Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов тиісті тұлғалармен бірге аудан аумағындағы құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан бірқатар нысандардың жұмыс барысымен танысты. Аралау барысында алдымен Ақсукенттің орталығында орналасқан Дендросаябақтағы құрылыс жұмыстарының сапасын тексерді.
Бұдан кейін Жібек жолы көшесінің бойындағы инженерлік инфрақұрылым және абаттандыру құрылыс жұмыстарының барысын бақылауға барды. Аралау барысында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын қадағалады.
Бүгінгі таңда «Технический надзор» ЖШС-ның техникалық қадағалауындағы «Сақ-Құрылыс» ЖШС мекемесі тарапынан абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Аудан әкімі Арман Сәбитұлы жауапты тұлғаларға құрылыс жұмыстарын сапалы, әрі уақытылы жүргізуді жүктеді.
Соынмен бірге, аудан әкімі Арман Сәбитов жауапты сала басшыларымен бірге Ақсу ауылы, Абылайхан көшесіндегі абаттандыру жұмыстарының барысы жайлы жиын өткізді.
Жиын барысында «Ынтымақ» саябағын қайта құру және «Арбат» құрылыс нысаны жиектерін жасыл желекке жамылдыру мәселелерін талқылады.
Өз кезегінде, тиісті сала басшылары аталмыш орындарды абаттандыру, көшелерді көгалдандыру және инфрақұрылымдық желілердің тартылуы туралы жоспарларымен бөлісті.
Сонымен қатар, тиісті тұлғалар Ақсукент ауылындағы Абылай хан көшесін абаттандыру (инженерлік желілер) бойынша құрылыс жұмыстары жайлы баяндады.
Жиынды қорытындылаған аудан басшысы жауапты мердігер мекеме өкілдеріне жұмыстың сапасына айрықша көңіл бөлу қажеттігін және жұмыс барысын үнемі бақылауда ұстайтынын айтты.