«АМАNAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қуаныш Адырбекұлының бастамасымен, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, фракция мүшесі Нұржан Жамалбеков, аудандық мәслихат депутаттары Сихимбай Сағындықов, Камолиддин Тажиев, Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Серік Ибадуллаев және Гуломжон Ирискельдиев, Қайнарбұлақ ауылдық округі, Әсіларық ауылына қарасты №49 Ш.Уалиханов атындағы ЖОМ күрделі жөндеу жұмыстарына бақылау жүргізді. №49 Ш.Уалиханов атындағы мектебі 2009 жылы мердігер «Югстройсервис» ЖШС пайдалануға берілген. Жобалық қуаты 300 оқушы орынға арналған. 2020 жылы мектепті күрделі жөндеуден өткізу үшін ЖСҚ жобалық сметалық құжат ПСД жасалынып, мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысы алынған. Қазіргі таңда облыстық бюджет есебінен толық қаржыландырылып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер «Шамар Group». Келісім шарт қаржысы 610 362 919,0 теңге. Техникалық қадағалаушысы «АВТ&сompani» ЖШС. Келісім шарт қаржысы 18 734 928,9 теңгені құрайды. Мектептің құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес және сапалы орындалуда. Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың 31-ші тамыз айына дейін аяқталуда.
Келесі Жибек Жолы ауылдық округіне қарасты А.Бөкейхан атындағы ЖОМ жұмыс барысымен танысты. А.Бөкейхан атындағы мектебінің 300 орынға арналған қосымша ғимараты, асхана мен шеберхана ғимараттарын құрылыс жұмыстарын жүргізуге, Түркістан облыстық білім департаментіне ұсыныстар берілген. Бұл жөнінде қосымша мектеп ғимаратын салу бойынша, облыстық мәслихатының депутаты Нұржан Жамалбеков өз тарапынан тиісті жұмыстар жүргізетіндігін айтты. Бақылау жұмыстарына ауылдық округтерінің әкімдері, білім бөлімі және БАҚ өкілдері қатысты.