Тұран ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен 8 шағын ауданында сенбілік өткізілді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Тұран Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сенбілікке коммуналдық мекемеден 200-ге жуық адам, 10-ға жуық техника тартылып, көп қабатты тұрғын үйлердің үй басқарушылары және де тұрғындары сенбілікке қатысты. Нәтижесінде 50 тоннадан астам қоқыстар Ақтас полигонына шығарылды.
© Didarbek.kz