Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ СУ ТАСҚЫНЫМЕН КҮРЕСТЕ ЕЛЕУЛІ ҮЛЕС ҚОСҚАН САРБАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ СУ ТАСҚЫНЫМЕН КҮРЕСТЕ ЕЛЕУЛІ ҮЛЕС ҚОСҚАН САРБАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясының фракция жетекшісі Азат Перуашев халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайымен, тұрмыс-тіршілігімен жақынырақ танысу үшін Шымкент қаласына сапары аясында бірнеше нысандарды аралады, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Халық қалаулысы сапарын №35748 әскери бөлімінде бастады. Оған себеп, елімізде орын алған табиғи апаттардың алдын алу мақсатында аянбай еңбегімен үлес қосқан азаматтарымыздың еңбектерін айшықтап, құрмет көрсету мақсатында «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясының бастамасымен «Апатпен Күрескені Үшін» деген арнайы төсбелгі әзірленген болатын.
Осыған орай, Азат Тұрлыбекұлы бастаған «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясының өкілдері су тасқыны кезінде Атырау облысы Есбол, Еңбекшіл, Ақжайық, Ақтоғай елді мекендерінде су тасқынымен күресуде елеулі үлес қосқан Шымкент қаласы №35748 әскери бөлімінің сарбаздарын марапаттады.
– Ел басына күн туғанда жұмыла жұдырық бола білдік. Бірнеше апта бойы құтқарушылар, полиция қызметкерлері, әскерилер, еріктілер, медицина қызметкерлері және басқалар күндіз-түні қиын жағдайда жерлестеріне көмектесу үшін аянбай еңбек етті. Қиын кезде еліміздің әрбір тұрғыны бірліктің, жанашырлықтың және бір біріне деген қамқорлықтың жарқын үлгісін көрсете білді. Бүгінгі мына жас сарбаздарға Атырау облысының алғысын арқалап келіп қалдық. Сарбаздар құм салған қаптарды төсеп, жағалауды нығайиу жұмыстарымен айналысты. Соғылған бекеттердің арқасында 20 мыңнан астам тұрғыны бар 14 елді мекенді су басудан амна алып қалуға мүмкіндік туды, – дейді Атырау облыстық мәслихатының депутаты Қайырбек Баймұратов.

Пікір жазу