Бүгінгі таңда экономиканың барлық салаларында энергияны үнемдеу мен энергияның тиімділігін арттыруда энергетикалық, экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешу маңызды болып табылады. Осыған орай Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қалаға жылу энергиясын беру, бөлу және онымен жабдықтау қызметін көрсететін «Қуатжылуорталық-3» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен бірлесе баспасөз турын өткізді. Республикалық маңызы бар қалада өткізілген бұл ...
Толығырақ »Месячные архивы: Август 2024
ТҮРКІСТАНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ: ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ҰЛЫҚТАЛЫП, «САФ АЛТЫН АРЫСТАР» КӨРІНІСІ САХНАЛАНДЫ
«Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясындағы Түркістан қаласының мәдениет күндеріне орай, Түркістан «Халық театры» «САФ АЛТЫН АРЫСТАР» көрінісін сахналады. Сондай-ақ, мәдени шарада қала тұрғындары мен қонақтары арқан тарту, қазақша күрес, асық ату, ләңгі тебу, қошқар көтеру, тоғызқұмалақ сияқты ұлттық спорт түрлерінен сайыста бақ сынады. Жиында сөз алған Түркістан қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қадырболат Мұсағалиев мәдени шараға қатысушыларға ...
Толығырақ »АРМАН СӘБИТОВ: «ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚОЗҒАЛҒАН МӘСЕЛЕЛЕР НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ»
Әдеттегідей әр аптаның сәрсенбісінде өтетін Сайрам ауданының әкімі Арман Сабитовтің тұрғындарды жеке қабылдауы бүгін тағы жалғасты. Тікелей қабылдауға алдын ала жазылған азаматтар өздерін толғандырып жүрген мәселелерін жеткізді. Қабылдауда тұрғындардың бірі кәсіпкерлік мақсаттағы жер телімін заңдастыру туралы өтінішін білдірді. Аудан басшысы аталған мәселенің мән-жайын анықтау мақсатында аудандық тіркеу және кадастр бөлімі қызметкерлеріне жүгіну қажеттігін айтты. Тағы бір тұрғын ескі жылыту қазандығының ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДА САПАЛЫ КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталықтың көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында құрылыс жұмыстары қарқынды атқарылып жатыр. Қазіргі таңда 36-шы көшенің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталған көше пайдалануға берілген соң, Б.Саттарханов көшесі мен әкімшілік-іскерлік орталығындағы 9-шы және 11-ші көшелердегі көлік кептелістерін азайтып, әкімшілік-іскерлік орталығы мен Түркістан әуежай жолын байланыстыратын болады. Бүгінде аталған көшенің негізгі қабаттары төселіп, асфальт жабындысын салу жұмыстары басталды. Аталған көшенің құрылыс жұмыстарының ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫ 1 МЛН 200 МЫҢНАН АСТАМ ЖОЛАУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
Түркістан халықаралық әуежайы 2020 жылдың 1 желтоқсаны іске қосылған күннен бастап қазіргі таңға дейін 1 204 351 жолаушыға қызмет көрсеткен. Ал, 2024 жылдың 7 айында әуежай арқылы 166 мың жолаушы қатынаған. Оның ішінде халықаралық рейстерде – 45,7 мың жолаушы, ішкі рейстерде – 120,6 мың жолаушы. Қазіргі уақытта Түркістан халықаралық әуежайында 3 халықаралық (Ыстамбул, Кувейт, Әбу-Даби) және 6 ішкі (Астана, Алматы, ...
Толығырақ »«ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ»: ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ БАСТАЛДЫ
Бүгін «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Түркістан қаласының мәдени күндері басталды. Мерекелік шараға Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков арнайы қатысты. Этно-ауыл аумағында Түркістан қаласының өнерпаздары ұмыт болып бара жатқан көне ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сахналап, кимешекті әжелер тобы «Ауылдың алты ауызын» шырқады. «Яссы» халықтық этно-фольклорлық және би ансамблінің концерті көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ, «Түркістан мұрасы» тақырыбымен қылқалам, қолөнер ...
Толығырақ »ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ОРМАН ЖӘНЕ ДАЛА ӨРТІНІҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕТУДІ ТАПСЫРДЫ
Төтенше жағдайдың алдын алу қай кезде де күн тәртібінен түспейтін маңызды мәселе. Мәселең, биыл жыл басынан бері аудандық Төтенше жағдайлар бөліміне орман және дала өрттеріне қатысты 147 хабарлама түсіп, 42 рет арнайы жасақ шыққан. Нәтижесінде, өрт дер кезінде ауыздықталған. Бұл туралы Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуовтың төрағалығымен өткен жиында аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы А.Қоқыров мәлімдеді. Сонымен қатар, ...
Толығырақ »Түлкібас: аудандағы құрылыс және жол саласына қатысты атқарылып жатқан жұмыстар бақылауда
Бүгін Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов жауапты мамандармен бірге ауданның шығыс шекарасында орын тепкен Шақпақ ауылдық округіне табан тіреп, ол жердегі құрылыс және жол саласына қатысты атқарылып жатқан жұмыстар барысын бақылады. Бірінші кезекте, шығыс қақпадағы облыс атауы жазылған стеллада болып, бүгінгі жағдайымен танысты. Нысандағы орын алған кемшіліктерді тізбектеп, ауыл әкіміне тез арада демеушілер есебінен ретке келтіру бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. ...
Толығырақ »ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ БАЗАР АУМАҒЫН РЕТКЕ КЕЛТІРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Бүгін Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов орталық базардың иелерімен кездесіп, ретсіз сауда нүктелерін жою және ол жердегі санитарлық-тазалық жұмыстар бойынша жиын өткізді. Жиынға аудандық полиция, округ әкімдігі және басқа да құзырлы органдардың өкілдері қатысып, ретсіз сауданы ретке келтіру, қызыл сызыққа шығып кеткен нысандарды жою және санитарлық-тазалыққа қатысты атқарылып жатқан жұмыстар бойынша баяндамалар жасалды. Басқосуды қорытындылаған аудан әкімі, орталық базар аумағындағы ...
Толығырақ »Түркістан: мөлтек ауданның сәулеттік келбетін қалыптастыру жайы талқыланды
Бүгін Түркістан қаласының Ә.Жангелдин көшесіндегі жол жөндеу жұмыстарын кезекті рет тексеруге барған қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков мердігерге соңғы рет ескерту жасады: — Кәріз жүйесінің құбырларын көмуді өткен аптаның соңына дейін аяқтаймын деген уәдеңіз қайда? Сөз берген кезде сіз өз мүмкіндіктеріңізді есепке алғаныңыз белгілі. Біз келістік. Кешігуіңіздің себебін сұрамаймын. Дегенмен, жол құрылысы 10 күнде аяқталмаса, заң аясында тиісті шара қабылдайтынымызды ескертемін, ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ СУ ТАСҚЫНЫМЕН КҮРЕСТЕ ЕЛЕУЛІ ҮЛЕС ҚОСҚАН САРБАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ
Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясының фракция жетекшісі Азат Перуашев халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайымен, тұрмыс-тіршілігімен жақынырақ танысу үшін Шымкент қаласына сапары аясында бірнеше нысандарды аралады, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Халық қалаулысы сапарын №35748 әскери бөлімінде бастады. Оған себеп, елімізде орын алған табиғи апаттардың алдын алу мақсатында аянбай еңбегімен үлес қосқан азаматтарымыздың еңбектерін айшықтап, құрмет көрсету мақсатында «Ақ жол» ...
Толығырақ »ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы базасында қала халқымен кездесіп, тұрғындардың мәселелерін тыңдады. Денсаулық сақтау бірінші вице-министрінің жұмыс сапары аясында халықпен кездесулер, азаматтарды жеке қабылдау және БАҚ өкілдеріне баспасөз-брифинг өткізу жоспарланған. Т.Сұлтанғазиев қала тұрғындарымен кездесуде медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін күшейту, қоғамдағы дәрігерлер мәртебесін нығайту, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жақсарту, кадр саясаты бағытындағы жұмыстардан хабардар етті. Қазіргі ...
Толығырақ »«АҚ ЖОЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ІС-САПАРМЕН ШЫМКЕНТТЕ
«Ақ жол» партиясының төрағасы «Жайлы мектеп» жобасы аясында Шымкент қаласындағы «Нұртас» шағын ауданында салынып жатқан 2000 орындық білім ордасының құрылыс барысымен танысты. Жалпы, ұлттық жоба аясында салынып жатқан барлық мектептер заманауи оқу жабдықтарымен және жиһаздармен қамтамасыз етіледі. Ыңғайлы мектептердің жобалары қауіпсіз білім беру ортасын құруға бағытталған және мүмкіндігі шектеулі балаларға да бейімделген. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары үшін жеке кіреберістері, ...
Толығырақ »АПВ-ҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНА — ӘЙЕЛ ДЕНСАУЛЫҒЫ ҮШІН МАҢЫЗДЫ
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Еуропалық Одақ делегациясының қолдауымен Шымкент қаласында «Өзгерістер жолында: жатыр мойны қатерлі ісігін жою мақсатында АПВ-ға қарсы вакцинация саласындағы әйелдер көшбасшылығының маңыздылығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жатыр мойны қатерлі ісігінің алдын алу, оның ішінде АПВ-ға қарсы вакцинацияны көпшілікке маңыздылығын түсіндіру мақсатында болған жиынға ҚР ДСМ өкілдері, Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты мекеме ...
Толығырақ »В Палате предпринимателей прошел семинар по туризму
В Палате предпринимателей Шымкента прошел семинар, посвященный развитию туризма в третьем мегаполисе. В мероприятии, организованном туристско-информационным центром «Визит Шымкент» и Палатой предпринимателей, приняли участие сотрудники центра и Палаты, представители государственного национального природного парка «Сайрам-Угам», этнографы, руководители турагентств, гиды и специалисты отраслевых управлений. По словам заместителя руководителя туристско-информационного центра «Визит Шымкент» Багдата Пардабай, цель семинара – улучшение качества гостеприимства и обслуживания ...
Толығырақ »Кәсіпкерлер палатасында туризм бойынша семинар өтті
Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында үшінші мегаполистегі туризмді дамытуға арналған семинар өтті. «Визит Шымкент» туристік-ақпарат орталығы мен кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған іс-шараға орталық және Палата қызметкерлері, «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің өкілдері, этнографтар, турагенттіктердің жетекшілері, гидтер мен салалық басқарма мамандары қатысты. «Визит Шымкент» туристік-ақпарат орталығы басшысының орынбасары Бағдат Пардабайдың айтуынша, семинардың мақсаты – Шымкентке қыдырып келетін туристерді, әсіресе, шетел азаматтарын қарсы алып, ...
Толығырақ »ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА БИЫЛ 4 ЕЛДІ МЕКЕНДЕ ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Түлкібас ауданында Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында көп жылдан бері аймақта өзекті болып келген медицина саласындағы түйіткілді мәселелер шешімін тауып келеді. Мәселен, соңғы жылдары аудан орталығынан шалғай жатқан Келтемешат, Рысқұл, Ақбиік және Шұқырбұлақ елді мекендерінде заманауи жаңа медициналық емханалар құрылып ел игілігіне берілді. Онда жалпы дәрежелі дәрігер, фельдшер және медбике сынды мамандар халыққа қызмет көрсетіп келеді. Бұдан бөлек обиыл өңірдегі Абайыл, ...
Толығырақ »САЙРАМ: АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ БІРҚАТАР ТҮЙТКІЛДІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитовтің төрағалығымен аппараттық лездемелік мәжіліс өтті. Жиынға тиісті сала және дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты. Күн тәртібінде 2024-2025 жылдар аралығындағы жаңа оқу жылына дайындық барысы және ауыл округтеріндегі абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары туралы облыс, аудан әкімінің хаттамалык тапсырмаларынын орындалу барысы туралы мәселелер талқыланды. Алдымен Сайрам аудандық білім бөлімінің басшысы Бауыржан Ахметов биылғы ...
Толығырақ »САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ АУДАНДАҒЫ АБАТТАНДЫРУ, ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫН ҚАДАҒАЛАДЫ
Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов тиісті тұлғалармен бірге аудан аумағындағы құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан бірқатар нысандардың жұмыс барысымен танысты. Аралау барысында алдымен Ақсукенттің орталығында орналасқан Дендросаябақтағы құрылыс жұмыстарының сапасын тексерді. Бұдан кейін Жібек жолы көшесінің бойындағы инженерлік инфрақұрылым және абаттандыру құрылыс жұмыстарының барысын бақылауға барды. Аралау барысында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын қадағалады. Бүгінгі таңда «Технический надзор» ЖШС-ның техникалық қадағалауындағы «Сақ-Құрылыс» ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДА «БІР АУЫЛ — БІР ӨНІМ» ӨҢІРЛІК КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Түркістан қаласы Ясауи кесенесі маңындағы Этноауыл кешенінде облыстың 40-қа жуық кәсіпкері өз өнімін көпшілік назарына ұсынып, өзара мықтыны анықтады . Басты талап — өнім жергілікті шикізаттан өндірілуі және де сақтау мерзімі 5 күннен кем болмауы тиіс. Көрмеде қолөнер шеберлерінің өнімдерімен қатар, бал, құрт, кептірілген жеміс-жидектер, сүт пен кондитерлік өнімдер, жартылай фабрикаттар, сабын және тағы басқа тауарлар қойылды. Арнайы құрылған комиссия ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН: ЭКОБАЗАРДА «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ЖӘРМЕҢКЕ ӨТТІ
Бүгін «Экобазар» кешенінде Түркістан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы аясында жәрмеңке өтті. Жәрмеңкеге жергілікті 26 кәсіпкер қатысты. Сондай-ақ жәрмеңкеге қойылған кеңсе құралдары, балалардың мектеп сөмкелері, формалары мен аяқ киімдерді қолжетімді бағада тұрғындарға ұсынылды. Шараның негізгі мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде мектеп тауарларын нарықтық бағадан төмен бағада сатып алуға жағдай жасап, дайындықты жеңілдетуге бағытталған. Айта кетейік, шара екі ...
Толығырақ »Апталық мәжілісте анықталған кемшіліктердің орындалуы сараланды
Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен өткен бүгінгі аппараттық мәжілісте өткен аптада анықталған кемшіліктердің орындалуы сараланды. Бүлінген аяқжолдар мен қоршаулар, істен шыққан автоматты суғару жүйелері ретке келтіріліп, арық-атыздар тазаланған. Қала әкімінің Жаңа қала аумағын аралау барысында берілген тапсырмаларға сәйкес, жауапты мамандар көпқабатты үйлердің қасбетін реттеу мақсатында 990 салқындатқыш құрылғыларының қосалқы қорабын бірдейлендіріп, қайта орнатылуын қамтамасыз еткен. Тұрғындарға желдеткіш орнату барысында ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДА ЭСТРАДА ЖҰЛДЫЗДАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН КЕЛЕС АУДАНЫНЫҢ КОНЦЕРТІ ӨТТІ
Түркістанда «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясындағы Келес ауданының мәдениет күндері өз мәресіне жетті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мерекелік жиында Келес ауданы әкімінің міндетін атқарушы Дәурен Сариев сөз сөйлеп, фестивальдің маңызына тоқталды. Аудан жетістігіне тоқталып, келген көрерменге алғысын жеткізді. Шара барысында Сержанәлі Әлібек, Әділет Жауғашар және Серік Ибрагимов пен Әбіджаппар Әлқожа сынды ...
Толығырақ »ЖЕТІСАЙДА ЗАМАНАУИ СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
Жетісай ауданына қарасты Асықата кентінде заманауи стандарттарға сай спорт кешені бой көтеруде, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгінде тұрғындар арасында бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлуінің нәтижесінде жер-жерлерде спорт нысандары бой салынып, спортты жанына серік етушілерде күн санап артып келеді. Заманауи орталық негізінен қимыл-қозғалыстың тездігі, шабуылдың шапшаңдығымен ерекшеленетін спорттың түрі үстел теннисін ауданда ...
Толығырақ »«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Тұран ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен 8 шағын ауданында сенбілік өткізілді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Тұран Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сенбілікке коммуналдық мекемеден 200-ге жуық адам, 10-ға жуық техника тартылып, көп қабатты тұрғын үйлердің үй басқарушылары және де тұрғындары сенбілікке қатысты. Нәтижесінде 50 тоннадан астам қоқыстар Ақтас полигонына шығарылды. © Didarbek.kz
Толығырақ »