Түркістан қаласы Ясауи кесенесі маңындағы Этноауыл кешенінде облыстың 40-қа жуық кәсіпкері өз өнімін көпшілік назарына ұсынып, өзара мықтыны анықтады . Басты талап — өнім жергілікті шикізаттан өндірілуі және де сақтау мерзімі 5 күннен кем болмауы тиіс. Көрмеде қолөнер шеберлерінің өнімдерімен қатар, бал, құрт, кептірілген жеміс-жидектер, сүт пен кондитерлік өнімдер, жартылай фабрикаттар, сабын және тағы басқа тауарлар қойылды. Арнайы құрылған комиссия мүшелері отандық тауар өндірушілердің өнімдерін бағалап, үздіктерді анықталды.
Көрме-жәрмеңке «Мен Кәсіпкермін» кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында ұйымдастырылды. Іс-шара мақсаты — кәсіпкерлерге өз өнімдерін экспортқа шығаруға көмектесу. Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ербол Әуелбековтің айтуынша, ең мықты 3 кәсіп иесі аймақ атынан республикалық көрмеге қатысуға мүмкіндік алады.