Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Түлкібас: аудандағы құрылыс және жол саласына қатысты атқарылып жатқан жұмыстар бақылауда

Түлкібас: аудандағы құрылыс және жол саласына қатысты атқарылып жатқан жұмыстар бақылауда

Бүгін Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов жауапты мамандармен бірге ауданның шығыс шекарасында орын тепкен Шақпақ ауылдық округіне табан тіреп, ол жердегі құрылыс және жол саласына қатысты атқарылып жатқан жұмыстар барысын бақылады.
Бірінші кезекте, шығыс қақпадағы облыс атауы жазылған стеллада болып, бүгінгі жағдайымен танысты.
Нысандағы орын алған кемшіліктерді тізбектеп, ауыл әкіміне тез арада демеушілер есебінен ретке келтіру бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Ауқымды қаржыны қажет ететін жұмыстарға арнайы құжаттарды дайындауды тапсырып, өңіріміздің шығыс шекарасын айқындап тұрған нысан айналасының тазалығына қатысты ескертулер жасап, ретке келтіру керектігін атап өтті.
Содан соң, Нұржан Жақсылықұлы Шақпақ-баба елді мекенінің ішіндегі өткен жылдан өтпелі болып, мердігердің салғырттығынан кейінге қалып кеткен Айманбетов, Сапаров және Шүкіров көшелеріне арнайы барып, сол жерде жауапты мердігер мекеменің өкілімен кездесті.
Кездесуде, мекеме өкіліне асфальт жабындысы түспеген көшелерді тез арада ретке келтіру бойынша ескертулер жасап, жауапты бөлім мен ауыл әкіміне қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.
Келесі кезекте, аудан басшысы Шақпақ-баба және Абайыл елді мекендеріндегі жаңадан бой көтеріп жатқан медициналық тіректердің құрылыс алаңында болып, атқарылып жатқан жұмыстар барысын бақылады. Жауапты мердігерге ауа-райының қолайлы шағын пайдаланып, нысанның іргесін көтеру, шатырын жабу және ауласын абаттандыру секілді жұмыстарды қарқындату керектігін ескертті.
Айта кетерлік, биыл аудан аумағындағы Абайыл, Тастыбұлақ, Мақталы және Шақпақ-баба елді мекендерінде заманауи медициналық нысандар бой көтеруде. Нысандар жыл соңына дейін толық аяқталып, ел игілігіне пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Пікір жазу