Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ОРМАН ЖӘНЕ ДАЛА ӨРТІНІҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕТУДІ ТАПСЫРДЫ

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ОРМАН ЖӘНЕ ДАЛА ӨРТІНІҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕТУДІ ТАПСЫРДЫ

Төтенше жағдайдың алдын алу қай кезде де күн тәртібінен түспейтін маңызды мәселе. Мәселең, биыл жыл басынан бері аудандық Төтенше жағдайлар бөліміне орман және дала өрттеріне қатысты 147 хабарлама түсіп, 42 рет арнайы жасақ шыққан. Нәтижесінде, өрт дер кезінде ауыздықталған.
Бұл туралы Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуовтың төрағалығымен өткен жиында аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы А.Қоқыров мәлімдеді.
Сонымен қатар, бөлім басшысы шомылу маусымы кезіндегі атқарылған жұмыстарды да қамтып өтті.
Бұдан бөлек, лездемелік жиында орталық базар аумағындағы ретсіз сауда нүктелерін ретке келтіру, ауыл-аймақтың санитарлық тазалық мәселесі қаралды.
Ағымдағы жылдың 8 айында орталық базар аумағына арнайы құрылған комиссия тарапынан 20-дан астам рейттік шаралар ұйымдастырылып, нәтижесіне 30 рет кәсіпкерлерге ескерту жасалып, 15 саудагерге айыппұл салынған. Дегенмен, бұл ескертулер өз тиісті нәтижесін бермей отыр.
Баяндамашыларды толық тыңдап болған соң, Нұржан Жақсылықұлы орталық базар аумағындағы ретсіз сауданы түбегейлі жою және сол аумақтың тазалығын реттеу мақсатында жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеп, нысан иелерімен қосымша жианалыс өткізетіндігін тілге тиек етті.
Ауыл-аймақтың тазалығы күн тәртібінен еш қашан түспейтіндігін айтып, аппарат инспекторларының елді мекендерді аралау барысындағы анықталған кемшіліктерді жоюға апта соңына дейін ауыл әкімдеріне мерзім белгіледі.
Орман және дала өртінің алдын алу және шомылу маусымы кезінде қауіпсіздік шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын жандандыруды тапсырып, өрт шыққан жағдайда жауаптыларға тәулігіне 24 сағат тілсіз жауды ауыздықтауға дайын тұру керектігін ескертті.

Пікір жазу