Абай ауданы аумағындағы Қызылжар тұрғын алабының көпқабатты тұрғын үйлерінің тұрғындарымен кездесу өтті,– деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Абай Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесуге аудан әкімінің орынбасары М.Ажедин, жауапты бөлім басшылары, тұрмыстық қалдықтарды тасымалдау қызметін көрсететін мекеме өкілі қатысып, тұрғындардың мәселелері бойынша атқарылатын жұмыстарды түсіндірді.
Сондай-ақ, тұрғындардың көтеріп жүрген мәселесі бойынша 2024 жылдың қыркүйек айында Шардара, Ленин, Балқаш көшелеріне аяқ жол салынатын болады.
Ал, 2025 жылы көпқабатты тұрғын үйлердің 8 ауласына ойын алаңшаларын салу жоспарланған.
Жарықтандыру және көгалдандыру мәселелері алдағы уақытта кезең кезеңімен шешімін табатын болады.
Сонымен қатар, қоқыс мәселесі бойынша бекітілген кестеге сәйкес, “Бастау-03” ЖШС тарапынан күнделікті алып отыру қажеттілігі айтылды.
© Didarbek.kz