттігін жеткізді.

Пікір жазу