Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АРМАН СӘБИТОВ: «ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚОЗҒАЛҒАН МӘСЕЛЕЛЕР НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ»

АРМАН СӘБИТОВ: «ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚОЗҒАЛҒАН МӘСЕЛЕЛЕР НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ»

Әдеттегідей әр аптаның сәрсенбісінде өтетін Сайрам ауданының әкімі Арман Сабитовтің тұрғындарды жеке қабылдауы бүгін тағы жалғасты. Тікелей қабылдауға алдын ала жазылған азаматтар өздерін толғандырып жүрген мәселелерін жеткізді.
Қабылдауда тұрғындардың бірі кәсіпкерлік мақсаттағы жер телімін заңдастыру туралы өтінішін білдірді. Аудан басшысы аталған мәселенің мән-жайын анықтау мақсатында аудандық тіркеу және кадастр бөлімі қызметкерлеріне жүгіну қажеттігін айтты.
Тағы бір тұрғын ескі жылыту қазандығының ғимаратын тұрғын үй мақсатында рәсімдеу бойынша базынасын білдірді. Мәселені мұқият тыңдаған аудан басшысы заң талаптарына сәйкес, тиісті түсіндірмелер берді. Бұдан бөлек, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі мамандары тұрғын үй кезегінің бірыңғай базасында тіркелу тәртібін түсіндірді. Аталған мәселе толыққанды шешімін табуы үшін аудандық тіркеу және кадастр бөлімі тарапынан зерделеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Сонымен қатар, кездесуде тұрғындардың бірі дүңгіршек орнату бойынша қажетті жер телімін сұрады. Бұл мәселе бойынша заң шеңберінде тиісті түсіндірмелер берілді.
Қозғалған сауалдарға қатысты заң аясында жауаптар беріліп, сала басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.
Барлық сұрақтар бақылауға алынып, хаттамаға енгізілді.

Пікір жазу