Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды.
Түркістан облысы, Түлкібас ауданының әкімі Н.Тұрашбековтың 2018 жылғы 20 қыркүйектегі №239 өкіміне сәйкес, Күзембаев Ерлан Бақытжанұлы Түлкібас ауданы Састөбе поселкесі әкімінің қызметінен босатылып, Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары қызметіне 2018 жылдың 21 қыркүйегінен бастап тағайындалды.
Күзембаев Ерлан Бақытжанұлы 04.09.1984 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Білімі жоғары 2006 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, 2009 жылы Тараз мемлекеттік университеті, 2013 жылы Жамбыл гуманитарлық техникалық универитетін тамамдаған. Отбасылы. 3 ұл 1 қыз тәрбиелеп отыр.
Е.Күзембаев еңбек жолын «Казпромгеофизика» АҚ-ның Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының инженер геофизигі болып бастаған. Одан кейін, «Оңалту сауықтыру кешені» Ақсу-Жабағылы ЖШС-нің маркетинг бойынша директор орынбасары, «Кәсіпкерлікке қызмет көрсету орталығы» ЖШС-нің Түлкібас ауданындағы өкілдігінің бас менеджері, Түлкібас ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы, Түлкібас ауданы Балықты ауылдық округі әкімінің орынбасары, Түлкібас ауданы Түлкібас ауданы Састөбе поселкесінің әкімі қызметтерін атқарған.